Тәрбие сағаты тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.
Жоспары:
1. Кіріспе. Сұрақ – жауап.
2. Оқушылардың әдеби монтажы.
3. «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)
4. Ойын: «Кім жылдам?»
5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»
Барысы. «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.
1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?
Еңбек түбі - береке.
Еңбек түбі - зейнет.
Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.
Біліп істеген мақсатына тез жетеді.
Сайф Сарайи
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
Алтын менен күмісті
Зергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаны
Мерген үшін жаратқан.
Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.
Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.
4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.
Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.
- Балалар, енді тақтаға назар аударамыз!
Мамандық
Еңбек қызметі
Ой еңбегі Дене еңбегі
Ақын ұстаз дәрігер құрылысшы шахтер ұста
- Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т.б.
- Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?
- Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т.б.
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.
- Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?
- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.
Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.
Дәрігер:
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді,
Өзім жақсы сүйемін.
«Дәрігермін» мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
«Көп – көп ішіп дәріні,
Кәрілікті жең» деймін.
Дәрігер: Мен дәрігер боламын
Үлкеннің де баланың
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын
Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған
Жүректе сыр жаттаған
Жан тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді
Инженер: Мен инженер боламын
Жерден алтын табамын
Жолын қуған әйгілі
Академик ағаның
Ақын: Ал мен ақын боламын
Сусылдаған қаламым
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын
Аграном: Нан беремін баршаға
Жер маманы болам мен
Барып жүрмін бақшаға
Аграном ағаммен
Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын
Сонда өзіміздің осы ауылдың
Бөбектерін оқытып үйретіп
Мұғалима боламын
4. Ойын: «Кім жылдам?»
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).
5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»
- Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)
- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандыққа саяхат
Мақсаты: Оқушылардың мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту, мамандықтар туралы білуге деген ынта-ықыласын арттыру, барлық мамандықтың да маңызды екенін ұғындырып, барша мамандық иелерінің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, сұхбат, ойын
Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, түрлі мамандық иелерінің құралдары
Түрі: саяхат сабақ
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Негізгі кезең:
1. Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын анықтау (1,2-слайд)
2. Кіріспе сөз:
Әзір ас жоқ дүниеде
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім береді?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз?
- Мамандық.
Дұрыс айтасыңдар. Олай болса ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мамандыққа саяхат», яғни біз бүгінгі тәрбие сағатымызда мамандықтар туралы білімдерімізді кеңейтіп, олар туралы көбірек білетін боламыз. Мамандық деген не? Қалай түсінесіңдер?
- Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
-
- Балалар, 12-сәуірде қай мамандық иелерінің мерекесі болды?
- 12-сәуір ғарышкерлердің мерекесі.
- Дұрыс. Олар ғарышқа немен ұшады? Ал олар ғарышкер болмас бұрын кім болды? Иә, олар алдымен ұшқыш болды. Ал ұшқыштар немен ұшады? Ендеше біз де бүгінгі саяхатымызда ұшақпен ұшамыз (3-слайд).
3. «Мамандық иелері» қалашығы
• Тренинг: «Бұл кім?» Мамандық иелері туралы жұмбақтар шешу. Сол мамандық иелерінің еңбегі туралы айту. (Оқушыларға интерактивті тақтада мамандық иелері көрсетіледі.
• Алатаяқ ұстаған,
• Жол тәртiбiн нұсқаған.
• Өмiрiңдi күзеткен,
• Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері)
• Өңкей сығай екi топта,
• Таласып жүр бiр допқа. (Футболшылар)
• Жолының көп азабы,
• Сондадағы тынбайды.
• Жаңалықты жазады,
• Көпшiлiктi тыңдайды. (Журналист)
• Кең байтақ туған жерiме,
• Кетпесiн деп жат iз өтiп.
• Тыныштық тiлеп елiме,
• Отанды кiм тұр күзетiп? (Жауынгер)
• Бiлiмнiң жол басшысы,
• Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)
• Айлар бойы жүзедi,
• Жердi көрмей жүредi.
• Ақ жал таумен алысқан,
• Адамды кiм бiледi? (Теңiзшi)
• Күмiс қанат, сұңқары,
• Көкке еркiн сүңгидi.
• Бұлттан да тым әрi,
• Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)
• Өрнектеп, сәндеп,
• Тiгiстерiн бүгетiн.
• Солпысын жөндеп,
• Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)
• Қалпағы ақ қарасаң,
• Дәрiгер емес, бiрақ ол.
• Дәм мәзiрiн қаласаң,
• Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
• Жалтылдап қалағы,
• Салатын кiм қаланы? (Кiрпiш қалаушы)
• Өскен шашты жаратпайтын,
• Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
• Оның тiккен бұйымы,
• Аяғыңды қаптайды,
• Шыға қалса жұлымы,
• Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)
• Ортасында сан халық,
• Белдескенде жан салып.
