СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Маманды?ым – ма?танышым!» атты Эссе.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Маманды?ым – ма?танышым!» атты Эссе.

С     «Маманды?ым – ма?танышым!» атты Эссе.

 

Абай атамыз ?аза? баласыны? бойында: «Ысты? ?айрат, н?рлы а?ыл, жылы ж?рек»  болуы  керек деп атап к?рсеткендей, ?мір с?руді? басты за?дылы?ы болса, осы ?ш асыл ?асиетті ш?кірттерді? бойына сі?іре білу – т?рбиешіні? міндеті екені даусыз. Я?ни, «ысты? ?айрат дегеніміз – спорт?а баулу, н?рлы а?ыл дегеніміз – санасына білім н?рін ??я білу, ал жылы ж?рек дегеніміз – эстетикалы?, адамгершілік т?рбие беру» – деп т?сінемін.

Адамны? ?зіне-?зі ?мір бойы ?оятын ж?не о?ан ?рдайым жауап іздейтін санаулы с?ра?тары болады екен. Мен ?шін сол м??гі с?ра?ты? бірі де бірегейі – М??алім-т?рбиеші деген кім? Алдымен осы с?ра?ты? жауабын та?ы да бір ай?ындап  ?арайын.  ?йткені мен де бала ба?баны - т?рбиешісімін.

Та??ажайып балалар ?лемімен тере?ірек танысып, ?з ?мір  т?жірибемні? мейіріміні? д?ндерін ?ондыру - мені? ж?мысымны? м?ні.

Балалармен ж?мыс жасау – ?лкен ба?ыт.Себебі, тек ?ана бала ешн?рсеге ала?дамай мейірімділікке сенеді, кішкентай ала?анын мені? ала?аныма ?ойып, ?з ??пияларын айтып ма?ан сенім артады. 

 

Просмотр содержимого документа
««Маманды?ым – ма?танышым!» атты Эссе.»

«Мамандығым – мақтанышым!» атты Эссе.

Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу – тәрбиешінің міндеті екені даусыз. Яғни, «ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл дегеніміз – санасына білім нәрін құя білу, ал жылы жүрек дегеніміз – эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру» – деп түсінемін.

Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – Мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап қарайын. Өйткені мен де бала бағбаны - тәрбиешісімін.

Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне" бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім.

Абай атамыз айтқандай: «бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата - анасы, ұстазы, және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» деген ойы ұстазға да ауыр салмақ салып тұр.

Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөзі осы шағын орталық тобынын балаларына арналғандай.

Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артады сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек.

Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, оларды мектептегі түрлі шараларға белсене қатыстырып отырдым.

Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты мақсатым.

Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан – жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Тәрбиешінің жұмысын дәрігермен салыстырамын. Емші адам бойындағы ауру-сырқатпен алысса, тәрбиеші оның ойындағы надандықпен күреседі.

Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.

«Ақниет» шағын орталық тобының оқушыларының осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа, алып жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Қортындылай келе шағын орталық тобы тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым және асқан дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім.

Қорытындылай келе, тәрбиеші бақытты - білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. «Шәкіртсіз - ұстаз тұл» - демекші, оқушыларым бар да, мен де бармын.

Сағашилі орта мектебінің

«Ақниет» шағын орталық

тобының тәрбиешісі

Алиева М.Н .






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!