СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

" Мамандығым - тағдырым" тақырыбында Тәрбие сағаты.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Маманды?ым - та?дырым " та?ырыбында 3 сыныптар?а арнал?ан т?рбие са?аты.

Просмотр содержимого документа
«" Мамандығым - тағдырым" тақырыбында Тәрбие сағаты.»

Тақырыбы: Мамандығым-тағдырым

Мақсаты:

Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту, әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу.

Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеті: Қазіргі заманға қажеттікәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тірбиелеу.

Әдісі: Ойын-жарыс

Барысы:

Топтағы балаларды 2топқа бөлу, алдын-ала тапсырмалар беру.

Тәрбиеші:

  • Армысыздар, құрметті көрермендер, тәрбиешілер мен дәрігерлер! Топтарды ортаға шақырайық! Бүгінгі біздің жарысымыз төрт айналымнан тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа әділқазылар бес ұпайдан береді. Іске сәт!

І айналым: «Не істеу керек?» (Әр топ өз ой – тікірлерін айтады)

1топ: «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылым қырдан аса алмайсың» – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқ оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес. Барлық кәсіптің де оңайы жоқ. Тек еріншектікке жол бермеу керек.

2 топ:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан – деп Абай Құнанбаев айтқандай, достарымызға болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіреміз.

ІІ айналым. «Ми шабуылы» – ой қозғау. Мамандық дегеніміз не?

Кластер әдісі арқылы әр топ өз ойын өрбітіп, қағазға маркермен жазып, жауабын көрсетеді.

Ойын уақыты: «Қолтырауын»

Мақсаты: Өзара сенімділікке, топтық ынтымақтастыққа назар аудару.

1 топ қандай да бір мамандықты жасырады, 2 топ өзінің ойыншысын(оның келісімімен) бірінші командаға жібереді.Олар оған жасырын мамандығын айтады. Ал ол тек ыммен және ишарамен оны бейнелеп көрсетеді, ал оның командасы қандай мамандық екенін түсінуге тырысады. Командалар кезекпен мамандықты анықтайды.

ІІІ айналым.

1 топқа:

  1. Өзінен өзі оза алмаған,

Өзгеден де оза алмас. (М.Әлімбаев)

  1. Әрбір сүрінгеніңді бақытсыздық деп санама.

Бәлкім, сенің шын бақытың сол жерден басталар. (Л.Толстой)

  1. Өзен ағысын бөгеуге болады,

Өмір ағысын бөгеуге болмайды. (Халық мақалы)

  1. Бақыт әрбір адам ұмтылатын сақсат (Әл–Фараби)

  2. Жетекке ергенді тағдыр жетелейді,

Құлықсызды сүйрейді. (Сенека)


2топқа:

  1. Тұрмысқа тірі күнде бол себепкер,

Отырма құр үйіңде бойға сеніп.

Талап қыл, азды–көптіжұмса ойды,

Әр істің ақырын ойла, көңіл бөліп. (Ақан сері)

  1. Еңбек ете білген адам, кедейшіліктен қорықпайды. (Халық мақалы)

  2. Еңбектене білу– дұрыс өмір сүре алу деген сөз. (Ж.Фабр)

  3. Бақыт барын салыпеңбектенгенге бұйырады. (И.Гете)

  4. Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл. (Шәкәрім)

IV Жұмбақтың жауабын тап

Айдында жүзеді

Тірі күміс сүзеді. (балықшы)

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

Жасыл желек көгалда,

Бірде артқа,

Бірде алға.

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бір шарға. ( Футболшылар)

Бал татыған мәзір,

Ол бар жерде әзір. (Аспаз)

Ортасында сан халық,

Белдескенде жан салып.

Жерге тимей жотасы,

Атанған күш атасы.

Айбаттыны кім дейді,

Қайраттыны кім дейді? (Балуан)

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)

Төл өсіріп момақан,

Уыз ішкен қоймалжың.

Білсең айтшы, балақан,

Еңбегі зейнет қай малшы? (Қойшы)

Сөзжұмбақты қай топ болып бірінші шешеді: (Осы уақытта көрермендер бірге ән айтады.)

Мамандық

  1. Бес дұшпанның бірі – (мақтаншақ)

  2. Киелі құс – (аққу)

  3. Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады – (Мұнайшы)

  1. Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? – (Аспаз)

  1. Ащы еңбектен тәтті – (нан)

  2. Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? – (диқан)

  1. Ырыс алды – (ынтымақ)

  2. Еңбекқор жәндік– (құмырсқа)

Ойын уақыты: «Ең жақсы»

Тәрбиеші: Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сіздер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты айтасыңдар.

Ең жасыл – (эколог, геогроф, бақташы)

Ең тәтті – (аспаз, кондитер)

Ең ақшалы – (банк қызметкері, экономист)

Ең күлкілі – (сайқымазақ)

Ең жауапты – (сот, бухгалтер)

Ең салмақты – (заңгер)

Ең қарым–қатынасы күшті – (бизнесмен)

Ең мейірімді – (мұғалім)

V айналым: Мақал–мәтелді жалғастыр.

  1. Еңбек түбі–қуаныш

Сауда түбі– реніш.

  1. Еңбегіне қарай–құрмет,

Жасына қарай–ізет

  1. Ынта болса адамда,

Қииын іс жоқ ғаламда

  1. Еңбектен қашпа

Ырысыңды шашпа

  1. Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер

  1. Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес.

Қорытынды бөлім.Әділқазылар ұпай сандарын айтып, ойын жеңімпаздарын марапаттайды.

Тәрбиеші: Әрбір адамда жетістікке жету мүмкіндігі бар... Бұл мүмкіндік дұрыс пайдаланылған жағдайда, адамның ғұмыры маңыздана түседі. Ал бұл мүмкіндікті қолдан шығарып алған адам өмірде мағынасыз күн кешеді.Әркім жетістікке жету жолында әрбір сәтін, әрбір мүмкіндігін пайдаланып қалуы керек. Бұл мүмкіндік ең бірінші кезекте адамның еңбекқорлық қасиетімен тікелей байланысты.Адам еңбекқорлықты өмірінің басты өлшемі етіп алса, ол шықпайтын шың қалмайды, ол шықпайтын тау болмайды.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Егеменді еліміздің ертеңі – маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін.

Осымен «Мамандығым – тағдырым» атты ұйымдастырылған ойын–жарыс аяқталды.Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Барлығы бірге ән орындайды.