1. Күні | 04.03.2016 ж |
2. Сыныбы | 8 «А» |
3. Тақырыбы | Математикалық дәмхана |
4. Мақсаты | Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.Оқушылардың математикалық ой – өрісін дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. |
5. Сабақтың түрі | Сайыс |
6. Пәнаралық байланыс | Геометрия, қазақ тілі |
7. Ұйымдастыру кезеңі | Ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау, командаларды таныстыру.
|
Сайыс тапсырмалары
| Ас мәзірі: «Мәңгі ұмтылмас» салаты «Математикалық винегрет» «Біздің столдан сіздің столға» «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ «Рагу» «Математикалық рулет» «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ» «Мерекелік шашу торты» «Мезим» |
8. Сайыс барысы | Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Нақты білімге қызығушылар Естігенін естіп тұрып, Оқығанын миға тоқушылар. Сәлеметсіздер ме ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар. Біз оқытқан оқушылардың, Сәті келді сыналар. Есепті түрлі – түрлі шығарамыз, Арасында ойын ойнап жарысармыз. Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар, Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар. Олай болса, бұл не тұрыс, Кешімізді біз бастайық. Жүргізуші: Әділ бағаға қалтасы толы, Әділ – қазыларды ортаға шақырайық! (Әділ – қазы алқасымен таныстыру) 1) Мирманова Жазира апай 2) Сақтағанова Ақкенже апай Жүргізуші: Сіздерден кафенің «Бухгалтерлік мекеме» - деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз! Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз (хормен) математикалық сәлем! Жүргізуші: Математика – бұралаңсыз нақты ілім, Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін. Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір, Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп сыныбымызда өтіліп жатқан «Математикалық дәмханаға» хош келдіңіздер демекпін! Біздің дәмханамызда бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдермен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар! Жиналған ылғи дарындар, Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе,ортаға 8 «А» сыныбының алғыр оқушыларынан құралған «Квадрат» тобы, «Үшбұрыш» тобы және «Трапеция» топтарын қарсы алайық. Жүргізуші:Құрметті дәмхана қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңіздің үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер! Сондай – ақ бұл дәмханада математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің дәмхананың таңсық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Дәмхана мәзірінен колориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге біздің дәмханада өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар әрқашан да сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын! Жүргізуші:Құрметті дәмхана қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер! Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер! (әр топ өздерін таныстырады) Жүргізуші: Ендеше құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық! |
1 – сайыс: «Мәңгі ұмытылмас» салаты |
Құрметті дәмхана қонақтары! Біз сіздерге дәмхананың аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз.Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі. |
Топ аты | Тапсырмалар | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Күтілетін нәтиже |
«Квадрат» тобы
| 1)Параллелограмның ауданы қандай формуламен анықталады? 2)Рационал теңдеу дегеніміз не? 3)Сүйір бұрыштың синусына анықтама бер. 4)Қандай функцияны квадраттық функция деп атайды? 5)Іштей сызылған көпбұрыш дегеніміз не? 6)Санның квадрат түбірі деп қандай санды айтады? 7)Трапеция дегеніміз не? 8)Алгебралық өрнек дегеніміз не? | Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, білімдерін тексеру | Мұғалімнің берген сұрақтарын мұқият тыңдап, толық әрі нақты жауап беру Жауаптары: 1) S=ah 2) Рационал өрнектерден құралған алгебралық теңдеу 3) бұрышының синусы деп осы бұрыщқа қарсы жатқан катеттің гипотенузасына қатынасын айтады. 4) у=ax2+bx+c, a функциясын квадраттық функция деп атайды 5) Егер көпбұрыштың барлық төбелері бір шеңбердің бойында жатса, онда бұл көпбұрышты іштей сызылған көпбұрыш деп атайды. 6) а санының квадрат түбірі деп квадраты а-ға тең санды айтады. 7) Қарама – қарсы екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес болып келген төртбұрышты трапеция деп атайды. 8) негізгі арифметикалық амалдар, дәрежеге шығару, түбір және модуль таңбасы бар өрнектер. | Өткен тақырыптарды еске түсіреді. |
«Үшбұрыш» тобы | 1)Үшбұрыштың ауданын анықтайтын формула 2)Биквадрат теңдеу дегеніміз не? 3)Сүйір бұрыштың тангенсіне анықтама бер. 4)Қандай функцияны бөлшек – сызықтық деп атайды? 5)Сырттай сызылған көпбұрыш дегеніміз не? 6)Қандай сандарды нақты сандар деп атайды? 7)Тең бүйірлі трапеция дегеніміз не? 8)Теңдеулер жүйесін қандай тәсілдері бар?
