СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Математикалық дода» сайысы.

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара.

Просмотр содержимого документа
««Математикалық дода» сайысы.»

Сервис және Жаңа Технологиялар колледжі

















Математика пәнінің мұғалімі:

Альмуханова Мендигыз Мутиголиевна







Орал қаласы - 2017

111, №121, №141- топтарға арналған

математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара.



«Математикалық дода» сайысы.











Армысыздар, құрметті қонақтар, сайыскерлер!



Бүгінгі «Математикалық дода» атты сайысымызға қош келдіңіздер!



Ғалымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансын.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансаң.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән - математика атанғансың! – дей келе ортаға

«Математикалық дода» сайысына қатысушыларды шақырамыз.



Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық.









Сайысымыздың алғашқы туры- «Кім жылдам?»

1-топ



  • 1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? (диаметр)

  • 2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)

  • 3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (0)

  • 4. 9-ға қарама қарсы сан (-9)

  • 5. -99,9 бен 1 қайсысы үлкен? (1)

  • 6. 0-ден үлкен сандар (оң сандар)

2-топ

  • 1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)

  • 2. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус)

  • 3. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен? (10)

  • 4. Екі санның қатынасы не деп аталады? (пропорция)

  • 5. 0- ден кіші сандар (теріс сандар)

  • 6. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)


ІІ тур. Логикалық есептер


Бұл тур бойынша сайысқа қатысушыларға сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.


Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.



  1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?(100)

  2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?(тең)

  3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты?(2105)

  4. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20,21, 23, 24, 26, 27,.... (29)

  5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден).

  6. Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?(16)

  7. Дүкенде 16кг, 17кг, 40кг –дық қораптарға кәмпиттер салынған. Қораптарды ашпай-ақ Аяз Ата балаларға 50кг кәмпит сатып алуына бола ма? 16+17+17=50

  8. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді. Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі, неше асығы бар?(23 асық, 3 немере)








1. 3 әртүрлі сандарды алдымен қосты, одан кейін оларды көбейтті. Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды.Олар қандай сандар болғаны? (1+2+3=1х2х3=6 )

2. Студент кешкі сағат 10-да ұйықтауға жатар алдында, шырылдайтын сағатын келесі күні сағат 12-де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдап оятқанша ол неше сағат ұйықтайды? (2 сағ)

3. Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? (50)

4. Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды? ( Ит 20 жыл, түйе 30)

5. Бір сан ойладық, сол санды 2 есе арттырып, шыққан нәтижені 3 – ке бөлгенде, 80 санын алдық. Ойланған санды тап (120)

6.Көл тоғанды қырға бар

Келіп қонды тырналар.

Жұптан қонып сол жерде

Отыр екен он жерде

Санап берші тырналар

Қанша болды ол жерде? (20 )

7. Бір-бірімен белгілі байланыспен орналасқан сандар қатары берілген. Сандар байланысы ерекшелігін тауып, қатарды жалғастыр, яғни келесі қай сан екенін анықта. 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...? (10)

8. 50-ді -ге бөліп, 3-ті қосқанда нәтиже қандай? (103)

Сиқырлы шаршы



Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 30-ға тең болатындай етіп

2, 4, 6, 8, 12, 14, 16, 18 сандарымен бос торкөздерді толтыр



Төртбұрыштың орнына сан қойып,

мақалды оқы



  1. Ер 1 рет өледі, Қорқақ 1000 рет өледі.

  2. 7 рет өлшеп,1 рет кес.

  3. 2 құзғын таласса, 1 қарғаға жем болар.

  4. 1 кісі қазған құдықтан,1000 кісі су ішеді.

  5. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

  6. Білгенің бір 9,білмегенің 99.

Есепке кім жүйрік?

Сайысы



Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.



Берілген есептерді барлығы орындайды .


1.Жұлдызшаның орына сан қойып, көбейтуді орында:


* 2 *

2 7

3 6 * 8

* * * *

* * * * *

2. 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең? 3 210 – 1 023= 2 187

3.


Әрбір сақинадағы сандардың қосындысы 55-ке тең болса, А және В қаншаға тең? 10,8

  1. Тапсырма:

  2. 7 7 7 7=2 Жауабы: 7:7+7:7=2

7 7 7 7=5 Жауабы: 7-(7+7):7=5

7 7 7 7=8 Жауабы: (7·7+7):7=8

  1. 7 7 7 7=3 Жауабы: (7+7+7):7=3

7 7 7 7=6 Жауабы: (7·7-7):7=6

7 7 7 7=9 Жауабы: 7+(7+7):7=9

  1. 7 7 7 7=4 Жауабы: 77:7-7=4

7 7 7 7=7 Жауабы: (7-7)·7+7=7

7 7 7 7=10 Жауабы: (77-7):7=10

Қорытынды. Сөз әділқазыларға беріледі.Жеңімпаздарды марапаттау.