• Жерге тимей жотасы,
• Атанған күш атасы,
• Айбаттыны кiм дейдi,
• Қайраттыны кiм дейдi? (Балуан)
• Дабылға тез жететiн,
• Жалынға сүңгiп кететiн.
• Қақалса да түтiнге,
• Тайсалмайтын батыл кiм,
• Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)
• Екi шекпен күмбiрлеп,
• Көңiл сазын сапырады,
• Тұлпар шабыс дүмбiрлеп,
• Желпiндiрiп отырады. (Күйшi)
• Мамандармен сұхбат (видео)
• Ойын : «Ең, ең...»
Ең ақшалы - ....
Ең жасыл - ...
Ең тәтті - ....
Ең күлкілі - ...
Ең білімді - ...
Ең батыл - ...
Ең салмақты - ...
Ең әсем - ...
Ең қараңғы - ...
Ең жарық - ...
Ең тәртіпті - ...
Ең биік - ...
4. «Құралдар» қалашығы
• Ойын: «Кімнің құралы?»
• Ойын: «Кім шапшаң?»
5. «Армандар» қалашығы
• «Кім болам?»
• Сергіту сәті:
- Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
6. «Сөздер» қалашығы
• Ойын: «Сөйлеп тұрған кім?» Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар»
- Көптеген жаңа әндер жаздырдым, бейнебаян түсіртіп жатырмын.
- Балалар, дәрумендер қабылдап, тазалықты сақтап жүрсеңдер, ауырмайсыңдар.
- Қылмысқа, құқықбұзушылыққа жол бермейміз.
- Ең әдемі, сәнді киім үлгілерін жасадым.
- Балалар, балмұздақ алыңдар, өте дәмді!
- Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?
- Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?
- Мен қуырдақ қуырып жатырмын,қазір дайын болып қалады
• « Ашық микрофон»
Қорытындылау кезеңі:
Ж. Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
Алғыс айту
Тақырыбы: Мамандық түрлері
Мақсаты: әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру.
Білімділік мақсаты: мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен
таныстыра отырып,олардың маңыздылығы туралы білім
беру. Кәсіпті таңдап,игеру үшін оқып,білім алу
қажеттілігін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: әңгіме құрастыруда өз ойын,өз армандарын нақты және
түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.
Шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және
еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері,таратпа суреттер
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру, жандандыру,сұрақ-жауап
Жоспары:
1.Мотивациялы ынталандыру кезеңі.
а) Жылулық шеңбері
ә) Өткен тақырыпты қайталау
2.Ұйымдастырулы ізденуші кезең
а) Жаңа тақырып туралы түсінік беру
ә)Өлең-тақпақ,жұмбақ шешу
Сергіту сәті.
3.Рефлексиялы түзету кезеңі
а)«Сөйлеп тұрған кім?» дидактикалық ойыны.
ә)«Сөз және буын» дидактикалық ойын
Қортындылау
Әрекеттің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялы-ынталандыру кезең
а)Жылулық шеңбері
-Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер болып тұра қалайықшы.Бір сәт көзімізді жұмып, қолымызды созып,күннің жылулығын сезінейікші. Енді өз сезімімізді айтайықшы: Басым менің ақылды,қолым шебер,денем шымыр,аяғым жүйрік!
ә) Өткен тақырыпты қайталау
-Өткен тақырыпта біз сендермен не жайында таныстық,балалар?
- Дұрыс айтасындар балалар!Қазақстан мемлекеті және мемлекеттік рәміздері,елбасы туралы көптеген түсінік алған болатынбыз.
Сұрақ-жауап
1)Біздің тұрып жатқан мемлекетіміз қалай аталады?
2) ҚР мемлекеттік рәміздерін кім атап береді?
3) ҚР елбасы кім?
-Рахмет,балалар!Өткен тақырыпта жақсы түсінік алған екенсіңдер
Балалар қолдарынан ұстап,шеңбер құрып, көздерін жұмып күннің жылуын сезінеді.
Өз сезімдерін айта, сөздерге қатысты қимылдар жасай отырып қайталайды.
Балалардың жауабы.
1)Қазақстан мемлекеті
2)Елтаңба,әнұран,ту 3)Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Ұйымдастырулы- ізденуші кезең
а) Жаңа тақырып туралы түсінік
-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар,шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пысыратын адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.
-Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?
-Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен , балалар.
-Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз,білім беретін адамды-мұғалім деп атайды,киім тігетін адамды-тігінші, ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер, көлік жүргізетін адамды-жүргізуші, емдейтін адамды-дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарай атайды.
-Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды,көп ізденуді,қажымас қайратты,көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін, арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласындар.
- Балалар кім осы мамандыққа байланысты өлең-тақпақтар біледі?Өлең-тақпақ айтқан балаларға жемістер тарату.
Сергіту сәті
-Балалар отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;
Осы балалар биді билейтін адамдарды кім дейді?
-Дұрыс ,биші дейді.Ендеше барлығымыз биші болып көрсек қайтеді. («Шөжелерім» әнін қосып, балаларды билету)
- Рахмет,балалар,біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!
Жұмбақ шешу
-Балалар мен сендерге жүмбақ жасырғым келіп тұр,тыңдаймыз ба?
1)Тәп-тәтті тамағы,астардың маманы
(Аспаз)
2)Кірпіштен сарай,үй салады,ол адам кім болады? (Құрылысшы)
- Рахмет балалар сендерге!
Балалар тыңдап отырады.
Балалардың жауабы.
Балалар тыңдап,мамандық иелерінің атаулары мен танысады.
Бірнеше балалар өздері білетін өлең -тақпақтарын айтады.
Баалалар биші деп жауап береді. Әннің ырғағына сай билеп бойларын сергітеді.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Рефлексиялы-
түзету кезең
«Сөйлеп тұрған кім?» дидактикалық ойыны.
Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:
1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ!
2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?
3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.
4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?
5)Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.
6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады.
«Сөз және буын» дидактикалық ойын
Мамандық иелерінің атын қайталай отырып.неше буынға бөлінетінін анықтату:
Мысалы: дә-рі-гер,3 буын
Жүр-гі-зу-ші,4 буын
-Жақсы балалар!Ал сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді?
- Ал балалар кім қанша жеміс жинады екен,санап көрейік.Көп жеміс жиған бала бүгін белсеніп,жақсы баға алатын балалар!
- Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын,мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар!
-Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды, жылулық шеңберімен қоштасайық!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Балалар тыңдап қандай маман иесі екенін анықтайды:
-Сатушы
-Жүргізуші
-Дәрігер
-Шаштаразшы
-Мұғалім
-Аспаз-деп өз жауаптарын береді.
Балалар мамандық түрлерін атап,шапалақтап буынға бөледі,санын анықтайды.
-Балалар өз жауаптарын айтады.
Балалар жиған жемістерінің санын анықтайды.
Балалар шеңбер құрып,өлеі жолдарын айтып қоштасады.
Тақырыбы: «Мамандық-өмір таңдауы»
Мақсаты: а)Балалардың мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету, білімдерін жетілдіру;
ә) Ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту;
б) Еңбекқор болуға, ұқыптылыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.
Керекті құрал-жабдықтар: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, мамандық иелеріне керекті құралдар, слайд.
Сөздік жұмыс: тәрбиеші, дәрігер, аспазшы, хат тасушы, құрылысшы, т.б.
Барысы:
І.Кіріспе.
-Балалар, орнымыздан тұрып, амандасайық.
Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сәлеметсіңдер ме!
- Жақсы балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің айларын ата? Аптаның қай күні?(сәрсенбі)
- Қазір қандай сабақ өтеміз?(қоршаған орта)]
ІІ. Негізгі бөлім. Тосын сәт.
-Балалар, бүгін бізге пошташы ағай хат жіберіпті, ашып көрелік. (пошташы-хат тасушы маман иесі). Бұл хат бізге Жұмбақбай атайдан келіпті. Мен хатты ашып, оқып берейін. «Құрметті балалар, мына жұмбақтардың жауабын шешіп, бір сөзбен қалай атауға болатынын айтыңдар!» деп жазыпты. Жұмбақ шешкенді жақсы көреміз бе? Олай болса, атайық, жұмбақтарын шешімін табайық.
Жұмбақ жасыру
1) Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім?
Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)
- Өрт сөндiрушi – кенеттен шыққан жалын-өртті су шашып сөндіретін маман иесі. Мінеки, біздің топтағы Мұхамбеттің әкесі өрт сөндіруші екен.
2) Шәкірттердің тірегі,
Мектептердің жүрегі. (Мұғалім)
- Мұғалім – балаларды оқытып, тәрбиелейтін маман иесі. Ақниеттің анасы мұғалім.
3)Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштаразшы)
Шаштаразшы-шаштарды әдемілеп қиып, қысқартатын маман иесі. Саяның анасы шаштаразшы болып жұмыс істейді.
4) Тұлғалы кең иығы,
Мұнара оның тұрағы,
Жер астынан сұйығы
Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)
- Нұрбектің әкесі мұнайшы маман иесі болып жасайды.
