| Күн тәртібі | Дүйсенбі 25.11.2019 | Сейсенбі 26.11.2019 | Сәрсенбі 27.11.2019 | Бейсенбі 28.11.2019 | Жұма 29.11.2019 |
| Балаларды қабылдау | Жақсы көңіл күй сыйлайтын ойындар | Жақсы көңіл күй сыйлайтын ойындар | Жақсы көңіл күй сыйлайтын ойындар | Жақсы көңіл күй сыйлайтын ойындар | Жақсы көңіл күй сыйлайтын ойындар |
| Ата-аналармен сұхбат. | Нұралидің ата-анасынан демалысты қалай өткізгені туралы сұрау. | Барлық ата-аналардан балаларына жеті ру жаттатуларын сұрау | Ата-аналармен балалары жайында сөйлесу | Ата аналар жиналыс екенін ескерту. | Балаларға жаңа жылдық тақпақтар ұсыну. |
| Саусақ жаттығуы | "Бес саусақ" Отбасы мүшелерін атау | "Шаңырақ" Саусақтардың көмегімен киіз үй құрастыру. | "Аяқтар" Саусақ жаттығуы | "Тату отбасы" Анамның жұмысқа дайындалуы | "Менің үйімде кімдер тұрады" |
| Үстел үсті ойыны. | Үстел үсті ойыны "Отбасы мүшелерін құрастыру" | Үстел үсті ойыны "Суретті құрастыр" | Үстел үсті ойыны "ҚР рәміздерін ата" | «Асық» ойыны | "Оюларды құрастыр аттарын ата" |
| Таңғы шеңбер | Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! | Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! | Болсақ та біз қаршадай, Ойнау үшін шаршамай! Құру үшін сән-саулық Керек жақсы денсаулық! Басты байлық – денсаулық! | Болсақ та біз қаршадай, Ойнау үшін шаршамай! Құру үшін сән-саулық Керек жақсы денсаулық! Басты байлық – денсаулық | |
| Артикуляциялық жаттығу: | Кешен №7 |
| Ертеңгілік жаттығу | Комплекс№ 7 жаттығуы |
| Таңғы ас. | Бүгінгі аста қандай тамақ екенін айту. Үстел басында дұрыс отыруларын қадағалау.Бір-біріне «ас дәмді болсын»-деп айта білу.«Ас – адам арқауы» тамақтан кейінгі әңгіме. |
| Ұйым-ған оқу қызметіне дайындық | Балаларға атын-тегін айтқызуды үйрету. | Бір отбасында неше адам тұратынын айту, отбасы мүшелерімен таныстыру | Әр отбасында өсіне тән әдеттері мен міндеттері болдады, әр баладан сұрау. | Отбасы туралы санамақтар жаттау. | Отбасы жайында шағын тақпақтар оқу. |
| Ұйымдастырылған оқу-қызметі.(кесте бойынша) | 1.Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: "Қуыршақ Айгерімнің туған күні" 2. Музыка «Ш» музыка жетекшісінің жоспарымен | 1.Дене шынықтыру «Д» дене жаттықтырушысының жоспарымен. 2. Орыс тілі: Орыс тілі мұғалімінің жеке жоспарымен 3. ҚМҰҚ: Тақырыбы:«өсу және кему». | 1.Көркем әдебиет. Тақырыбы:"Төрт дос" Қазақ халық ертегісі 2.Сурет Тақырыбы:"Әжеме силық" | 1.Дене шынықтыру «Д» дене жаттықтырушысының жоспарымен. 2. Жаратылыстану: Тақырыбы: «Мейірімділік пен сыйластық сезімі» | 1.Дене шынықтыру «Д» дене жаттықтырушысының жоспарымен. 2. Жапсыру: Тақырыбы:«Әкем,анам және мен" |
| Серуенге дайындық | Серуен алдында дәретханаға бару,Серуенге баратын кезде қалай дұрыс киіну керек екендігін айту,ұқыптап киінеміз, етіктің бауын байлаймыз, қолғапты өзіміз киеміз. |
| Серуен №1 | Комплекс №8 |
| мотивация | Балаларға ағашқа қонған шықты қарау | Құстарға жем шашу,оны құстардың қалай жегенін көру | Жапалақтап Жауған қарға қарау | Қардың бетіне сурет салу | Құстардың жем жегенін бақылау |
| Балалармен жеке әңгіме жүргізу | Дариядан ата-әжесінің аттарын сұрау | Алинадан отбасы деген сөзді қалай түсінетінін сұрау | Инсардан отбасында кімді жақсы көретінін сұрау,. | Төреханнан отбасында неше адам тұратынын сұрау. | Чингиздан жаңа жылдық тақпақты сұрау. |
| Бақылау | Күннің көзінен қардың жарқырағанын бақылау | Балалармен жапалақтап жауған қарды бақылау | Құстардың жем жегенін бақылау | Басқа топтың балаларының ойнағанын бақылау. | |
