СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Матаматика пәнінен шығармашылық есеп

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

математика пәні мұғалімінің шығармашылық есебі жазылған

Просмотр содержимого документа
«Матаматика пәнінен шығармашылық есеп»

Математика пәнінің мұғалімі Жетымбекова Сымбат Елеусизовнаның шығармашылық есебі


Бүгінгі заман талабына сай жаңадан құрылған ұлттық өнеге берер, болашақ қазақ мектебінің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады, шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуін қажет етеді.

Менің алдымдағы басты мақсатым – шығармашылығы жоғары тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатыма жету үшін озық тәжірибелі педагогтардың іс – тәжірибесі, педагогикалық технологияларын басшылыққа алу көп нәтиже берді.

Жеке тұлға тәрбиелеу үшін мұғалім педагогика, психология, математика ғылымдарының негізін барынша жетік білуімен қатар оқытудың жаңа әдістерін жете меңгеріп, оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы қажет. Мұғалім үшін « Ойсыз, оқусыз, ой –толғауынсыз өткізген әрбір күн – зая кеткен күн» болмақ.

Жаңа технологиямен жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап–ақ шәкірттерімнің жүзінен өзіме деген бір жылылық сезіндім. Сезіндім де, кеудемді бір белгісіз қуаныш кернеп, әр сабағымды кішкене болса да жаңалық ашуға ұмтылдым. Бұрын күнделікті сабаққа ауыр ой жұмыс сияқты болып көрінсе, ендігі жерде күнде бір жаңалық ашатын өнертапқыш іспетті әр сабаққа аса бір қызығушылықпен әзірленіп, дайындаламын.

Дәстүрлі сабақта білімді мұғалім беріп, оқушының өз бетімен ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасалмайды. « Білу, нану, ұнату – ақыл ісі» (Шәкәрім) демекші, ізденіс, ойланыс болмаса, ешқандай проблеманы шешу мүмкін емес. Жаңа технологияның артықшылығы оқушының сабаққа қызығушылығы арттыру арқылы өз бетімен, жұптасып, топпен бірлесе отырып ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашатындығында деп есептеймін.

Мұғалім өз жұмысын оқушының өздігінен білім алуына бағыттауы қажет.Оқытуда осы мүддеден шығатын жаңа технология түрлері көп. Оқушының өзіндік қабілеті қалыптастыруға және білім алуға, дайындығын жетілдіруге оңтайлы алғышарт бола алатын технологияның бірі –жаңашыл ұстаз Ж.Қараевтың «Үш өлшемді оқыту» әдісін қолданамын.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мұмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі 3 деңгейі қарастырылды. Ең төменгі деңгей базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Ең төменгі деңгей бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргіземін. Білім деңгейлері жақсы дамыған оқушыларға бағдарламалық деңгей бойынша тапсырмалар беремін. Үздік оқитын оқушыларға осы үш деңгей бойынша барлық тапсырмаларды орындатуға тырысамын.Әдістемелік тақырыбымның өзі «сабақта үш өлшемді оқыту тәсілін негізе ала отырып оқушылардың шығармашылық, логикалық мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу» тақырыбында оқушының ғылыми жан-дүниесін біліммен ұштастыру мақсатында қойылған. Осы тақырыптың І кезеңінде бойынша жұмыс істеудемін. 2015-2016 оқу жылында математика пәні бойынша білім сапасы 63%, 2017-2018 оқу жылында білім сапасы 64,2% жетті.

Оқушылардың танымдық қызметін активтендірудің білім сапасын арттырудағы маңызы зор. Осы мақсатқа жету үшін өз сабағымда оқушыларға топтық, жұптық тәсілдер қолданамын.Жаңа заман талабына са қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды оқушы санасына жеткізе қалыптастыруда, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, олардың танымдық белсенділігін жетілдіруде сыныптан тыс «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Озық ойлы оқушы», «Математика әлемінде» тақырыбында жұмыстар жүргіземін. Сонымен қатар дарынды балалармен жұмыста да шығармашылықпен істелген жұмыстың нәтижесі баршылық. Дарынды оқушылармен қатар үлгерімі төмен оқушылармен де жұмыс жекелей және топтау жұмыс түрінде жүргізіліп, оқушы білімінің сапасын арттыруда.

Қорыта келе , сабаққа қойылатын талаптарды аса зор жауапкершілік пен шеберлік арқылы шешуге тырысамын. Сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс – тәсілдерді тандап ала отырып, оқушының шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке тұлға қалыптастыру мақсатында шығармашылықпен жұмыс жасаудамын.



Әр деңгейдің өз бағалануы бар, білім берудегі демократиялық критерийлер сақталады. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны оқушыға беру процесі. Математика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын.Ол оқушылардың интеллектін,логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға,табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.Математика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай,оқушының ойын дамытып,эмоциясына,сезіміне қозғау салады.Өзіне қажетті мазмұын мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап,өз бетінше ойланып,шешім қабылдауға дағдыланады.Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі