«Мамандықтың бәрі жақсы» Республикалық Интерент байқау
«Керек кәсіп бәрі де»
суреттер байқауы
Ғылыми жетекші: Төлегенова Әсел Бахтыбекқызы
Қазіргі заман талабына сай әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет. Түрлі салаға арналған мамандықтар қайта жаңғыртылып, өз деңгейінде мемлекетіміздің нығайып, көркеюіне, жас буынға көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр.
Адам қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын лайықты экономикалық деңгейге қол жеткізбей, әлеуметтік дамудың мүмкін еместігі белгілі. Сондықтан Мемлекет басшысының экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдікті табу туралы айтуы кездейсоқ емес. Президент «Әлеуметтік саладағы барлық өзгерістер даму деңгейімен Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкесуі тиіс» деген болатын.
Осыған орай мен өз шығармашылық туындымды «Керек кәсіп бәрі де» деген тақырыпта кәсіби мамандықтарға сәйкес суреттер галлереясымен таныстырғым келеді
Бала кезим ауылда өтіп еді әкеммен.
Дөңгелетіп шаруасын көмектестім шамамен,
Әлсіз болдым бірақта, малды қолға ұстай алмай.
Құладым да сүріндім, артынан мен жете алмай.
Әкем сонда күлетін, тентегім деп бас сипап,
Қолқанатым менің деп, жарарсың сен шаруама,
Бірақ заман тұрмайды бір орында малменен.
Сен де жолға шығарсың білім қуып елменен.
Жоқ әке, мен мал бағам, кәсібіңді қолға алам!
Жұмысымды жасаймын, малды бағып өрісте,
Сен сияқты кәсіппен, нәсібімді табамын!
Сіздерді де асырап үлкен ферма соғамын.
- деген екем бала шағымда 3-4 сынып оқып жүрген кезімде
Біраз өстім, жеткіншек бала кезім әлі де,
Шаруаға белсене көмектестім сол кезде.
Күздің күні шөп жинап, егіс жинар кез еді,
КОМБАЙЫНШЫ болам деп! таңқалдырдым әкемді.
Есіме түссе сол кездер біраз езу тартамын,
Себебі мен ол кәсіптің иісін де татпадым.
.
Сол күндердің шуағы төгіліп тұрар әрқашан
Біздің ауыл төңірекке өзбектер келді құр жатқан,
Дөңгелетті істерін нан пісірп түр-түрін,
Тамсандырып қазақты шайқалдырды бастарын.
«Кәсіптің түбі нәсіп» деп, нан пісіргім келгені,
Анама барып мені де үйретші дедім кәсіпке.
Анам күліп, несі бар, үйренсең-үйрен жүр деді!,
Ыстың пештің жанына екі сағат тұр деді,
Пісіп жатқан нан тәтті, бірақ тандыр ыстығы,
Жанымды өртеп, шыдатпай үйге қарай жүгіртті.
Бұл кәсіпті үйрену мен үшін ауыр болып еді,
Нан пісіру жолының женілін іздеп толғанып.
Химияны қолға алып зерттегім келіп қалғаны,
Ойланып біраз тұрдым да химия пәнін оқыдым.
Нан пісіру кәсібін формуламен іздендім.
Химия пәні жақсы екен оқыған, білген адамға.
Бірақ ол да қиямет мен сияқты балаға – деп тағы да бұл «технолог немесе химия лаборанты» мандықтарының
күрделі әрі, қиын екенін түсіндім .
Хан сарайындай үлкен үй соғып еді әкеміз,
Іші үлкен керемет, жетіспейді біраз іс,
Келді бір кез көкеміз қолына алып аспабын,
Біраз тұрып таңырқап, сұрадым мен бұл не іс?,
-Мен жасайын жылуын дәнекерлеп бұл үйдің.
-Ал шырағын осы үйдің жалғастырар сен өзің.
-Оқу оқып келерсің, көз ашылып інім – ау,
-Шырақшы боп ортаға, сен қаларсың іргетас.
-Себебі бұл ауылда «электриктер» жоқ екен.
-Қалаға барып оны іздеп жүреміз ба біз ертең,
-Одан да сен шырақшы мамандығын таңдашы
-Ертең үлкен адам боп ортаға сен оралшы – деп көкем маған мамандық таңдаудың жолын көрсетіп берген еді.
Елбасымыздың жобаларының бірінде кәсіптік білімді дамыту жұмыстары қолға алынып, талаптар қойылып жатыр. Қолынан іс келетін адам кәсіптік біліммен де болашағын жарқын елестете алады деген.
Қандай мамандықтың иесі болмасын оқып үйренгісі, білгісі келген адамға ешқандай шектеу жоқ.
Сондықтан қорыта келгенде мамандық иесінің суреттермен безендірілген туындым барлығыңыздың балалық шақтарыңызды еске алған шығар деп ойлаймын.
Себебі кім қандай мамандық таңдаса да «Керек кәсіп бәрі де!» - деп айтқым келеді.
Назарларыңызға рахмет!