| | Жауаптары: 1) S= ah 2) ах4+bx2+c=0, a түрінде берілген теңдеу 3) бұрышының тангенсі деп осы бұрыштың синусының сол бұрыштың косинусына қатынасын айтады 4) y= функциясын бөлшек – сызықтық деп атаймыз 5) Егер шеңбер көпбұрыштың барлық қабырғаларын жинайтын болса, онда көпбұрышты сырттай сызылған көпбұрыш деп атайды 6) рационал және иррационал сандарды бір атаумен нақты сандар деп атайды 7) бүйір қабырғалары тең трапеция 8) алмастыру тәсілі, алгебралық қосу тәсілі, жаңа белгісіздер енгізу тәсілі | |
«Трапеция» тобы
| 1)Трапецияның ауданын қандай формуламен анықтауға болады? 2)Иррационал теңдеу дегеніміз не? 3)Сүйір бұрыштың котангенсіне анықтама бер. 4)Қандай функцияны жұп функция деп атайды? 5)Іштей сызылған бұрыш дегеніміз не? 6)Санның бөлшек бөлігі деген не? 7)Тік бұрышты трапеция деген не? 8)Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешудің тәсілдерін ата.
| | Жауаптары: 1) S= 2) Түбір таңбасы астында айнымалылары бар теңдеу 3) бұрышының котангенсі деп осы бұрыштың косинусының сол бұрыштың синусына қатынасын айтады 4) Егер y=f(x) функциясы үшін f(-x)=f(x) теңдігі орындалса, онда бұл функцияны жұп функция деп атайды 5) Шеңбердің бір нүктесінен шығатын екі хорданың арасындағы бұрышты шеңберге іштей сызылған бұрыш деп атайды 6) берілген сан мен оның бүтін бөлігінің айырмасы осы санның бөлшек бөлігі деп аталады 7) бір бұрышы тік болып келген трапеция 8) геометриялық тәсіл, квадраттау тәсілі, анықтама тәсілі | |
2 – сайыс: «Математикалық винегрет» |
Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Математикалық винегрет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар! Сіздерге ұсынылған тағамда сіріңкемен берілген логикалық есептер. |
|  Мына суретте сіріңкенің 4 талын қозғау арқылы қалай 3 квадрат алуға болады? | Оқушыларға сіріңкемен берілген логикалық есептер арқылы ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу | Сіріңкемен берілген логикалық есептерді шешудің әдісін тез ойлап табу | Сіріңкемен берілген есептер арқылы логикалық ойлау қабілеті дамиды. |
|  Сіріңкенің 1 талын қозғау арқылы теңдіктің дұрыс екенін көрсете аламыз.Қай сіріңкені қозғаумыз тиіс? | | | |
|  Суретте көрсетілген сіріңкелердің 2 талын қозғау арқылы теңдікті дұрыстау қажет. | | | |
3 – сайыс: Біздің столдан сіздің столға» |
Келесі кезекте әр команда өздерімен дәмханада бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық - «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырма ретінде әзірлеп келген қызықты да тартымды тапсырмаларын кезектесіп қоюы керек. |
«Квадрат» тобы «Үшбұрыш» тобы «Трапеция» тобы | | Оқушылардың дайындап келген тапсырмаларын бақылау, бағалау | Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарға, жауап беру және тапсырмаларды орындау. Бір – бірінің пікірін тыңдау және бір – бірін бағалау | Ауызбіршілікке, жауапкершілікке тәрбиеленеді. Бір – бірінің пікірін тыңдай біледі. |
4 – сайыс: «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщы» |
