СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Математика саба?ында сыныптан тыс ж?мыстар ар?ылы о?ушыларды? п?ндік ж?не т?л?алы? н?тижесін арттыру» жобасы

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Математика саба?ында сыныптан тыс ж?мыстар ар?ылы о?ушыларды? п?ндік ж?не т?л?алы? н?тижесін арттыру" та?ырыбына жобасы ?сыныл?ан.

Просмотр содержимого документа
««Математика саба?ында сыныптан тыс ж?мыстар ар?ылы о?ушыларды? п?ндік ж?не т?л?алы? н?тижесін арттыру» жобасы»

«Математика сабағында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың пәндік және тұлғалық нәтижесін арттыру» жобасы

Ахметова А.О.
Естай атындағы жалпы білім беру мектебінің математика пәні мұғалімі Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Жолболды ауылы.

«Математика сабағында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың пәндік және тұлғалық нәтижесін арттыру» атты жоба жалпы білім беру мектептерінің 5-11 сыныптарының оқушыларымен математика пәнінен сабақтан тыс іс- шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін құрастырылған.

Тақырыптың өзектілігі:

«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек.Тәрбиесіз берілген білім адамзаттын қас жауы.Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп Әбу – Насыр – Әл Фараби айтқан.Ендеше қазіргі құбылмалы заманда тәрбиеге басты назарды отбасында да, мектепте де назар аудару керек.Тәрбие – бұл әрқилы іс – әрекет түрлерін ұйымдастыру процесі.Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті.ҚР «Білім туралы Заңында» жан – жақты әрі үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу мақсаты бекітілген. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттарының бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканын тез қарқынды дамуы жас жеткіншектен терең білімді, шығармашылық қарқынды талап етеді.Сондықтан әр мұғалімнің міндеті өз пәнінен оқушылардың интелектісін,шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметімен және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту басты мақсат болды.

Осы тұрғыдан алғанда жобадағы жұмыс бағыттары оқушылардың оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру сипатында болатындылығымен өзекті .

Жобаның мақсаты мен міндеті:

Жобаның негізгі мақсаты- математика пәнінен оқушылардың интелектісін,шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру ,өзін – өзі тәрбиелеуге бағдарлау. баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу; қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды , патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға оң көзқарас қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды :

  • материалдарды оқушылармен бірлесе жинақтау, талдау,сұрыптау ;

  • сайыстар өткізу

  • айтыс өнерін насихаттау- математикалық айтыс өткізу

  • ертегі,өтірік өлең,сөзжұмбақ құру,эссе жазу

  • логикалық есептер мен олимиадалық есептерді шығарту

Жобаның болашақтылығы :

«Математика сабағында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың пәндік және тұлғалық нәтижесін арттыру» атты жобаның болашағы бар,себебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080қаулысымен   бекітілген  Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады:1) тұлғалық нәтижелер; 2) жүйелік-әрекеттік нәтижелер 3) пәндік нәтижелер. Бұл жоба осы нәтижелердің оқушы бойында қалыптасуына ықпал етеді.
Жобаның жаңашылдығы: Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды

ұйымдастыруда біріншіден айтыс өнерін қолдануы, екіншіден логикалық есептер шығару арқылы математикалық сауаттылығын дамыту оқушылардың халықаралық TIMSS, PISA зерттеулеріне дайындығының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі нысаны – Математикадан сыныптан тыс ұйымдастырылатын іс-шаралардың (апталық,сайыст.б.)оқушылардың тұлғалық, жүйелік-әрекеттік,пәндік нәтижелерінің қалыптасуына ықпалын зерделеу.

Жобаның қолдану пәні: Математика

Жоба жұмысының дереккөздері. Дереккөздер ретінде математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға пайдасы болған әдебиеттер алынды, сонымен бірге мұғалімнің жеке шығармашылығы негіз болды.

