СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика сабағында ұлттық құндылықты қолдану

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі таңда білім беру саласында заманына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дәстүрге айналғаны баршамызға мәлім. Олай болса, ұстаз алдында басты мақсат – сабақта АКТ-ны тиімді қолдану арқылы рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру. Сабақтың барысында тақырыпты халқымыздың тұрмыс-салтымен байланыстыра оқыту білім алушылардың  өз елінің тарихын, тұрмыс-салтын білуге үйретеді.

Просмотр содержимого документа
«Математика сабағында ұлттық құндылықты қолдану»

Математика сабағында ұлттық құндылықты қолдану

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Осыған байланысты әр мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бір ғана әдіс-тәсіл әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.

Бүгінгі таңда білім беру саласында заманына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дәстүрге айналғаны баршамызға мәлім. Олай болса, ұстаз алдында басты мақсат – сабақта АКТ-ны тиімді қолдану арқылы рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру. Сабақтың барысында тақырыпты халқымыздың тұрмыс-салтымен байланыстыра оқыту білім алушылардың өз елінің тарихын, тұрмыс-салтын білуге үйретеді.

Атап айтқанда, 6-сыныпта, 9-сыныпта симметрия, жазықтықтағы түрлендірулер тақырыбында оқушыларға жекелей немесе топтық тапсырманы келесі түрде беруге болады:

1-тапсырма: оқушылар математиканы ұлттық өнерде қолдану мысалдарын зерттейді, мысалы, кілемдегі өрнектер, ыдыс-аяқтағы ою-өрнектер, дәстүрлі ғимараттардағы архитектуралық формалар.

Оқушылар осы мысалдардағы геометриялық фигураларды, пропорцияларды және симметрияларды талдайды, содан кейін өз нәтижелерін презентация немесе жазбаша жұмыс ретінде ұсынады.

2-тапсырма. Жобалық жұмыс:"Геометриялық ою-өрнек жасау.

Оқушылар ұлттық өнер элементтерін пайдалана отырып, өздерінің геометриялық ою-өрнектерін жасайды. Олар ою-өрнек жасауда қандай математикалық принциптер қолданылғанын түсіндіруі керек (мысалы, симметрия, қайталау, масштабтау).

3-тапсырма. Зерттеу жұмысы: "Қазақ ою-өрнектерінің геометриясы" Бейнесілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=PNc-lNUyXQc

Оқушылар қазақ мәдениетінің элементтерінің бірін таңдайды, мысалы, киіз үйлердегі өрнектер, дәстүрлі қораптар (сандық) немесе ұлттық киімдер және осы үлгілердегі геометриялық фигуралар мен принциптердің қолданылуын зерттейді. Нәтижелер табылған геометриялық пішіндер мен олардың мағынасын сипаттайтын есеп немесе презентация түрінде ұсынылады.

4-тапсырма.Практикалық жұмыс: "Геометриялық ою-өрнек жасау".

Берілген өрнектің өлшемін жасаңдар. Өлшемін жасағаннан кейін, дәптер бетіне сызыңдар.


Математика сабағында оқу мақсатына қол жетуге, оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер мен цифрлық ресурстарды тиімді қолдана отырып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру - негізгі мақсатым.

Сабақтың барысында оқушыларға Wordwool, learningapps, socrativ.com, flippity т.б білім беру платформалары көмегімен санға қатысты мақал – мәтелдерді табуға тапсырмалар ұсынуға болады. Мәселен, 8-сыныптың «Квадрат теңдеу», «Виет теоремасы» тақырыбы бойынша ұлттық құндылыққа келесі мазмұндағы тапсырма ұсынуға болады:

1-тапсырма. Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып квадрат теңдеу құру. Теңдеудің түбірлеріне сәйкес мақал-мәтел айту.

1. х1=1; х2=100 х2 - 101х+100 = 0

Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
1=100; х2=1000 . х2 - 1100х+100 000 = 0

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
3. х1=12; х2=13 х2 - 25х+156 = 0

Он екі айда он үш той.
4. х1=1; х2=40 х2 - 41х+40 = 0

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
5. х1=7; х2=8 х2 - 15х+56= 0

Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

6. х1=7; х2=7 х2 - 14х+49 = 0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл, құлағы мен жағын жер.
7. х1=1; х2=9 х2 - 10х+9 = 0

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас.

8. х1=2; х2=4 х2 - 6х+8= 0

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

10. х2 - 7х+6= 0 х1=1; х2=6

Ағайын – алтау, ана – біреу.

