Дәріс № 2. Компьютер үлгісінің классификациясы. ДК-ң негізгі құрылғылармен олардың белгіленуі.
Жоспар:
1. Компьютер үлгісінің классификациясы
2.Дербес компьютердің архитектурасы
3.Компьютердің негізгі құрылғылары
1. Компьютер үлгісінің классификациясы
Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып, құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер қорымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
-
желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
-
олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
-
желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты:
Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру.Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.
Желіге қойылатын талаптар
-
Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;
-
Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;
-
Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;
-
Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;
-
Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.
Компьютерлік желілер
-
географиялық қамтылу аймағына қарай;
-
өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;
-
топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;
-
басқарылуына байланысты болып 4 түрге бөлінеді.
2.Дербес компьютердің архитектурасы
Дербес компьютер архитектурасы – процессор, есте сақтау құрылғылары, ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан (перифериялық) құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.
3.Компьютердің негізгі құрылғылары