СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика п?ні сыныптан тыс саба? ?ызы?ты математика

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ызы?ты математика саба?ында  о?ушыларды?  логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту. математикалы? ма?ал-м?телдерді  орындау ж?мба?тар шешу

Просмотр содержимого документа
«Математика п?ні сыныптан тыс саба? ?ызы?ты математика»

Күні..........................математика

Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты: 1.Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру.Шығармашылық ізденістерін ұштау.
2. Оқушылырдың логикалық ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың білімін өмірде қолдана білуге үйрету. Пәннің керектігін сезінуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: топ тапсырмалары, керекті заттар, суреттер, нақыл сөздер, логикалық есептер, ұпай көрсеткіштері. 
Сабақтың түрі: Топтық сайыс
Сабақ типі: Ойын түрінде
Сабақ типі: Ойын түрінде
Мұғалім Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар,
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық
Кім білімді табайық-дей келе ортаға сайысқа қатысушы екі топты шақырайық.
Сайысқа қатысушы топтардың аты «Ұлан» және «Қыран» тобы. Әуелі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.____________________________________
2.____________________________________
3.____________________________________
Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады.

Топтардың таныстыруы.
1. «Бәйге»
2. Білімпаздар еліне саяхат.
3. «Ойлы болсаң озып көр»
4. Мақалдың жалғасын табу
5. Кім жылдам?
6.Жанкүйерлер сайысы.
1-кезеңімізді бастаймыз. Таныстыру.
1 топ: Ұлан тобы
Сәлемдесу:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді.
2 топ: Қыран тобы Сәлемдесу:
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш санасып көрейік, 
Жеткенінше әліңіз.

1 кезең: «Бәйге» Ұлан тобына:
1. 1 метрде неше сантиметр бар? /100см
2. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? /айырманың мәні
3. 1 сағатта неше минут бар? /60мин.
4. Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады? /төртбұрыш
5. Салмақ өлшем бірліктерін ата. /г,кг, ц,т
6. 1дм 4см нешеге тең? /14см
7. Тәуліктің 3тен 1 бөлігі неше сағатқа тең? / 8сағ.
8. Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? /кесінді

9. 1 тоннада неше центнер бар? /10ц
10. Қыс пен көктемде неше ай бар? /6 ай
«Қыран» тобына:
1.1 килограмда неше грамм бар? /1000г
2. Қосудың нәтижесі қалай аталады? /қосындының мәні
3. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? /шаршы
4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата/ см,дм,м,км
5. Кез келкен санды о-ге көбейткенде не шығады? /0
6. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. Үшбұрыш

7. Ең кіші натурал сан/1
8. 1дециметрде неше сантиметр бар? /10см
9. 100 жыл неше ғасырға тең?/1ғ
10. 2 тәулікте неше сағат бар? /48сағ.
2 кезең. Білімпаздар еліне саяхат
Ұландар тобына:
1 тапсырма:

Қоймаға 6 кг сиыр етін, одан 1кг артық қой етін және қой етінен 3 есе артық жылқы еті әкелінді. Қоймаға неше килограмм жылқы еті әкелінді? /21кг
2. Салыстыру.
80.7-200*90.3+520 
40:5+36*74-36:4
«Қыран» тобына:
1 тапсырма:

180 теңгеге бірдей бағамен 3 тәрелке, 6 кесе сатып алды. 1 тәрелке қанша тұрады, 1 кесе ше?
2. 90.7-300*80.6+320
40:8+55*76-60:10

3 кезең: «Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)
Ұландар тобына:
1.Төрт қойдың неше аяғы бар?/16
2.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы неше?/3кг
3.Сенің әке-шешең көршіңе кім болады?/көрші
4.Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?/4 мысық
5.Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6 толғанда ағасы неше жаста?/8
6. Шөпте қояндар тығылып отыр. Тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Шөпте неше қоян тығылып отыр?/5 қоян

7. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?/4 тәулік
«Қыран» тобына:
1.Бес тырнаның неше аяғы бар?/10
2.1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?/3 минутта
3.Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар?/6
4. Егер 1кг алманың бағасы100теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша болады?/50теңге
5. Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4-еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды?/ жазда сырғанақ болмайды
6. Жыл он екі ай ішінде 30 және31 сандары ауысып келіп отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?/ барлық айда
7. Айдала. Қараңғы түн. Екі салт атты ауылға беттеп келеді. Алыстан жылт еткен сәуле сөніп- өшті. Үй иесі бұрын көре ме, әлде салт аттылар бұрын көре ме?/ ешқайсысы. Өйткені сөніп-өшті сөзі бір мағынаны береді.
4. Мақалдың жалғасын табу. Ұландар тобына:
1.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына )
5. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
6. Жүзден біреу шешен, (мыңнан біреу көсем)
«Қыран» тобына:
1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)
2. Білгенің бір тоғыз, (білмейтінің тоқсан тоғыз)
3. Бір кісі қазған құдықтан, (отыз кісі су ішер)
4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді)
5. Елу жылда ел жаңа, (жүз жылда қазан)
6. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)
5.кезең: Кім жылдам? Ұландар тобына:
Тек қана 9 санын төрт рет пайдаланып, 20 санын қалай шығаруға болады? 9 9 9 9/99:9+9=20
«Қыран» тобына:
Тек қана 3 санын алты рет пайдаланып, 1000 санын қалай шығаруға болады? 3 3 3 3 3 3/333.3+3:3=1000
6. Жұмбақтар шешу. Ұландар тобына:
1. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс/ сызғыш
2. 24 батыр, бірін-бірі жеп жатыр./ дойбы
3. 50 аяқты, 2 қолды,
50 аяқпен салады жалғыз жолды /ара
4. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс жуғышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды, қолда бары? /6
«Қыран» тобына:
1.100 мүйізі бар, үстінде киізі бар /Киіз үй
2. 50 батыр, Үй сыртына сүйкеліп өліп жатыр /сіріңке
3. Бір-бірімен жарысқан,
4 аю,1 арыстан.
2 қой мен 1 түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? /8
4. Екі қатар тал шыбық,
Күндіз алыспайды, қабыспайды,
Түнде қабысады. /кірпік.
Жүргізуші: «Қызықты математика» сайысының қорытындысын айту үшін, сөз қазылар алқасына беріледі. 
Алдыңызда жайнаған жүздер әні,
Сіздерменен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!