Ендігі кезекте сіздерге кім үлгерсе, сол ішер дегендей біздің аспаздар «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщын ұсынады. Оқушылар ұсынылған астан алып отырыңыздар!Ол үшін орны ауыстырылып берілген сөздерден математикаға байланысты сөздер құрастыру керек. |
«Квадрат» тобы | Удңете, имртеиямс | Оқушыларға өтілген тақырыптар бойынша математикалық терминдерді еске түсіріп, қайталату | Берілген әріптер арқылы математикаға байланысты сөзді тауып, еске түсіру Жауаптары: Теңдеу, симметрия | Математикалық териминдерді еске түсіреді. |
«Үшбұрыш» тобы | Келшөб, гарифу | | Жауаптары: Бөлшек ,фигура | |
«Трапеция» тобы | Картвад, бртіү | | Жауаптары: Квадрат, түбір | |
5 –сайыс: «Рагу» |
Қадірменді қонақтар! Келесі кезекте зейін мен ойланудан тұратын әр түрлі тіл үйіртер ащы дәмдеуіштер қосылған «Рагу» ұсынылады. Яғни, математикалық жұмбақтар. |
«Квадрат» тобы | 1.Нәрселерді санауға Керек сан өзі негізгі Басы бар да, шеті жоқ Таң қалдырады ол бізді. 2.Сан ол сызықпенен бөлінген Үсті алым,асты бөлім деп аталып, Әсем түрде керілген Математиканы ұқпас адамға Құбыжық боп көрінген Дұрыс,бұрыс ,аралас деп Түрлері оның берілген 3.Оң сандарға қол шатырдай Калпақ болған беделі Квадраттасаң егер оны Белгісі оның кетеді 4.Бүтін сан, бөлшек сандар Құрамына кіреді Бұл R белгіні көрсетсеңіз Қай сан екенін біледі | Оқушыларға жұмбақтар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту | Берілген жұмбақтарды шешу Жауаптары: 1)натурал сан 2)бөлшек сан 3)квадрат түбір 4)рационал сандар | Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды. Шапшаңдыққа үйренеді. |
«Үшбұрыш» тобы | 1.Үлкен, кіші сандар арасына Таңбаларды қойған кезде Алынады қандай өрнек Білейікші оны бізде 2.Бүтін, бөлшек бөліктерден Үтір айырып тұрады, Осы санның кім біледі Аты қандай болады? 3.Шар емес, дөңгелек емес Бірақ осылардың бөлігі Радиус,диаметрін іздегенде Онсыз болмайды келісі 4.Екі бұрыш ежелден Тату көрші болған екен Бірін – бірі толықтырып Бір түзуде жатады екен | | Жауаптары: 1) теңсіздік 2) ондық бөлшек 3) шеңбер 4) сыбайлас | |
«Трапеция» тобы | 1.Екі түзу қатар жүріп Үшіншісін қияды Сонда шыққан бұрыштарды Кімдер айтып жияды. 2.Қарама-қарсы қабырғалары Параллель боп қосылған Оқыңызшы аталуында Параллель , грамм сөзі қосылған 3.Нүктеден, екі сәуледен Фигура ол құралды. Айтыңдаршы қанеки Қалай ғана аталды 4.Шелекке ұқсайтын дене Біліңдерші сіз қане? | | Жауаптары: 1) айқыш, тұтас, сәйкес 2) параллелограмм 3) бұрыш 4) Цилиндр | |
6 – сайыс: «Математикалық рулет» |
Бас аспазшы ретінде мен сіздерге «Математикалық рулет» атты ассорти ұсынамын.Сіздерге қызықты сұрақтар қойылады, ал сіздер жауабын табуларыңыз керек. |
«Квадрат» тобы | 1.Бұны орындағың келмесе де, орындайсың, оны білмейтін сияқтысың, бірақ оны білгің келсе, лезде таба аласың. Кей кезде есептер оның көмегімен шешіледі. Кейбір оқушылар оны шеше алмағандықтан шешкісі келмейді. 2.Бұл заттың пішіні тік төртбұрыш тәрізді. Ол мектептен қашық тұратын оқушылардың көбінде бар. Мектепке жақын тұратын оқушылардың кей біреуінде де жоқ. Оны сен жай алмайсың. Әр мектепте оны тарататын адам болады. Бұл не?
