«Тораңғалық НОМ» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Бастауыш сынып мұғалімі
Тұрсынбек Арайлым Алтынғазықызы
2016-2017 оқу жылы
Күні: 01.02.17 ж
Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Сабақтың мақсаты: Үлек туралы мағлұмат беру
Білімділік: Мерсердің танымдық тәсілдерін қолдану арқылы оқушының әңгіме мазмұнын өздігінен түсінуге, белсенді зерттеулер жүргізе отырып, түйе туралы білімдерін кеңейту. Түйені жасына, қолтұқымына, жынысына қатысты ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Үлек туралы түсінік бере отырып, ойлау қабілетін сыни тұрғыдан дамыту. Өз ойын толық жеткізе отырып, оқушылардың қабілетін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Төрт түліктің адам баласына әкелер пайдасын ескере отырып, оларды қорғауға және қамқор болуға тәрбиелеу. Қосымша тапсырмалар бере отырып, шығармашылыққа баулу, ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.
2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3.Сабақта белсенділік танытады.
4.Шығармашылық қабілеттері артады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Ассоциация, INSERT әдісі)
3-модуль: Бағалау ( бағалау бетшелері арқылы)
4-модуль: АКТ – ны пайдалану ( проектор, видео)
7-модуль: Көшбасшылық
Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, плакат, стикер, маркер,
Қадамдар:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Топпен жұмыс.
3.Рефлексия
4.Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Топқа бөлу
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. Үй тапсырмасын сұрау
4.Жаңа сабақты түсіндіру
5.Тапсырмалар беру
Оқушының іс-әрекеті:
1.Топқа бөлу (геометриялық фигуралармен бөлу)
2. Зейіндерін сабаққа аударады
3. Үй тапсырмасын орындайды
4. Мәтіннің мазмұнымен танысады. Үлек туралы мәлімет алады
5.Топтасып жұмыс жүргізеді, постер қорғайды
6. Кері байланыс жасайды
Топқа бөліну: Фигуралар арқылы
І кезең: Қызығушылықты ояту:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
-Қазір балалар ана тілі сабағы. Бүгінгі сабақ жәй сабақ емес, ашық сабақ. Бізге мектебіміздің ұстаздары қонаққа келіп отыр, амандасып алайық.
Балалар, көңіл-күйлерін қандай?
-Өте тамаша!
-Балалар енді «Жүректен, жүрекке» әдісі бойынша бір-бірлерімізге жылы лебіздерімізді білдірейік
Тілек: Осы көңіл-күймен сендерге бүгін сабақта сәттілік тілеймін. Бүгінгі сабақ ойдағыдай өтсін!
-Енді балалар «Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі бойынша өткен тақырыпқа шолу жасайық.
Шарты: ол үшін үй тапсырмасын өзара талқылайық, бір-бірілеріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасаңдар. Беріледі (3 минут).
-Жақсы, дайын болсандар, үлкен шеңбер жасаңдар. Мына жұмсақ ойыншық арқылы артқа бір қадам жасай отырып үй тапсырмасын пысықтайық.
«Үй тапсырмасын тексеру
1.«Үйрену» шығармасының авторы кім?
Әбдірахман Асылбеков
2. Адам табиғаттағы жан-жануарларға, табиғат құбылыстарына қарап, қандай өнер үйреніпті?
3.Суда жүзген балыққа қарап не жасапты?
Сүңгуір қайық
4. Аяз шебер суретшіге қарап не жасапты?
Өрнектеуді
5. Тағы қандай заттар мен құбылыстарға қарап нелерді жасауға болады?
6.Білім, еңбекке қатысты мақал-мәтел.
Ердің атын еңбек шығарады
Көз қорқақ, қол батыр.
Еңбекке үйренем десең, ерінбек, Өнерге үйренем десең, жерінбе.
(Тақтаға суреттер арқылы түсіндіріп шығу.)
«Білемін» не білеміз үй тапсырмасынан, соны жазамыз.
-Ендеше балалар сендер көрмей, дауысты қалай аңғарарсыңдар екен. Соны көрелік. Ол үшін мен сендерге дыбыс жасырамын . Сол ненің дыбысы екенін ажыраталық.
Аудиодан түйенің үнін тыңдау.
-Бұл ненің дыбысы? (Түйенің)
Төрт-түлік туралы видео көрсету
Қой атасы – ШОПАН АТА
Жылқы атасы – ҚАМБАР АТА
Ешкі иесі – СЕКСЕК АТА
Түйе атасы – ОЙСЫЛҚАРА
Сиыр иесі – ЗЕҢГІ БАБА
Ендеше, ары қарай түйе туралы білетін ойларымызды жинақтау үшін, тақтадағы ұяшықтарды таңдайық
Миға шабуыл. Әр топ тақтадағы 10, 20, 30, 40 ұяшықтарын таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды Ассоциация әдісі арқылы қорғайды.
10 – Түйе туралы не білесіңдер?
20 – Түйенің адамға тигізер пайдасы қандай?
30 – Түйеден қандай өнімдер аламыз?


