|
Кіріспе бөлім
|
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
«Тез ойла, дәл ойла!» ойынын ойнату.
1. Сөйлем неден құралады?
2. Сөз неден құралып, немен таңбаланып жазылады?
3. Сөйлемдегі бірінші сөз қандай әріппен басталып жазылады?
4. Сөйлем аяқталған соң қандай белгі қойылады?
5. Дыбыс дегеніміз не?
6. Әріп дегеніміз не?
7. Дыбыс нешеге бөлінеді?
8. Дауысты дыбыстарды ата.
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата және мысал келтір.
10. Жіңішке дауысты сөздерді ата және мысал келтір.
11. Алфавитте неше әріп неше дыбыс бар?
Формативті бағалау.
12,Дауысты дыбыс нешеу?
|
Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірі- мен сәлемдеседі
Сұрақтарға білгендерінше жауап
береді
1. Сөйлем сөзден құралады.
2. Дыбыстан құралып, әріппен
таңбаланады.
3. Бас әріппен жазылады.
4. Сөйлемнен соң нүкте қойылады.
5. Естиміз, айтамыз.
6. Жазамыз, оқимыз, көреміз.
7. Дыбыс екіге бөлінеді.
8. а, о, ө, у, ә, е...
9. а,о, ы, ұ, ұшақ
10. ә, і, ү, е, ө, өшіргіш
11. 42 әріп, 40 дыбыс бар.
Оқушылар бір-бірін бармақ арқылы бағалайды.
|
|
Тұсаукесер
|
Қызығушылығын ояту.
Топтастыру: малдардың аттарын жасыру арқылы топтасу.
Жем-шөп беріп бағамыз,
Сүтін сауып аламыз. (сиыр)
Қамыс құлақ, тастаған тұяқ,
Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем. (жылқы)
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Адам деуге болмайды, сақала тағы бар. (ешкі)
Әр топ өзінің аттарын қорғау.
Формативті бағалау.
|
Сиыр, жылқы, түйе сөздері арқылы топтасу.
Бағдаршам арқылы бағалайды.
|