2-тапсырма:

а) Квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы 14, көбейтіндісі 49 болса, квадрат теңдеудің түбірлерін тап.

Жауабы: 7. (Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл).

(Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер).

ә)Виет теоремасын қолданып квадрат теңдеудің түбірлерін тап:

х² -60х +900 = 0 (Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды)

Аталмыш тапсырманы оқушыларға әртүрлі тәсілмен, әртүрлі платформада ұсынуға болады:

І. Wordwool платформасы арқылы «Сәйкестендіру» әдісі арқылы оқушылар 1-тапсырманың шешімін табады, мақал-мәтел айтады.

ІІ. Learningapps платформасы арқылы «Жұбын тап» тапсырмасын орындайды, теңдеудің түбірлері бойынша квадрат теңдеуді құрастырады, жұбын тауып, жауабы бойынша санға қатысты мақал-мәтел айтады.


ІІІ. Flippity платформасы арқылы «Барабан» әдісі арқылы оқушыларға 1-тапсырманы ұсына аламыз. Оқушылар кездейсоқ таңдалған сандар жұбы –теңдеудің түбірлері бойынша мақал-мәтел айта отырып, Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып квадрат теңдеу құрады.



IV. socrativ.com платформасы арқылы ашық және жабық тест тапсырмасын орындай отырып, теңдеудің түбірлері бойынша мақал-мәтел айтады.

Санға қатысты мақал-мәтелдерге берілген тапсырманы әр сыныпта, әр тақырыпта алуға болады: 5-сынып «Теңдеу», «Мәтін есептер», 6-сынып «Пропорция» т.с.с. Тақырыпқа, тапсырма мазмұнына байланысты цифрлық ресурсты қолданып, есептің жауабы 1,2,3, ... шықса, сол сандарға байланысты мақал-мәтелдерді айту ұсынылады:

«Бір жылы сөз бір күнге азық»

«Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады»

«Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына»

«Төрт аяқты жылқы да сүрінеді»

«Бес саусақ бірдей емес»

«Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды»

«Елу жылда – ел жаңа».

Абай мен Шәкәрімнің жұмбағын 5-сыныпта «Натурал сандар» бөлімі бойынша сабақтың басында, тақырыпқа кіріспе ретінде, жаңа тақырыпты анықтау мақсатында оқушыларға презентация, «банкомат» әдісі арқылы, Joyteka платформасында тапсырма ретінде ұсынуға болады.



Алла мықты жаратқан сегіз батыр

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі:

Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

Таба алмасам, ақылды болар неміз?

Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық — болды сегіз.


Тоғыз жиылып бір толғатқан

Бірін бірі буазғыз жуандатқан

Тоғызының киімі тоғыз түрлі

Келген кісі сияқты әр тараптан...

Ал, балалар бұл не?

(математикалық цифрлар)


Әрине тапсырмалар, білім беру платформалары мен әдіс-тәсілдерді таңдауда оқушылардың жас ерекшеліктері, жеке немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқытуды ескеру қажет. Тапсырмалар жұппен, топпен, жекелей орындалуы мүмкін.

Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру үшін цифрлық ресурстарды қолданып оқулықтан қосымша ресурстардан алынған келесі тапсырмаларды да цифрлық ресурс, білім беру платформалары арқылы ұсынуға болады:

5-сынып.

Бәйтерек монументінің шармен қосқандағы биіктігі 105 метр, шарсыз биіктігі 97 метр. Осы сандарды пайдаланып дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды жазыңдар.

Домбыраның басы (құлағы) м, мойны м, шанағы м. Домбыраның ұзындығын тап. Координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді?

10-11-сынып.

Еліміздің бас қаласында орналасқан «Бейбітшілік және келісім сарайының» биіктігі 62 метр, ұзындығы мен ені 62 метр. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын тап.

Еліміздің бас қаласында орналасқан Бейбітшілік және келісім сарайы дұрыс төртбұрышты пирамида пішіндес болып табылады. Оның биіктігі табанының қабырғасына тең. Осы пирамиданың бүйір жағы мен табан жазықтығы арасындағы бұрыштың тангенсін табыңыз.

Сонымен, математика сабағында тапсырмаларды жүйелі құрастыра отырып, цифрлық ресурсты ұтымды пайдаланып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту: авторлық бағдарлама / Құраст.: Исмагилова Назым Зияшовна. – Алматы: «Тайлан», 2024

2. «ІV Международное книжное издание стран Содружества Независимых Государств «ЛУЧШИЙ ПЕДАГОГ – 2023», 54 бет