Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Алматы Дарынды Жастар Колледжі
«БЕКІТЕМІН»
Колледж директоры
______________Ж.С.Пралиев
«____»____________ 2017 ж.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Маталарды әшекейлеуге керекті материалдар
Сәндік қолданбалы өнері
Оқытушы: Есжанова Г.М.
Топ: ББ 401(4)-14
Алматы 2017 ж.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: Технология оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Маталарды әшекейлеуге керекті материалдар
Сәндік қолданбалы өнері
Бүгінгі сабақтан қандай нәтиже күтесіз?
1.Сабаққа дейін
1.Сабақтың мақсаты
а). Білімділік – Оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы мағлұмат беру. Ою - өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру.
ә). Дамытушылық - Оқушылардың ою - өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту
б). Тәрбиелік - : Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, бағалап қастерлей білуге тәрбиелеу.
2.Алғышарттар (пререквизиттер)
а). Біліми – Қазақ халқының ұлттық сәндік қолданбалы өнерінің негізгі өзегі оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы мағлұмат беру. Ою - өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру, оқушылардың ою - өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуін іске асыру.
ә). ӘДІСТЕМЕЛІК: Топқа бөлу, жеке жұмыс түрі, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы. Ойтолғау, ой қозғау, қызығушылығын ояту, мағынаны тану, «Топтастыру» әдісі, «Модульдік оқыту» әдісі сурет бойынша әңгіме,пікірталас, сөзжұмбақ шешу әдістері, т.б
3.Бағалау
а). Өткен тақырыпты балалардың қаншалықты дәрежеде меңгергенін білу үшін Қазақстан Оқу Технологиясын ұйымдастырған «қолөнер мен бұйымдарды жасау арқылы еңбек тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша қызығушылығын ояту,ой толғау,ой қозғау,топтастыру әдісін қолдану арқылы оқушыларды топтық жұмыстағы белсенділік деңгейін бағалауды қолданамын.
4. Қажетті материалдар
Көрнекіліктер – Сәнді қолданбалы өнер шығармаларының туындылары, суреттер, плакат, интерактивті тақта,слайдтар,техникалық құралдары,маркер,сызбакесте,жылжымалы тақта көрнекілігі,компьютер,түрлі-түсті қағаздар,кітап тезис материалдары.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Өстеміров К. Технология пәнін оқыту әдістемесі. – Алматы.
2.Кругликов Г.И. Методика преподавания технологии с практикумом: учеб.пособие
3.Ортаев Б.Т. Технология пәнін оқытудағы политехникалық бағыттылық. Оқу-әдістемелік
4.Ортаев Б.Т. Кубенов М.А. Оқу шеберханасы. Оқу-әдістемелік құрал.
5.Мельникова Л.В. и др. Методика трудового обучения
6. О.Сыздықов, Д.Қ.Пошаев, Б.Т. Ортаев. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі: 5В012000
Сабақтың әрбір кезеңіне және тапсырмаларды орындауға берілген уақыт:
Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут.
Үй тапсырмасын сұрау - 20 минут.
Жаңа сабақты түсіндіру -20 минут.
Бекіту - 15 минут.
Қорытындылау – 20 минут.
Үй тапсырмасын беру - 3 минут.
Оқушылар сабақта жүйелі, тиянақты білім алып, тиімді жұмыс істеу үшін 2,3топқа бөлінеді.
ІІ. Сабақтың бірінші кезеңінде
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыптан ауызша сұрақтар қою, анықтамасын сұрау. 1. Қандай ұлттық аспаптарды білесіздер?
2.Ұлтық аспаптар неден жасалады?
3.Қазақ ұлттық аспаптары ерекшілігі неде?
ІІІ- Сабақтың екінші кезеңінде
1.Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері көркем өнеркәсіптің дамуына, маман суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті және көршілес жатқан халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырады.
Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапаларға ие өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады.
Қазіргі заманғы суретшілер халық дәстүрлерін ой елегінен қайта өткізіп, шығармашылықпен қайта өңдей отырып, оларды жаңа материалдарға пластик резеңкемен жұмысқа бейімдейді. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері: керамика, әйнек(ыдыстар, құмыра, құрылыс деталдары, мозайкалар) көркем оймыш(ағаш, тас, сүйек, пластмасса), металдан жасалған көркемдік бұйымдар(зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар, т. б) жиһаздар, текстиль(мата, кілем, т. б)
Оқушыларды үш топқа бөлу: «Зергерлер», «Шеберлер», «Суретшілер»
Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған. Қазақтың осы күнгі ою - өрнегін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.
I-Бөлім.
Сөзжұмбақ «Ою - өрнек»
1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)
ІІ - Бөлім.
Әрбір сайыста дұрыс жауапқа бір оюдан(ұпай) беріледі, сайыс соңында ұпай саналады.
«Қолөнердің қыр - сырлары» Сұрақ - жауап сайысы.
1. Қолөнері дегеніміз не?
2. Зергер дегеніміз кім?
3. Ісмер дегеніміз кім?
4. Ою - өрнектер ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді?
5. Ою - өрнек түрлерін ата?
6. «Қошқар мүйіз» өрнектің қай түріне жатады?
ІІІ - Бөлім.
«Сегіз қырлы бір сырлы» Топпен жұмыс.
«Зергерлер» тобына тапсырма:
Ұлттық аспаптар суретін салу
«Шеберлер» тобына тапсырма:
Ұлттық ыдыс –аяқтар суретін салу.
«Суретшілер» тобына тапсырма:
Құрал- жабдықтар суретін салу.
ІV - Бөлім.
«Өнер алды қызыл тіл» Мақал - мәтелдер сайысы.
Қай топ көп мақал біледі?
Асыл-тастан шығар,
Өнер жастан шығар. Өнерлінің өзегі талмас
Өнер өрге жүзеді.
Жігіт бір сырлы,
Сегіз қырлы болсын.
Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық.
Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.
Өнер ердің қанаты.
Өнерлі бала сүйкімді.
Шебердің қолы көпке ортақ.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
V - Бөлім.
Әр топтан бір баладан шығып салған суреттерін қорғайды Оқушылардың алған ұпай сандарын есептеп,жеңімпаз топ анықталып марапатталады.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушыларға жаңа сабақтан сұрақтар қою.
Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Сәндік қолданбалы өнер» тақырыбына слайд істеу.