| Оқушыларға қызықты сұрақтар беру арқылы математика пәніне қызығушылығын арттыру | Мұғалімнің берген сұрағына ойланып, толық жауап беру Жауаптары: 1) теңдеу 2) жол билеті | Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығы артады. Ойлау деңгейі жоғарылайды. |
«Үшбұрыш» тобы | 1.Ол өсімдіктерде қажет нәрсе аталады. Оны табу үшін терең білім қажет. 2.Онымен ертеректе дүкендерге қолданылған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт етеді. Қарапайым калькулятор деп атауға болады. | | Жауаптары: 1) түбір 2) есепшот | |
«Трапеция» тобы | 1.Ол ғалымның фамилиясымен атанған. Ол ғалым оны оқымағандардың өзіне де әйгілі.Одан біз ол фигураның қабырғалары туралы білеміз. Оны дәлелдеу керек. 2.Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастаған емес. Ол өзі ерекше бір зат: өлшеп-өлшеп алып, түр –түрге бөліп тастайды. | | Жауаптары: 1) Пифагор 2) транспортир | |
7 – сайыс: «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ»десерті |
Енді құрметті қонақтар! Сіздерге «Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ»десертін ұсынамыз. Ол үшін сіздерге, сандарға байланысты мақал – мәтелдер ұсынылады. Сіздер мақал – мәтелдердегі сандарды дұрыс табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. |
«Квадрат» тобы | 1).... жақсы қас болмас, ....жаман дос болмас. 2)Досыңды ...күн сынама, ...жыл сына. 3)...рет айтқаннан ...рет көрсеткен артық. 4)Білгенің бір ..., білмегенің ... 5)Ер қаруы - ...қару. | Оқушыларды математика мен қаза тілі пәндерін байланыстыра отырып, жаапкершілікке, мәдениеттілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелеу | Мақал – мәтелді толықтыру Жауаптары: 1)2,2 2)3,3 3)10,1 4)9,99 5)5 | Оқушылар санға қатысты мақал – мәтелдерді күнделікті өмірде қолдануға үйренеді. |
«Үшбұрыш» тобы | 1)Жұмысқа ... жылда үйренеді, жалқаулыққа ... күнде үйренеді. 2)... жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа. 3)Болар бала.....-інде баспын дейді, болмас бала ...- інде жаспын дейді. 4)... елі ауызға -...қақпақ. 5)Жерді ....рет жыртқан, ...есе өнім алады.
| | Жауаптары: 1)3,3 2)6 3)15, 25 4)1,2 5)2,2 | |
«Трапеция» тобы | 1)Біреуге ... күн алдында келсе, біреуге ... күн кейін келеді. 2)...күн тұзын татқанға, ...күн сәлем. 3)Оқымаған ..бала, оқыған бала. 4)Жақсы жігіт ....-інде де жас емес, ...-ге келсе де пәс емес. 5)...-ау ала болса ауыздағы кетеді, ...-еу түгел болса төбедегі жетеді. | | Жауаптары: 1) 5,5 2)1, 40 3) 1, 2 4)15, 100 5)6,4 | |
8-сайыс: Мерекелік шашу» торты |
Құрметті қонақтар! Дәмхана әкімшілігі сіздерге әлі де осы дәмханадан басқа дәмханаларға кетіп қалмай біздің бас аспазшымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін дәмхана әкімшілігі сый құрмет ретінде«Мерекелік шашу» тортын ұсынады.Тортты кесуден кім шеберлік көрсетеді екен көрелік? Ол үшін сіздер мерекелік тортты үш кесу арқылы тортта орналасқан жемістер әр бөлінген бөлікте біреуден қалатындай етіп кесулеріңіз керек. |
9-сайыс: «Мезим» |
Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпаңыздар. Кейбір адамдарда қабылдаған астары тез қорытылады, ал кейбірінде іштерін ауыртып мазасыздандырады. Асты көп қабылдаудан іштері ауратындарға, сонымен қатар бүгінгі ас бойларыңызға тез сіңуі үшін сіздерге асқазан үшін таптырмас дәрі «Мезимді» ұсынамыз. |
«Квадрат» тобы
|  Амалдарды орындау арқылы белгісіздің мәнін табу | Оқушыларға қарапайым амалдар қолдану арқылы есептер шығарту | Тапсырманы тез орындап, мұғалімге тексерту Жауабы: (21+15+7)-(7+14+18)=43-39=4 (29+3+17)-(7+16+23)=49-46=3 (24+32+27)-(28+12+35)=83-75=8 | Оқушыларды есепті шапшаң шығаруға үйренеді. |
«Үшбұрыш» тобы |  | | Жауабы: (4+6)/2=5 (3+5)/2=4 (2+8)/2=5 | |
«Трапеция» тобы |  | | Жауабы: 5*3-7=8 9*6-20=34 9*8-40=32 | |
Жүргізуші: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды, Ал, қазір әділ-қазы сөз алады. Кешіміздің жеңімпазын анықтап, Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. |
Қорытындылау: | Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру |