| Сабақ № 6 Күні__________________ Сыныбы:__________________ |
| Сабақтың тақырыбы: Моторлар |
| Сілтеме: | Слайд. Ғаламтор. LEGO Digital Designer бағдарламасы |
| Сабақтың мақсаты: |
| Білімділік мәні: | Үлкен және кіші моторлардың негізгі қызметтерін және ерекшеліктерін талдау, негізгі үлгісін құрастыру, моторлардың өмірде маңызын түсіндіру |
| Дамытушылық мәні: | Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту |
| Тәрбиелік мәні: | Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу. |
| Нәтиже: | Lego жинағының үлкен және орташа мотор қызметтері мен ерекшеліктерін түсінеді Робот техниканың қоғамдағы маңыздылығын айқындайды; Топтық жұмыс жасауға бейімделеді. Логикалық лего құрастырылымды тапсырмаларды орындауды үйренеді |
| Түйінді идеялар: | Қозғалтқыш; Үлкен және кіші моторлар; Моторларды құрастыру; Бөлшектер тізімі, роботты құрастыру нұсқаулығы |
| Сабақтың түрі: | Ашық сабақ |
| Әдіс-тәсілдері: | АКТ, диалог, топтық, логикалық тапсырмалар, жеке жұмыстар |
| Пәнаралық байланыс: | Информатика, математика, физика |
| Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сәлемдесу. Ұйымдастыру. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру Сергіту сәтін ұйымдастыру | |
| Қызығушылықты ояту «Ой қозғау» Робот деген не? Роботтың қандай түрін білеміз? Робот туралы түсірілген қандай фильмдерді еске ала аламыз? Lego жинақ неге арналған? Мұғалім жаңа тақырыпты ашады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады. | Робот туралы түсініктерін айтып, өз көзқарастарын түсіндіреді |
| Білу. Интербелсенді тақтадан «Моторлар» тақырыбына арналған бейне материал көрсету. Ол материалда: мәтін, сурет, бейнеролик, нұсқаулық және түсіндіру қамтылған. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды. Өздері білетін роботтардың құрастыру жолдарын ортаға салады |
| Түсіну. « Үлкен және орташа моторлар ерекшелігі» бөлшектер құрамы, нұсқаулықтар | Оқушылар нұсқаулықтарға қарап отырып, үлкен және орташа моторларды құрастыру жолдарын түсінеді. |
| Қолдану. LEGO Digital Designer бағдарламасында оқушыларға моторларды таңдауды және оларға құрастырмалы бөлшектерді байланыстыру тәсілдерін орындауды тәжірибе жүзінде көрсету | Топтағы оқушылар аталған бағдарламадан сабаққа байланысты бөлшектерді таңдап анықтама беріп, түсініктерін айтады |
| Талдау. Логикалық тапсырмаларды талдау | Топтағы оқушылар Легодан логикалық тапсырмаларды таңдап анықтама беріп, шешімдерін айтады |
| Ой толғаныс Моторлардың күнделікті өмірде тұрмыстық техникаларда қолданылатынын айту, өмірлік маңызын түсіндіру. Оқушылар фантазиясына қолдау көрсетіп, бағыттау | Оқушылар фантазиясына ерік беру - түрлі қиял- ғажайып пікірлер айту. |
| Қорыту. Күтілетін нәтиже |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін пысықтау үшін https://kahoot.it сайтында жаңа тақырыпқа байланысты берілген тест сұрақтарын тапсыртқызу, талдау | Сұрақтарға жауап береді. Нәтижесін біледі |
| Үйге тапсырма (1 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Үйге Моторлар. Үлкен және кіші моторлар – оқу және жаттау, келешекте құрастырғысы келетін роботтың суреттерін салып келу. | Тапсырмаларды күнделіктеріне белгілеп алады. |
| Рефлексия (2 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланыс парақшасын тарату | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын кері байланыс парақшаларына жазу, мұғалімге жинап беру |