СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мастер-класс "Пәнаралық байланыс"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақпараттың өлшем бірлігі туралы өткен мастер-класым. 

Просмотр содержимого документа
«Мастер-класс "Пәнаралық байланыс"»



















«Пәнаралық байланыс»

тақырыбында мастер-класс

15.03.2017 жыл









19 орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Атагельдиева Жулдыз Нурлановна









-Құрметті әріптестер, сәлеметсіздер!

-Мен сіздерді өзімнің бүгінгі мастер-класымда көргеніме өте қуаныштымын.

-Маған өздеріңіздің бүгінгі көңіл-күйлеріңізді сәйкес карточкамен көрсетіңіздерші!

(Менде көрсетемін) қызыл- өте жақсы, жасыл-жақсы, сары-онша емес

-Бүгінгі менің өтетін мастер-класымның тақырыбы: «Пәнаралық байланыс»

Мастер-кластың мақсаты:

Мұғалімдерге пәнаралық байланыстың артықшылығын және оқушының сабаққа деген қызығушылығының арта түсетінін ұғындыру.



Мастер-кластың міндеттері:

1.Пәнаралық байланыс және оның шығу тарихы.

2.Пәнаралық байланыстың артықшылығы оқушыларға толық, терең білім берудің  бірден-бір әдіс-тәсілі.

3. Пәнаралық байланыс оқушы мен мұғалімнің оқу процесінің бір бөлшегі.



Түрі: Практикалық элементтері бар  түсіндірмелі сабақ



Көрнекілігі:ДК, оқулық, слайд, қажетті құралдар, қиындылар

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, қиындылар арқылы топқа бөлу, топ басшысын, спикерін сайлау.

- «Бір аңыз әңгімеде былай айтылыпты: Ертеде бір дана адам өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам болса оның білгенін жоққа шығарғысы келіп, баққа барып бір көбелек ұстап алыпты. Сосын оны алақанына салып дана адамға келіпті. Дана адам менің қолымдағы көбелек тірі ме әлде өліме деп сұрайды. Бірақ өзі ойланып тұрып, егер тірі десе мыжып тастаймын, егер өлі десе ұшырып жіберемін деп. Сонда данышпан адам былай деді: «Барлығы сенің қолыңда» деген екен». Бұдан шығатын нәтиже: Оқушы сабақта өзін сүйікті екенін сезіну, еркін сезіну, керекті қажет екенін білу, ең бастысы табысты етіп сезіну біздің әрине ұстаздың қолында.

«Доп лақтыру» әдісі. Сұрақтар қойылады. Жалпы информатика пәні туралы қайталау. (2-3 сұрақ).



   Ежелдегі Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология. Сол кезде Аристотель Платон, Сократ пәнаралық жүйені зерттеген екен.

ХVІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды атауға болады: Я.А.Коменский, Д.Локк, И.Г.Песталоции, Ж.Руссо т.б.Мысалы, Я.А.Коменскийдің пікіріне сүйенсек: «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде оқытылуы керек» - деп жазды.
ХІХ ғасырдың 60 – шы жылдарында прогресшіл педагогтар, атап айтқанда, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский т.б. өздерінің ғылыми құнды еңбектерінде пәнаралық байланысқа зор көңіл аударды.

Елбасымыз кезекті Жолдауында: «Ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады. Кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады»,– деп атап көрсетеді.«Сабақ өту – жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,– дейді Ж.Аймауытов.

Расымен де, мұғалім болып, бала оқыту – оңай шаруа емес. Кез келген педагог өз сабағының қызықты, әрі тартымды өтуі үшін өз сабағымен қатар, жалпы білім беретін басқа да пәндерге байланыс жасау арқылы білім беруі тиіс. Пәнаралық байланыс ең алдымен, жалпы оқу процесін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға,  ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, оқушының интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзіңің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екені туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді. Әрбір мұғалімнің көздейтін мақсаты – оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс кезінде, оқушылардың ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады. Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Бүгін мен мастер класымда пәнаралық байланысты қолдансам деп отырмын. Ол үшін сіздердің көмектеріңіз және қолдауларыңыз қажет. Өз слайдтарымнан мысалдар келтіремін.

I-тапсырма

1.-ші топқа бірнеше кітап топтамасының салмағын анықтау керек.(ағылшын тілде айту) (таразы-безмен-libra, кітаптар- книги-books, қалам- ручка- pen)

2-ші топқа бірнеше кітаптар топтамасының көлемін анықтау керек. (сызғыш-линейка-ruler, кітаптар- книги-books, қалам- ручка- pen)

Әр символ 1 байтқа тең оны бәріміз білеміз. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ол –бит. (бит, байт, кбайт, мбайт, гбайт тбайт)

II-тапсырма

1-ші топқа әдебиет кітабының ақпараттық көлемін анықтау керек.

2-ші топқа география кітабының ақпараттық көлемін анықтау керек.

Сұрақ:

1-ші топқа 2гбайттық флешкаға неше электрондық оқулықты сыйдыруға болады?

2-ші топқа 8гбайттық флешкаға неше электрондық оқулық сияды?

III-тапсырма «Логикалық сұрақтар»

1. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған торғайды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?

2. Қашан теңеседі
Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.

3.Профессор кешкі сағат 8 –де ұйықтап , сағатының қонырауын азанғы тоғызға туралайды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды?

4. Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызының басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды? 

5.Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?

6. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

Жауабы: шырпы

8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? 

Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат

9. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

10. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық

11. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

12. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет



IV-тапсырма «Домино» ойыны

1-топ. Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен орналастырыңдар.

2-топ. Ақпараттың өлшем бірлігін кему ретімен орналастырыңдар.

Әріптестерге сұрақ. Бүгінгі біздің мастер класта қандай пәнаралық байланыс болды?

Пәндік білім -оқытылатын пәннің өзекті білімдерін айқындайды.

Педагогикалық білім - терең білім алу процестерінде тәжірибе ала отырып, оқытудың әдіс- тәсілдерін қолдану.

Технологиялық білім- қосымша құралдардың көмегімен оқыту (видео, желілік материалдар)

Қорытындылау

“Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі”, – демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.

Рефлексия: (микрофон тәсілімен)

-Сіз бүгінгі сабақта өз жұмысыңызда қалай бағалайсыз?

-Қандай тапсырманы орындау сізге оңай және қызықты болды?

-Сізге сабақ басында қандай тапсырмаларды орындау қиынға түсті?

-Қандай жаңа ұғымдармен таныстыңыз?

-Сізге бүгінгі мастер-класс ұнады ма?



Пікір алу.