- Мұнайшы – жер астынан мұнай өндіреді. Мынау не?(май шам) Егер жарық болмай қалса, майшамды пайдаланамыз, су, әуе, жүк көліктері осы мұнайдан алынатын жанар-жағармай, газбен жүреді. Мұнайдың түсі-қара. Біздің ауылымыздағы Каспий теңізінің астынан да мұнайшылар мұнай алынады.
-Бәрекелді, сендер жұмбақтың жауаптарын дәл таптыңдар!Жарайсыңдар!Міне, сонда сыныбымыздағы сендердің ата-аналарын әр түрлі пайдалы мамандықтарда жұмыс жасайды екен.
- Оқушылар, бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
- Бүгінгі сабағымызда осы «Мамандықтар» туралы әңгімелейміз.
Дидактикалық ойын: «Кім болам?»
Шарты: Балаларға болашақта қандай мамандық иелері болғысы келетіндігін және елге қандай пайда келтіретіндіктерін әңгімелету.
Әліппе дәптермен жұмыс.
3) Суреттен қандай мамандық иесін көріп тұрсың?Тағы қандай мамандық түрлерін білесің?Сен қандай мамандық ұнатасың?Себебін айт.
-(суретте бейнеленгендер: альпинист-биікке өрмелеуші-денсаулыққа пайдалы, металлург-темірді балқытып, заттар жасайды. Ал ғарышкер-аспанды бақылаушы, көлік жөндеуші, мұнайшы-мұнайдан жанармай алады, көліктер жүреді, жол жөндеуші-жолды тегістейді, тез жетеміз).
4) Сурет бойынша құрылысшылардың еңбегі туралы әңгімеле. Құрылыста қандай мамандық иелері еңбек етеді?
-Құрылысшылар үй қалайды. Құрылыста үй жобасын жасайтын – сәулетші, тас қалаушы, темірлерді байланыстыратын- дәнекерлеуші, ағаш шебері, сылақшы, краншы, шатырлаушы еңбек етеді.
5) Шахтер мамандығы туралы айт. Көмір еліміздің қай жерінде өндіріледі?
(Шахтершы –жер астынан тас көмірді қазып алады, көмір үй жылыту, отарба(пойыз) қыздыру үшін қажет. Көмір Қарағандыда өндіріледі).
-Сендердің үйлеріңде осындай жұмыс жасайтын адамдар бар ма?
(ата-анасы, ата-әжесі қандай жұмыс жасайтындары туралы әңгімелеп айтады).
Сергіту сәті:
Ғарышкер зымыранмен
Зу-зу-зу ұшады,
Оңға қарай ұшады,
Солға қарай ұшады.
Алақанды жаямыз,
Зымыранды қондырамыз,
Уф-уф деп зымыранды ұшырамыз.
Дидактикалық ойын: «Әр маман иесінің тиісті көлігін тап!»
Шарты: полиция, өрт сөндіруші, жүргізуші және дәрігердің көліктері шатастырылып берілген. Әр мамандық иесінің сәйкес келетін өз көліктерін тиісінше орындарына дұрыс қойып, табады және атайды.
Дидактикалық ойын: «Мамандыққа керек заттарын тап!»(тақтамен жұмыс)
Шарты:мамандық иелерінің қолданатын құралдарын табу.
Дәрігер – шприц(укол)
Мұғалім – кітап
Пошташы(хат тасушы) – хат
Аспаз – тағам ыдысы
Мұнайшы – мұнай, майлар.
-Жарайсыңдар, ақылды балалар екенсіңдер!Дәл таптыңдар!(Мамандық иелерінің көліктері мен құралдарын да таптық). Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
-Балалар, осы мамандық иелері туралы қандай тақпақтар білеміз?
(Балалар тақпақтарын айтады).
-Балалар, осы жақсы мамандық иесі болу үшін көп білім алып, еңбек етуіміз керек. Ал, еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
(Балалар еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін айтады).
ІІІ. Қорытынды. Мадақтау.
-Балалар, біз бүгін көптеген мамандық иелері туралы білдік. Біздің еліміз өркениетті дамыған елдер қатарына қосылуы үшін әр мамандық иесі өз мамандығын жақсы білуі керек. Сонда ғана еліміз дамып, көркейеді.
- Оқушылар, тақпақты айтуға үлгермегендеріміз, келесі сабақта айтамыз, жарай ма?Жарайсыңдар, бүгінгі қоршаған орта сабағына бәрің де өте жақсы қатыстыңдар!Мынау не?(жұлдызша). Жұлдызшаның түсі қандай?Бұл «5» деген баға. Ендеше қазір, бәріңе осы жұлдызшаларды беремін.
- Балалар, орнымыздан тұрып, қоштасайық! Сау болыңыздар!