| Мақсаты: | Аппақ қардың күн көзіне шағылысып күмістей жалтырауы | Балаларға қардың қалай жауатынын түсіндіру | Қыс мезгілінде құстарға адамдар жем шашады,құстардың адамдардың берген тамақтарын жегенін бақылау. | Қыс мезгілінде, жыл мезгіліне сай балалар ойын ойнайды, соларды бақылау. | |
| Қарапайым еңбек | Балармен далада қар тазарту | Құстарға жем, су беру. | Далаға шығып ауланы қардан күреу. | Қарды бір жерге үйіп жинау | Құстардың ұяларын қардан тазалау. |
| Мақсаты: | Мақсаты: балаларды айналаны таза ұстауға, жауған қарды тазалауға, жинақылыққа тәрбиелеу. қалдықтарын жинау | Мақсаты: балаларды қамқорлыққа, адамгершілікке үйрету. | Мақсаты: балалар өздері ойнайтын ауласын қардан тазарту. | Мақсаты: жаңа жылға қарсы қардан мүсіндер жасаймыз сондықтан жауған қарды бір жерге үйеміз. | Қар жауған сайын құстардың ұялары қарға тлып қалады, соларды тазарту. |
| Қимылды ойын | «Қуып жет» | «Мысық пен тышқан» | "Көңілді тышқандар" | " Қоймадағы тышқандар" | "Бірінші болу" |
| Мақсаты: | Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету. | Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді. | Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. | Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. | Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. |
| Өзіндік ойын қызметтері | "Тандаған ойныңды ойнай гой" | "Бірге тату ойна" | "Не қаласаң соны ойна" | "Еркін ойын" | Қалағаныңды ойнай гой |
| Мақсаты: | Мақсаты: еркіндік бере отырып, тәртіптілікке, ұжыммен татулықта ойнауға үйрету. | Мақсаты: еркін ойнау барысында тату болуға үйрету. | "Балаға қалаған ойнын ойнауға рұхсат ету | Өз қалауымен бала еркін ойнағысы келеді, сол кезде балаға бөгет болмай, еркін ойнату. | Бала қалағанын ойнай отырып, сөйлесу арқылы тілін дамыту. |
| Далаға шығарылатын заттармен ойын | "Түрлі- пішіндегі ыдыстар» | Құстар үшін азықтар, қалақшалар мен шелектер | Әртүрлі көлемдегі пішіндер | Сүйікті ойыншықтар | Күректер мен қалақтар |
| Мақсаты: | Мақсаты: Ойыншықтарын ұқыптап таза ұстауға, мұқияттылыққа үйрету. | Мақсаты: балаларға құстарға қамқор болуға үйрету. | Мақсаты: балалардың пішінмен ойнау дағдыларын дамыту. | Мақсаты: әрбір балаға өзіне қызықты іспен айналысуға, сүйікті ойыншықтарымен ойнауға ықпал жасау. | Мақсаты:әрбір балаға күректер мен қалақтар арқылы өзіне қызықты ойын ойнауға жағдай жасау |
| Серуеннен қайту | Сапқа тұрып, бір-бірінің артынан топқа қайту.Кірер алдында аяқтарын сүрту керектігін ескерту.Топта дұрыс шешіну ретін балалардың өздерінен сұрау. Қателескен жерлерін түзетіп, түсіндіру. |
| Түскі ас | Бұл күннің қай уақытындағы ас екенін сұрау, түскі асқа қандай тамақ ішетіндерін айтып өту. Бұл тамақтың пайдасын балалардан сұрау. Тамаққа отырған кезде өздерін қалай ұстау керек екендерін айтқызу. |
| Түскі ұйқы | Балалар киімдерін дұрыстап жинау керек екенін айту. Үстеріне ұйқыға жататын жатын киімдерін кигізу. Ұйқының пайдасы туралы айту. |
| Ұйқыдан ояну Сауықтыру | Іздермен жүру. ілгекті жолмен жүру) Әдемі ирек жолдармен Лақтарша біз ойнақтап Тастан-тасқа секіріп Жалаң аяқ жүреміз. | Табан массажын істету Қатты және жұмсақ жолақтармен жүргізу | Төсекте жатып велосипед тебу. (жалпы денеге арналған жаттығу) Аунап, қунап алайық , Бойымызды жазайық. Қолымызды созайық Жаттығулар жасайық | Ояну Көзіміздізді ашайық Бойымызды жазайық Қолмен көзді ұқалап Созылып бір алайық. (1мин) | .Тыныс алу жаттығулары Ұзын құлақ сұр қоян Ести қалып сыбырды Өсіп тұрған сәбізді Жұлып алып иіскеді. (2мин, 5рет) |
| Шынығу жаттығулары. | Кешен №8 |
| Бесін ас | Тамақтың пайдасын балалардан сұрау. Тамаққа отырған кезде өздерін қалай ұстау керек екендерін айтқызу. «Ас атауын білу» тоқашты тауысып жеуді ескертемін. |
| Кеш | Балалардың жақсы ойнауына ынғйлылық жасау | Балалардың жақсы ойнауына ынғйлылық жасау | Балалардың жақсы ойнауына ынғйлылық жасау | Балалардың жақсы ойнауына ынғйлылық жасау | Балалардың жақсы ойнауына ынғйлылық жасау |
| Ойын-сауық ойындары- | | «Кім ұқыпты». Мақсаты: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу. | | Өзіңе жұп тап Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту. | |
| Шығармаларды оқу. | "Табиғат-біздің досымыз?" әңгімесін оқу | "Алтын бала" әнгімесін оқу | "Отбасы" туралы әңгімесін оқу | "Жанұя" әңгіме | Атамның әңгімесі |
| Дидактикалық ойындар. | "Дидактикалық ойын ,,Дұрыс ата” Мақсаты: Суреттен көрген заттардың аттарын атап шығу. Сөздік қорын молайту. | "Әңгімелеп бер” Мақсаты: Балақша туралы шағын әңгіме құрастыруға үйрету, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу. | «Зейінді бол» Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. | Дидактикалық ойын ,,Мына үйде кім тұрады?” Мақсаты: Балаларға отбасы мүшелерін жеке – жеке таныта келе, ең соңында жалпы атауын бір сөзбен атату | «Отбасы мүшелеріне бөлме құрастырайық Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту. |
| Жеке жұмыс. | Ерасылға 8 ден кері санауға үйрету. | Камила мен Нұртайға жеке-жеке санамақтармен жұмыс жасау | Дамирге дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы сұрау. | Сезімге сөздерді буынға бөлдіру. | |
| Сюжетті-рөлді ойындар. | С/р/о «Ауруха» | | «Тігінші» ойыны | | "Дәрігер" ойыны |
| Қимылды ойынды. | «Ақ серек, көк серек» | Қ/о: «Ине мен жіп» | “Кептерді қуып жет” | “Қарғалар” | Мысық пен тышқан |
| . Бейнелеу өнері бойынша жұмыстар | Табиғаттың суретін салу Өз қиялындағы көлікті ақ параққа түсіру | Қысқы орман Өз ойымен ақ параққа суреттеу | Өз отбастары туралы сурет салу Бала өз қиялымен отбасын ақ параққа түсіреді | Жаңа жылда бізге кім келеді Өз қиялындағы көлікті ақ параққа түсіру | Қалаған суретіңді салып көр Өз қиялындағы көлікті ақ параққа түсіру |
| Ата-аналармен жұмыс. | Ата-аналармен күн тәртібі жайлы әңгімелесу. әр сәрсенбі макулатура мен қақпақтар әкелу керектігін ескерту. |
| Серуенге дайындық. | Серуенге баратын кезде қалай дұрыс киіну керек екендігін айту. |
| Серуен №2 | Карточка №8 |
| Қимылды ойындар | «Түлкі мен балапандар» | "Боран" | "Сақина салу" | | "Орамал тастау" |
| Еркін ойындар | Өз еріктері бойынша ойыншықтармен ойнау |
| Жеке жұмыс | Шұғылаға қасықты қалай ұстау керек екенін үйрету, | Дарияға қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. | Нұралиге ойыншықтарды өз орнына реттеп жинау керек екенін түсіндіру | жаңа жылға берілген тақпақты қайталау. | Бейбарысқа үштен кері санауға үйрету |
| Кешкі ас | Тамақтың пайдасын балалардан сұрау. Тамаққа отырған кезде өздерін қалай ұстау керек екендерін айтқызу. |
| Балалардың үйге қайтуы | Ата-аналарға кеңес. Балаларымен үйде қазақша сөйлесу. | Ата-аналарға кеңес. Балаларына ертегілер оқу. | Ата-аналарға кеңес. «Ойын арқылы балалардың ой - өрісін жетілдіру» тақырыбында ата аналарға кеңестер ұсыну | Ата-аналарға жаңа жылға берілген тақпақтарын жаттату туралы айту | Демалысқа жақсы көңіл күй силау. |
| Психологтың кеңесі. |
Тәрбиешілер: Садвокасова В.А., Смағұл П.А.