Жобаның әдіснамалық негіздері. Жұмыстың ғылыми-теориялық базасы мен әдіснамалық негізі ретінде осы тақырыптың мазмұнын ашатын сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда қолданылатын Ұжымдық оқыту, Сын тұрғысынан ойлау педагогикалық технологиялар қолданылды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Ұсынылып отырған жоба білім беру мекемелерінің математика пәнінің жас мамандарына,ЖОО студенттерінің практикалық іс-тәжрибеден өту кезінде пәндік сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

Жобаның басты педагогикалық идеясы: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттын қас жауы.Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп Әбу – Насыр – Әл Фараби айтқан нақыл сөздің өміршеңдігін дәріптеу.

Педагогикалық технология: Ұжымдық оқыту. Сын тұрғысынан ойлау.

Жобаның практикада қолданысы: Автор бірнеше жыл өз тәжрибесінде жоба бағытымен жұмыс істейді.

Жобаның жазылу себебі: Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы санының 56,5 пайызы шағын комплектілі мектептерді құрайды. Еліміздің әрбір 6-шы оқушысы ШКМ-де оқып, әрбір 4-ші мұғалімі ШКМ-де білім беруде, сонымен қатар мұндай мектептер ауылдық жерлерде орналасқан.Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға арналған әдістемелік құралдар қазақ тілінде жоқ,міне осындай проблемаларды шешу үшін жас мамандарға көмек ретінде ұсынылады.

Іс шараларды өткізу жөнінде нұсқаулықтар

Математикалық апталық. Математикалық апталықты әртүрлі тақрыпта өткізуге болады. Мысалы, «Орта Азияның ғалым математиктері» тақырыбына апталық өткізілді. Онда орта Азияның математиканың дамуына өзіндік үлес қосқан ғалым математиктері әл-Фараби, Бируни, Әл- Хорезми, Ұлықбек жайлы оқушылар материалдар жинап ізденеді. Оқушылар тарих қойнауында қалған өздеріне таныс қалалардың бимәлім көне аттарымен танысады ,есімі бүкіл төрткүлдүниеге әйгілі болған ғалым математиктердің өмірімен еңбектерімен таныс болады, танымдық мағлұмат алады.сонымен бірге реферат жазып үйренеді, стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметімен және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Эстафеталық жарыс.

Эстафеталық жарыста оқушылардың математикадан білім деңгейін көрсету мақсатында қатысушыларға жас ерекшелігін, сыныбын ескере отырып тапсырмалар дайындалады.

«Жұлдызды сәт» сайысын 3 тур негізінде ұйымдастырып өткізуге болады. 1-тур танымдық ой өрісін анықтайтын сұрақтар түрінде құрылып, тестің жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі. 2- тур оқушының математикалық есептеу дағдысын анықтайтын практикалық есептен; 3- тур финал түрінде өткізуге болады,ол шығармашылық қабілетін анықтайтын тапсырма негізінде (ертегі, эссе) құрылады.

Не? Қайда? Қашан? «Білгірлер» отауы телебағдарламасының негізіне сәйкестендіріліп құрылған. Ойынға екі топ қатысады. Ойыншылар саны 10-12 аралығында болғаны қолайлы. Мұнда басқамен бірлесіп белгілі бір нәтижеге жету үшін жұмыс істей алуы, өзі жеке шығармашылықпен қызмет ете алуы ескеріледі.

Көңілділер,тапқырлар отауы

Ойын жарыс түрінде жүргізіледі Жарыстың шарты: әр топтың өзінің төсбелгісі, әні, ұраны болу керек, қарсылас топ бір-біріне өлең шумағымен сәлемдесу арнайды, сол сияқты сәлемдесу әділ қазылар алқасына да және көрермендерге де арналуы мүмкін. Ән мәтіні оқушылармен бірлесе құрылады және айтуға ыңғайлы әуен таңдалады.

Ауызша журнал- « Тарихи мәліметтер»

« Ауызша журнал» оқушылардың математикадан тарихи мәліметтерді де оқуына, танысуына, ізденуіне АКТқолдануға мүмкіндік береді .

