«Ой қозғау» стратегиясы. - Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріп көріңдер. 1. Жылдың он бірінші айын ата /қараша/ 2. Бүгін аптаның қай күні? /үшінші, сәрсенбі/ 3. 320 мен 1 - дің көбейтіндісі /320/ 4. Шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш нелер? /геометриялық фигуралар/ 5. 513 пен 515 - тің арасында қай сан бар? /514/ 6. Есік қандай геометриялық фигура? /тік төртбұрыш/ 7. Оңынан оқысаң да сол сан, солынан оқысаң да сол сан. (40) 8. Екі адам тоғыз құмалақты екі сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағаттан ойнайды? 9. 1кг темір мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр? Ауызша жұмыс: Үй тапсырмасын тексеру №4 (50·70) · 200= 3500 ∙ 200 =700000 4 · (250 · 30)= 4 ∙ 7500 = 30000 (125·90) · 8 = 11250 ∙ 8 = 90000 2 · (50 · 140) = 2 ∙ 7000 = 14000 ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру. № 1. Бөлу қалай орындалғанын түсініп ал 1780 см : 20 см = 178 дм : 2 дм = 89 1780 : 20 = 178 онд. : 2 онд. = 89 Ереже шығару: Егер бөлінгіш пен бөлгішті 10 есе кемітсек, бөліндінің мәні өзгемейді. № 2 Бөлу қалай орындалғанын түсініп ал. 17800 см : 200 см = 178 м : 2 м = 89 17800 : 200 = 178 жүзд. : 2 жүзд. = 89 Ереже шығару: Егер бөлінгіш пен бөлгішті 100 есе кемітсек, бөліндінің мәні өзгемейді. |