СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мамандықтармен танысайық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Мамандықтармен танысайық"»

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 05.03.2020ж

Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.

Білім беру саласы / Образовательная область: Таным

Пән / Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Мамандықтың бәрі қажет»

Тақырыбы / Тема: «Мамандықтармен танысайық.»



Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная: Әр түрлі мамандықтар туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Әр түрлі мамандық түлерінеқызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу..

2.Дамытушылық – развивающая: мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту.

3. Оқыту – обучающая : Мамандықтың түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөзді қорларын толықтыру.

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : мамандық иелерінің суреттері, құрал–жабдықтары.

Көптілділік : мамандық-профессия, аспаз-повар, мұғалім-учитель, дәрігер-доктор, құрылысшы-строитель.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайыпсәт)
 Балалар, бізге «Мамандықтар қаласынан» хат келіпті.Тыңдаңдар.

«Құрметті балалар, біздің шеңберлер қаласында мамандық түрлері өте көп, сендер өскенде әрқайсысың бір мамандық иесі боласыңдар.Әзірше, сендер кішкентайсыңдар, сондықтан мен сендерді Мамандықтар қаласына қонаққа шақырамын».

Балалар, бұл қалаға бару үшін бізге сиқырлы кілем керек.Өйткені біз өзен – көл, тау мен ормандардың үстінен ұшып өтеміз.

Сиқырлы кілемше отырып, музыкамен мамандықтар қаласына жол тартады.

2.Негізгі бөлім

Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгімелету.

Бұл аспаз. Аспаз – ең басты мамандықтың бірі.

Безендіріп үстелді,

Тәтті тамақ пісірер.

Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.

Бұл құрлысшы. Зәулім үйлерді, біздің балабақшамызды салған кісілерді құрылысшылар дейміз.

Бұл дәрігер. Дәрігер адамдарды емдейді, дәрі беріп, укол салып жазады.

Бұл тігінші. Тігінші адамдарға әдімі етіп киім тігіп береді сондықтан біз үнемі әдемі болып жүреміз.

Бұл мұғалім. Мұғалім бізге білім береді. Ол үлкен маман иесі болуымызға көмектеседі.

Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда «мамандық иелері» дейміз. Бұл мамандықты меңгеру үщін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындалып оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажетті құралдарды қойып, төрт баланы шығарамын, төрт баланы төрт түрлі мамандық иесіне бөлемін, ойын шартын түсіндіремін. Төрт бала өзіне қажетті құралдарды тез – тез бөліп алады. Алған құралдарымен не істеуге болтындығын айтады және өскенде сол маман иесі болғысы келетіндігін айтады. (шаштараз, дәрігер, мұғалім,  аспаз)

Көптілділік :

Сергіту сәті: 

Іш ауырса, тіс ауырса,
Мамам дәрі береді.
Барлық бала, барлық адам,
Оны жақсы көреді.

Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»

Тақтаға маман иелерінің суреттері ілінеді. Ойын шарты әр мамандықтың қызметіне сай анықтау

Жеке жұмыс:

Малика біз не туралы өттік?

Самрат қандай мамандықтар бар екен?

3.Қорытынды бөлім:

 Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін балай білу керек екен. Ол мейлі бастық болсын, мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек. Осыны еш ұмытпаңдар.