Пікірталас. « Математика не үшін қажет».

Қазіргі білім беруді дамыту Блум таксономиясы бойынша мақсатты әлеуметтендіреді, ол «Табиғат», «Қоғам», «Мен» жүйесінде іске асырылуы тиіс. Пікірталас барысында оқушы осы әлеуметтік мақсатты толық ашса жетістікке жеткені деп есептеуге болады. Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі.

Сайыстар. Оқушылармен жүргізілетін сайыстар алуан түрлі. Мұғалім оқушылардың сұранысына қарай, білім деңгейіне қарай әр түрде өткізе алады. Ауыл мектептері шағын жинақталған болғандықтан оқушылар құрамы әр сыныптан жинақталады. Бұның өзіндік ерекшелігі бар ,пәндік тапсырмалар сыныбына қарай және деңгейімен құрастырылады. Сайыстар түрі: « Озат ойлы оқушы», «Эрудиттер сайысы».«21-ғасыр көшбасшысы», «Алтын сақа», « Алтын қақпа»т.б.

Айтыс. Айтыс қазақтың ежелден келе жатқан өнері.Айтыс өнері арқылы шешендікке, ой- өрісін жетілдіруге, өздігінен ізденуге, өнерге баулуға болады. Айтысты өткізу үшін дауыс, айту мәнері жақсы домбырада ойнай білетін оқушы таңдалынып алынады. Айтысты математикадағы сандар әлемін түсіну және пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырады. «Нөл мен бір», «Оң сандар мен теріс сандар», «Жақсыоқушы мен салақ оқушы», «10,1,100теңгенің» айтысы өткізілді. Әр жұп айтыстан кейін оқушылардың ән орындауына, жатқа мәнерлеп ақындардың өлеңдерін оқуына болады.

Ертегі,өтірік өлең, сөзжұмбақ құру ,эссе. Сандар әлемі туралы оқушылар »Нөл мен бір»,»Оң сандар мен теріс сандар патшалығы»сияқты ертегіқұрастырып,Тазша баланың «қырық өтірігі» тәріздес өлең және математикалық анықтама,термин сөздерді кіріктіре сөзжұмбақ, математикаға байланысты ой-пікірін эссе түрінде жазуына болады.

Логикалық есептер. Логикалық есептерді жүйелі түрде шығарту арқылы математикалық сауаттылықты, математикалық құзыреттілікті дамыту көзделеді. Қазіргі халықаралық TIMSS , PISA зерттеуі оқушылардың нақты математикалық білімін емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.Зерттеу оқушылардың заттың мағнасын түсінуі мен себеп- салдардың байланысын, жан-жақты оқу әрекеттерімен оқудың негізін құрайтын: шығармашылық тапсырмаларды шешу мен табу дағдыларын, мәліметтерді талдауы және түсіне білуі тексеріледі.Оқушылар өмірлік жағдайдаларда кездесетін проблемаларға қатысады. Олар кешенді ойлануды талап ететін жоспарлау мен бағалауды, проблемаларды шешуді, дәлелдемелер келтіруді және шешімдер қабылдауды және т.б.қажет ететін тапсырмаларды орындайды солар арқылы «математикалық құзыреттілігі» айқындалады. Сонымен қатар логикалық есептер ҰБТ-да кездеседі,ал орта буын оқушыларымен логикалық есептерді үйірме жұмыстарында, сабақта, сабақтан тыс іс - шараларда шешуі, талдауы келешекте нәтижесін береді.



Қортынды: Оқытудың технологияларын пайдаланып оқу-тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру мектеп түлектеріне мынадай қабілеттерді қалыптастырады: өз көзқарастарының болуы, сын тұрғысынан ойлай алуы, креативті, шығармашыл болуы, басқамен бірлесіп белгілі бір нәтижеге жету үшін жұмыс істей алуы, өзі жеке шығармашылықпен қызмет ете алуы.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Астана -2012

2.ҚР- да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана- 2010