СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математикалық кафе

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын дидактикалық ойын. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Просмотр содержимого документа
«Математикалық кафе»

«Білімді бала – ел ертеңі» атты математикалық кафе

Мақсаты:

  1. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, математикаға қызығушылығын арттыру.

  2. Оқушылардың іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау.

  3. Оқушыны тапқырлықпен төзімділікке ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтан тыс шараның  түрі:  дидактикалық ойын.

Көрнекілік:  кафе үлгісіндегі кабинет, үлестірмелі қағаздар,  сілтемелер.

Шарты:   кафе үлгісіндегі кабинетте математика мерекесіне қатысушылар   үшін үстел әзірленіп, «Үшбұрыш», «Төртбұрыш», «Шаршы», «Куб», «Дөңгелек», «Шеңбер» сілтемелері қойылады. Ойынға 6 команда 3 оқушылардан қатыстырылады және жүргізуші «бас аспаз». Төрешілер үшін «Есепшілер конторасы» болады.

Жүргізуші: Құрметті математикалық кафенің қонақтары бүгін кафеміздің алты столының тапсырыс берген қонақтары бар. Соларды ортаға шақырып, таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олар : математика мерекесіне қатысып отырған «Үшбұрыш», «Төртбұрыш», «Шаршы», «Куб», «Дөңгелек», «Шеңбер» командалары. «Қош келдіңіздер» деп алдарыңызға кафеміздің бүгінгі мәзірін ұсынамыз! Біздің тағамдарымыздан дәм татып, би-билеп, уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілек білдіреміз! Кафенің «бас аспазы» — мен Қасенқызы Ақбота.

Төрешілер – Меделбаева Н.К., Отарова Г.Т., Итбаева М.Ж., Ташимова Ж.Т. Ендеше, мерекеміз ашық, дастархан жаюлы. Ас дәмді болсын!!!

Ас- мәзірі:

  • «Үш бұрыш » қосылған сорпа

  • Қуырдақ- «Кім үлгерді, сол жеді»

  • Салат «Ұмытпашы»

  • «Біздің дастарханнан- сіздің дастарханға...»

  • «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ».

  • «Мезим»

Кафе мәзірінен колориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіретін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десертті де таба аласыз. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!

Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді. Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер!

Жүргізуші: Кеш қонақтары! Бүгінгі кештің ерекшелігі «ас мәзірінде» ерекше тағамдарға байланысты тапсырмалар бар. Тапсырманы орындаған командаға ұтыс беріледі.

Жұргізуші : келесі тағамымыз «Үш бұрыш » қосылған сорпа. Мұнда алты топқа тапсырма беріледі. Арифметикалық төрт амалды пайдалана отырып белгісіз санды табу керек:



12 8 6

?

40

23







5 7 6 8 10 4


1 –ші порция. Жауабы: (4*10)-6=34

?

54

90




14 5 12 3 17 9







10 6 5

2-ші порция. Жауабы: (17-9)*5=40

8 6 5

?

10

3











  1. 6 5 12 15 9

3-ші порция. Жауабы: (15*9)/5=27

12 3 6

?

22

53







5 7 10 8 11 7

4-ші порция. Жауабы: (11*6)-7=59

?

12

15




4 5 2 3 9 18







12 8 4

5-ші порция. Жауабы: (18*4)/9=8

12 7 7

?

21

48











  1. 9 9 12 6 18

2-ші порция. Жауабы: (18-6)*7=84


Жұргізуші : Қуырдақ- «Кім үлгерді,сол жеді» берілген сұрақтарға бірінші жауап берген топқа бір ұпай қосылады. Әр сұрақ 3 ұпай.

  1. Математиктердің ойынша бір поездың екінші поездан айырмашылығы неде? (нөмірінде)

  2. Балаларды жазалауда қолданылатын геометриялық фигура?(бұрыш)

  3. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ  20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (тең)

  4. Бір жылда қанша толық апта бар?(52)

  5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.Неше стакан қалды? (3 стакан)

  6. Такси тұрағында он машина тұр еді. Алдыңғы екеуі жүріп кетті,нешеуі орнында қалды?(10 машина)

  7. 1 цифрын 5 рет  пайдаланып, 100 қалай жазуға  болады.(111-11=100)

  8. Екі    саннның  қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке  тең. Ол қандай сандар?(5;3)

  9. Жылдың неше айында 28 күн бар?(Барлық айда)

  10. Қандай  цифрлардың  көбейтіндісі де,қосындысы да  6-ға тең.(1,2,3)

  11. Бөлмеде 4 мысық  отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық.  Барлығы неше  мысық? (4 мысық)

  12. Бір таңбалы санның соңына дәл сондай санды жаздық, сан неше есе өсті?(11есе)

  13. Егер күзгі кеште сағат 10 да жаңбыр жауып тұрса, онда 48 сағаттан соң күн шығуы мүмкін бе ? ( мүмкін емес)

  14. 2 цифрын 4 рет пайдаланып 1-ді қалай  жазуға  болады? (2-2+2/2=1)

  15. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең ? (0-ге тең )

  16. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? (шаршы)

  17. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)

  18. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (шырпы)

  19. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (3 майшам)

  20. Пойыз құрамында 10 вагон, ал олардың әрқайсысында 50 орыннан бар. Егер пойызда 300 жолаушы болса, поезда қанша бос орын бар? (200)

Жүргізуші : Ас – мәзіріндегі келесі тағамымыз: Салат «Ұмытпашы». Берілген салатта әріптердің астында сандар жасырылған сол сандарды табу керек.

  1. АВ х А = CCC Жауабы: 37х3=111

  2. МННН- ККК = М Жауабы : 1000-999 =1

  3. АCD+DCА = BBB Жауабы: 123+321=444

  4. МIN* N = LIKE Жауабы : 504*4=2016

  5. JOB/B = VJ Жауабы: 123/3=41

  6. BBC*D=BURN Жауабы : 224*9=2016

Келесі кезекте : «Біздің дастарханнан- сіздің дастарханға…»  әр топ  келесі топқа тағам жолдайды.

Әр топ басқа топқа тапсырма береді, логикалық тапсырмалар болсада болды.

Келесі тағам: «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ»






«Мезим»

Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпадыңыздар. Кейбір адамдарда қабылдаған астары тез қорытылады, ал кейбірінде іштерін ауыртып мазасыздандырады. Асты көп қабылдаудан іштері ауратындарға, сонымен қатар бүгінгі ас бойларыңызға тез сіңуі үшін сіздерге асқазан үшін таптырмас дәрі «Мезимді» ұсынамыз. Логикалық есептер береміз.

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3кг)

  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5бұрыш)

  3. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? Соңғы бетіне салған

  4. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Алмұрат

  5. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?( 4 рет)

  6. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (1 асық дорба ишинде қалды)

 Құрметті қонақтар! Сіздердің құрметтеріңізге кафе қызметкерлері әзірлеген барлық тағамнан ас тартпай, қадірлі қонақ бола білгендеріңіздің құрметіне және шынында да кафеде отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің сүйікті әншісі орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Төрешілерге сөз беріп, жеңімпаздарды анықтайық.

Реңжімеңдер, қалсаңыздар жеңіліп,

Алда тұр талай жеңіс сізді күтіп.

Математиканы терең зерттеп,танысып,

Кездесейік сайыстарда қауышып.

Қай тіл, қай ғасырды алсақ та,

Білім алу әр адамда мақсатта,

Білімменен елімізді көркейтіп,

Жетейік біз асқар асыл мұратқа!

Назарларыңызға рахмет!






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!