40 – Түйенің қандай түрлері бар?

Түйе
Мұғалім түсіндірмесі:
Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды.Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады.
Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар.
Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем.
Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады.
Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп)

Түйе – салтанат деген мағынаны білдіреді. Түйенің жауы – маса, сона. Түйені көс-көс деп шақырады. Арай арай деп тоқтады, шу деп тұрғызады. Шөк деп жатқызады. Жастарына байланысты аталуы- бота, тайлақ, бурылыш, буыршын, науша, бұзбаша, інген атан, бура
«Мал өсірсең, түйе өсі, пайдасы оның көл – көсір» демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді. Түйенің төлін не деп атаймыз? (Суретін көрсету).
Негізі түйе түбіті мен шудасы – тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Еті ем, шұбаты – шипа.
- Біз бүгін Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесімен танысамыз
- Үлек туралы естулерің бар ма?
Күнді жазу. Ақпанның бірі.
Сынып жұмысы
Мамытбек Қалдыбаев
Үлек
Автор туралы мағлұмат беру. «Галереяға саяхат» стратег.
Үлек туралы мағлұмат беру. Суретпен
Қалдыбаев Мамытбек
Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.
М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т.б кітаптары шыққан.
Үлек — сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Шоқтығына дейінгі биіктігі 183 см, тұрқы 155 см, салмағы айыр түйеден жеңілдеу, мойны ұзын әрі жіңішке, қамыттығының жүні бұйра, тамағының асты мен желке жүні қалың әрі шудалы. Үлек 5 — 6 жасында қаңтардан сәуірге дейін келеге түседі, бұл кезде жемшөпті аз жеп, ашуы бойына сыймай күркірейді. Келеге түсу кезінде оны ұрып-соғуға болмайды, аса кекшіл, адамға шабуы мүмкін. Әбден жараған кезде тұсап, байлап ұстамаса, өзара таласып, бірін-бірі тамақтап, күре тамырларын қиып, тізелерін кеміреді, жеңгені жеңілгенін төсімен жаншып өлтіруі мүмкін. Ыстық түсе жыныс безінің қызметі бәсеңдеп, мүлде жуасып қалады. Бір маусымда Үлек 20 — 30 аруананы қари алады. Үлек өте жүрдек әрі ұшқыр.
Оқулықпен жұмыс:
«Ирек» стратегиясы.
Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат — әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
Сұрақ-жауап:
Үлек дегеніміз не?
Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
Балалар неге, неден қорықты?
Егер Мүлкібай ата бармаған болса, не болар еді?
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма: Шарды жару арқылы тапсырмаларды дәптерге орындайды.
1-топ: Бірінші тар: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу.
Жусан - көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі.
Бір немесе көп жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі 10 – 100 см. Жер шарына кең тараған Солтүстік Америкада, Еуропа, Азия және Австралияда кездесетін 80-ге жуық түрінің Қазақстанда 9 түрі кездеседі.

Екінші шар: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.
2-топ:Бірінші шар: Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.
Екінші шар: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.
Жүрісін, бет-әлпетін, түрін
Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.
Ендеше балалар, Мүлікбай атаның несін суреттеген?
-Енді осы сөздерді пайдалана отырып портрет дегеніміз әдеби теориялық жағынан не? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
«Портрет» туралы мағлұмат беру.
Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін, кескін-келбетін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.
Сергіту сәті:
- Ендеше балалар қазір біздер сәл тынығып алайық. Ол үшін «Нар идірген» күйін тыңдай отырып әрқайсысың өздеріңнің портреттеріңді салып, көршілеріңе тапсырыңдар.
Жаңа сабақты бекіту.
«Ассоциация»
1-топ үлекке сипаттама береді. 2-топ:



«Үлек» сөзіне 5 жолды өлең құрас.
Үлек
Үлек
Мойны ұзын, жүрдек, ұшқыр
Күркірейді, жуасып қалады
Үлек өте жүрдек әрі ұшқыр
Түйе
Төрт-түлік малға қатысты қандай мақал-мәтелдерді білеміз?
«Білдім» жаңа сабақтан не білгенімізді жазамыз.
Рефлексия:
- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақты қаншалықты түсіндік?
«Білгім келеді» өз ойларын жазу.
Үйге тапсырма:
1.165-167 бет мәтінді түсініп оқу.
2.Түйе туралы мәлімет материал жинау.
Бағалау.