Просмотр содержимого документа
«Махамбет о?улары»
Мектепішілік «Махамбет оқуларының» бағдарламасы
Байқаудың негізгі мқсаты мен міндеттері:
-Мектеп оқушылары арасында Махамбет шығармаларын насихаттау;
-Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
-Оқушыларды Махамбет поэзиясына, дауылпаз ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын ізгілікке, демократия және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдар мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!
Махамбет
Махамбет…
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?
Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр,өр рухты ақын М.Өтемісұлы ерліктің символы,қасіреттің синонимі іспеттес. От ауызды сөз шебері,батырлығы,даналығы мен адамгершілігі арқасында халық арасында даңққа бөленген Махамбет өлеңдері ,күйлері,әндері,ерлігі мәңгі ел есінде.
Оқушылар, бүгін бізде ерекше күн.
Бүгін- мектепішілік Махамбет оқулары. Олай болса, шарамызды бастау үшін сөз қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Шолпан Баделқызына жолданады.
(Сөз сөйленеді)
Жүргізуші: Мектепішілік «Махамбет оқулары» 3 кезеңнен тұрады.Сахна төріндегі экранға қарап,байқаудың кезеңдерімен таныс болайық.
«Мен – Өтемістің баласы махамбет атты батырмын» Махамбет шығармаларын жатқа оқу байқауы. Қатысушы оқушылар Махамбеттің өлеңін жатқа білуі керек
«Ұлы арман» атты Махамбет күйлерін орындаушылар байқауы. Махамбет күйлерін орындауда республикалық «Махамбет» қоры арқылы «Өлке» баспасынан 2004 жылы жарық көрген «Шашақты найза, шалқар күй» атты музыкалық шығармалар топтамасымен берілген 18-томын басшылыққа алу ұсынылады.
«Тартынбай сөйлер асылмын» атты жас дарындар байқауы.( ө шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).
Жүргізуші: Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса – дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соны көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой – деген жалынды отты сөздерін еске ала отырып, қазылар алқасымен тьаныстыруға рұқсат етіңіздер.
Баделова Шолпан Баделқызы-қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жетекшісі
Тастемірова Әмина-жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қойтанова Әйгерім-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жүргізуші: Қазақта найзаның ұшымен білектің күшімен кіндік қаны тамған туған жерін қорғаған ерлер аз ба? Қара қазан, сары бала қамы үшін
«Ереуіл атқа ер салған» ерлер қаншама?! Тарихта ел үшін еңіреп туған екі тарлан бөрі - Исатай - Махамбет! Қосарлана айтылатын да, жазылатын да мәңгілік есім! Қос тұлға!
Исатай қол бастаған көсем болса, Махамбет шаруалар семсері болды. Исатай мұңалмайтын өткір найза болса, Махамбет жарқылдаған алмас қылыш еді! Исатай Алтын ердің қасы болса, Махамбет жорықтардың басы болды! Исатай айғыр жонды арыстан болса, Махамбет жұмыр жонды жолбарыс болды! Ендеше қазақ тарихындағы қайталанбас тұлға Махамбет батырдың азаматтық, ақындық бейнесіне тағы бір мәрте көз жіберіп, білгенімізді тиянақтап, өлеңдерінің мәнін ашып көрейікші.
«Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» Махамбет шығармаларын жатқа оқу байқауы. Қатысушыларды кезек-кезек ортаға шақырамыз.
(кезек-кезек қнер көрсетеді)
Жүргізуші: Махамбет ақын мен Махамбет батырдың осы қасиеттерін біз күйші Махамбеттен, композитор Махамбеттен де анық байқағандаймыз. Егер біз Махамбет тағдырын ел кегін жоқтаған кескекті ердің ереуіл ғұмыры деп танитын болсақ, оның жырларын сол ереуіл өмірдің поэтикалық шежіресі деп білеміз. Мынау жеті күй бізге сол асқақ ақын, асқаралы азаматтың жүрек соғысы мен жүрек тынысының үнмен жазылып қалған кардиограммасындай көп жайды аңғартып, көп нәрсені түсіндіріп тұр. Мұнда да Махамбеттің сол таныс даусы, таныс шабыты, Махамбет жүрегінің сол таныс дүрсілі. II кезең - «Ұлы арман» атты Махамбет күйлерін орындаушылар байқауы.
(кезек-кезек қнер көрсетеді)
III кезең- «Тартынбай сөйлер асылмын» атты жас дарындар байқауы.
(кезек-кезек қнер көрсетеді)
Жүргізуші:Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!- дей отырып, сөзді қазылар алқасына береміз.
(Марапаттау сәті)