СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математикалық кафе

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сыныптан  тыс  шара оқушыларды  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыруға,  жылдам  есептеуге, өз  беттерімен  жұмыс  жасауға  тәрбиелейді. Оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілеттеріне  көмегін  тигізеді.Топтық  жұмыс  арқылы  достық  қарым  қатынастары  нығаяды.

Просмотр содержимого документа
«Математикалық кафе»

МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАФЕ

Мақсаты:

Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырларды, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу



Көрнекілігі: слайд, математикаға байланысты нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар, шарлар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Әдемі:Сіздердің іштеріңіз пысты ма?

Еркетай:Зеріктіңіздер ме?

Әдемі:Жұмыстан әбден жалықтықан шығарсыздар ?

Еркетай:Көңіл көтергілеріңіз келе ме?

Әдемі:Онда бізбен болыңыздар?

Еркетай:Құрметті қонақтар біздің «Математикалық кафемізге»қош келіңіздер!

Біз бастаймыз!!!

Әдемі: Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған ұстаздар

Еркетай: Оқушылар.

Әдемі:Сайысқа қатысушылар

Еркетай :Бүгінгі біздің «математикалық кафемізге» қош келдіңіздер!

Әдемі :Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ – қазылар алқасын тағайындап алайық.Бұл сіздердің қалауларыңызда.Әділқазылар алдыңғы партаға келіп отырыңыздар

Кафеміздің ас мәзірімен таныс болыңыздар.

Ас мәзірімізде:
1. «Мәңгі ұмытылмас» салаты
2. «Математикалық винегрет»
4. «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ
6. «Математикалық рулет»
7. «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті
8. «Апталыққа шашу»

Сіздерге мәзірді дайындап , ұсынуға екі топ қатысады.

Бірінші ұсынылатын салатымыздың түрі:

«Мәңгі ұмытылмас» салаты

Әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады.сұраққа жауап бере алмаған топтың сұрағына келесі топ жауап беруге болады.

  • 1 – топқа: Математика жағынан қарастырғанда бір пойыздың екіншісінен айырмашылығы неде? (пойыз нөмірінде )

  • 2 – топқа: Египетте қаланған көпжақ? (пирамида)

  • 1 – топқа: Қар жауғанда жауатын ақшақардың формасы қандай фигураға негізделген (алтыбұрыш)

  • 2 – топқа: Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

  • 1 – топқа: Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (бұрыш)

  • 2 – топқа: Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (әл– Фараби)

  • 2 – топқа: Кеміту амалы басқаша қалай деп айтамыз? (азайту)

  • 1 – топқа: Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақ)

  • 2 – топқа: Қандай фигура күннің көзімен достасқан? (сәуле)

  • 1 – топқа: Қабырғалары тең тіктөртбұрыш (квадрат)

Келесі ұсынылатын салатымыз:Математикалық винегрет

Бұл кезеңде берілген фигураларды пайдалана отырып,қанатты сөзді аламыз.Қай топ тез шешсе сол топ ұпайға ие болады.

«Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ

Бұл кезеңде орындары ауысырылған сөздер берілген.Осы сөздердің дұрыс нұсқасын қай топ тез шешсе солтоп ұпайға ие болады.

«Математикалық рулет»

Сіздерге ұсынылған ассорти бөліктерінен әр команда 1 минутта фигура құрастыру керек.

«Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті

Осы кезеңде сіздер берілген мақалдағы дұрыс айтқан топқа ұпай беріледі.

1топқа

(2) жақсы қас болмас, ...(2) жаман дос болмас

Досыңды ... (3) күн сынама, ... (3) жыл сына.

Жұмысқа ... (3) жылда үйренеді, жалқаулыққа ... (3) күнде үйренеді.

Білгенің бір ... (9), білмегенің .... (99)

Ер қаруы - ... (5) қару

2 топқа

... (10) рет айтқаннан ... (1) рет көрсеткен артық.

... (6 ) аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

Болар бала ... (15) – індебаспын дейді, болмас бала ... (25) – інде жаспын дейді.

.... (1) елі ауызға - .... (2) елі қақпақ.

Жерді .... (2) рет жыртқан, өнімді .... (2) есе алады.







«Апталықтан шашу»

Қораптардың ішінде әртүрлі заттар бар, сол затты көрермендерге сипаттап бересіз, егер осы «Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын көрермендер тапса , онда сізге сол затты сыйлыққа , ал көрермендер таба алмаса онда келесі көрермен шығып жасырады.?(2 минут уақыт беріледі)

Біздің столдан сіздің столға:Бұл сайыста әр команда өздерімен кафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға Ән сыйлайық. Ол сыйлық - «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған әнді әр команда үй тапсырмасы ретінде әзірлеп келген.

























































































Шілікті орта мектебі













МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАФЕ

/Сыныптан тыс жұмыс/















Рахымжанова Қ.Б

2016-2017 оқу жыл


Скачать

© 2018, 283 4

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!