СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мамандық әлемі" тренинг

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мамандықтар әлемінде

Мақсаттары:

  • Оқушылардың  мамандықтар туралы білімдерін кеңейту.
  • Әр түрлі мамандықтарға қызығушылықтарын дамыту және еңбек қызметін құрметтеуге тәрбиелеу
  • Топ мүшелерінің  коммуникациялық дағдыларын дамыту

 

Просмотр содержимого документа
«"Мамандық әлемі" тренинг»


Мамандықтар әлемінде


Мақсаттары:

  • Оқушылардың мамандықтар туралы білімдерін кеңейту.

  • Әр түрлі мамандықтарға қызығушылықтарын дамыту және еңбек қызметін құрметтеуге тәрбиелеу

  • Топ мүшелерінің коммуникациялық дағдыларын дамыту


Жабдықтар: компьютер, экран, музыка қоятын аппаратура, қаламдар, парақ қағаздары, әріптер жазылған карточкалар (1 қосымша), мамандықтарға байланысты суреттер (2қосымша), атақты адамдардың өнербаянынан үзінділер, әр түрлі мамандықтар жазылған карточкалар (4қосымша), слайд-презентация.


Іс- шараның түрі: профильдік оқыту бойынша 8-10 сынып оқушыларымен жүргізетін сайыс-сабақ


Іс- шараның барысы

Жетекшінің кіріспе сөзі


Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз

Әл-Фараби

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Жүсіпбек Аймауытовтың айтуынша «Мамандықтың бәрі жақсы, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып, алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Өз ісіне сенімді, мамандықты дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегіне қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі». Бүгін «Мамандықтар әлемінде» тақырыбымен 4 топтың (Заңгер, Мұғалім, Гүл өсіруші, Дәрігер) арасында сайыс өтеді. Тапсырмалардың арасында «күміс кемей, жез таңдай» әншілерімізбен «мың бұралған» бишілеріміздің өнерін тамашалаймыз.


1тапсырма – «Таныстыру» - топтың аты, ұраны, эмблема (киім), топтың басшысы және әр топтың жарнамасы.


2 тапсырма - «...әрпінен басталатын мамандық». Топ басшылары жетекшінің қолынан әріп жазылған карточканы таңдап тобына көрсетеді. Оқушылар екі минуттың ішінде сол әріптен басталатын мамандықтарды естеріне түсіріп қағазға жазады. Жазылған мамандықтардың аттарын барлығының алдында оқып береді. Қай топта жазылған мамандықтардың саны көбірек болса сол топ жеңімпаз аталады.


3 тапсырма - «Схема толтыру» (мамандыққа және еңбекке байланысты суреттер) Тапсырманы орындау уақыты – 5 минут. Қатысушылардың міндеті – мамандықтардың аттарын сызық арқылы сәйкес суреттермен қосу. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.


4 тапсырма – «Менің кім екенімді тауып айт» - экранда жас кезінде мамандықты дұрыс таңдап , соңынан зор жетістіктерге жеткен қазақтың атақты адамдарының фотоларына назар аударайық. Жетекші фотодағы адамдардың өнербаянынан үзінділерді оқығанда , қатысушы топтар кезекпен сол фотодағы адамдарды естеріне түсіріп айтып беруі керек. Ойлануға 5 секунд беріледі


5 тапсырма – «Блиц -сайыс»

Қатысушылар еңбек және мамандықтар туралы мақал-мәтелдер бойынша білімдерін көрсетеді. Мақал- мәтелдерді ең көп айтқан топ жеңіпмаз аталады.


6 тапсырма – «Ұқсас мамандықтар»

Берілген мамандықтардың ішінен бір біріне ұқсас мамандықтардың жұбын табу. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Бірінші және дұрыс орындаған топ жеңеді.


Қорытындылау. Марапаттау рәсімі.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Тарихи тұлғалар.

Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылармен көпшілікке арналған. Алматы. «Алматыкітап» ЖШС, 2006. - 376бет

  1. РезапкинаГ.В. Психология и выбор профессии. Программа предпрофильной подготовки. Учебно-методическое пособие для психологов и педагогов. -М.:Генезис, 2005.- 208с

  2. Пряжников Н.С. Методы активизации профессионального и личностного самоопределения. Учебно-методическое пособие. – М.: Изд-во Московского психолого-соц.ин-та,Воронеж Изд-во НПО «МОДЭК»,2002

1 қосымша

М К С Д

2 қосымша








3 қосымша

Шын аты –Ибраһим. Туған жері – бұрыңғы Қарқаралы ауданына қарасты шыңғыс тауының баурайы.Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Шешесі Ұлжан. 4 жыл медреседе оқыған. Сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі, қазақтың ұлы ақыны. (Абай Құнанбаев)

Қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері – Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Мектепті бітіргеннен соң біраз мұғалім болған. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен тәңгіме,повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Назарбаевтің жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. (Бауыржан Момышұлы)

1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы селосында дүниеге келген. 1968 жылы Алматыдағы № 58 мектепті бітіргеннен кейін Риғадағы Азаматтық Авиация инженерлері институтына оқуға түседі. Бос уақытында ол Алматыдағы ДОСААФ мекемесіне келіп, ұшақ спортымен айналысатын. (Талғат Мусабаев)

Қазақ әртісі қазақ фильмде қызмет атқарған Ленинградтың театр өнері училищесін бітірген. Басты рольдері: Баян (Ғ Мусреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында»), Тана «Тақиялы періште» Ана («Ана туралы аңызда») т.б. Қазақ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.(Амина Умурзакова)

4 қосымша

Ұқсас мамандықтарды жұпта: мұғалім, шопан, әнші, менеджер, жазушы, есепші, хатшы, жүргізуші, құрылысшы, сәулетші, тоқушы, заңгер, дефектолог, археолог, психолог, әртіс, ақын, экономист, таксист, нотариус, тігінші, логопед, тарихшы, жаттықтырушы, дизайнер, бақташы, іс-жүргізуші, сылақшы, басқарушы, психиатр