Такырыбы: Медициналық құралдардың жіктелуі. Медициналық аппараттар көмегімен диагностикалау және емдеу
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1.Медициналық құралдардың жіктелуі.
2.Электрондық аппаратур мен құралдардың түрлері
3. Медициналық аппаратуралардың электрлік қауіпсіздігі
4. Медициналық аппаратуралардың сенімділігі
Қорытынды Қолданылған әдебиетер:
Кіріспе
Медицина(лат. medіcіna: medіcus дәрігерлік, емдік) адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Медициналық жабдықтар - емдеу, диагностикалау және қалпына келтiру ic- шараларында, сендай-ақ науқасты күту кезiнде пациентке және медициналық қызметкерге қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге арналған медициналық техника. Медициналық құралдар мен аппаратар - диагностикалау, емдеу, алдын алу, қалпына келтiру және ғылыми мақсаттармен адам ағзасының жай-күйi туралы ұқсас және цифрлық түрдегi ақпарат алуға, жинауға, талдауға және көрсетуге өзара үйлескен функцияларын түзетуге арналған медициналық техника болып табылады.
Медициналық техника Медициналық техника - аурудың алдын алу, диагностика жасау, емдеу және сауықтыру мақсатында, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық және іңдетке қарсы шараларды орындау, дәріханаларда дәрілердайындау барысында пайдаланылатын техникалық заттардың жиынтығы, және бұйымдарды пайдаланатын пациенттердiң, қызметкердiң және өзге де адамдардың денсаулығына зиян тигiзетiн ықтимал қауiп-қатер деңгейiне байланысты белгiлi бiр сыныпқа жатқызылған медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жиынтығы.
Медициналық құрылғылардың топтары Интроскопия құрылғылары мен құралдары (Рентгендік, эндоскопия); мидағы биоэлектрлі құбылысты зерттеу құрылғысы; бұлшық ет жағдайын тексеру құрылғысы; асқазан қызметін тексеру құрылғысы; тыныс алу жүйелеріне арналған құрылғы; жарықпен емдеу құрылғылары; сумин емдеу құрылғылары; хирургиялық құрылғылар; ультрадыбыстық диагностикалық құралдар; зертханалық диагностикаға арналған құралдар (автоанализаторлар, микроскоп); аса тиімді терапиялық құрылғылар - электірілі ынталандырғыш; ультрадыбыстық және механикаландырылған терапиялық техника; гемосорбция және гемоперфузия техника лары; стоматологиялық жабдықтар; телевизиялық құрылғылар (монитор, эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен т.б.); еңбекті көп қажетсінетін процесстерді автоматтандыратын және механикаландыратын техникалар.
Рентген– рентгендік және гамма-сәулелердің экспозициялық дозасының жүйеден тыс өлшем бірлігі. Ол сол сәулелердің ауаны иондау әсері бойынша анықталады. Бірліктің аты В.К.Рентгеннің құрметіне қойылған. Ол қысқаша Р (орысша), не R (халықаралық) таңбасы арқылы белгіленеді. Бірліктердің халықаралық жүйесінде экспозициялық дозаның бірлігі ретінде 1 Кл/кг алынады. 1Р=2, Кл/кг.
Электроэнцефалография, жүйке талшықтарындағы биологиялық токтарды тіркеуге мүмкіндік туғызатын мидағы биоэлектрлік құбылыстарды зерттеу тәсілі..
Электромиография бұлшық еттің электрофизиологиялық белсенділігін анықтау мақсатында биопотенциалы жазу. Бұлшық еттің сау және сырқат қалпын тексеретін ортодонтиялық тәсіл. Ауаны жұтқан кезде ауа мөлшерін үздіксіз сызықпен түсіріп тіркеу үшін қолданылатын аспап. Спирограф ауаны жұтқан кезде ауа мөлшерін үздіксіз сызықпен түсіріп тіркеу үшін қолданылатын аспап.
Хирургия (гр. cheіr қол және ergon әрекет) медицинаның негізінен операция жасау арқылы емделетін ауруларды зерттеп (алдын алу, диагностика сын қою, емдеу), операция жасау тәсілдері мен әдістерін,техника сын іздестіретін клиникалық салаты. Хирургия медицинаның терапия және акушерлік салалары сияқты ежелгі замена дамығаны белгілі.
Медициналық аппаратурдың көмегі медициналық аппаратурдың көмегімен нақты диагноз қойып, науқасты толық емдеп шығару; қажет көлемде запалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету; медициналық аппаратурдың артықшылықтары мен кемшіліктерін, қолжетімділікті талқылау. Міндеттеріне: аурудың алдын-алу мен оны арте айқындау; науқасқа қауіп тудырмау жолы арқылы зиян келтірмеу; ресурстарды дұрыс бөлу (адамдық және материялдық); науқасты емдеудің жоғарғы запасымен қамтамасыз ету және оны сауықтандыру; медициналық қателерді болдырмау мақсатында ұдайы емдеу мониторингін жүргізу; әлемдік стандарттарға сәйкес персоналдардың білімі мен әдетін жетілдіру.
Қауіпті факторлар (қауіптер) Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың өмірлік циклі үдерісінде туындайтын қауіпті факторларға (қауіптерге) мыналар жатады: 1) сериалы және жаппай өндірістің конструкциясының, технологиялық үдерістердің немесе өнімінің бақылау жүйелерінің жетілмеуі; 2) өндірісте рұқсат берілмеген материалдарды қолдану; 3) қолдану үдерісінде запалық сипаттамаларын жоғалту; 4) нақты ақпараттың болмауы.
Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында айналыстағы медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тұтынушының және пайдаланушының өміріне немесе денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар: 1) пациентті және тұтынушыны механикалық зақымданудан, дірілдің, шудың, жилу және иондаушы сәулелерден қорғауды қамтамасыз етуі; 2) электромагниттік үйлесімділікті, электрлі, химиялық қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі; 3) қауіпсіз материалдан жасалуы; 4) медициналық техниканы пайдалану құжатында көрсетілген пайдалану және қолдану қауіпсіздігі бойынша ақпараттың, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану, таңбалау жөніндегі нұсқаулықтың қажетті көлемімен жабдықталуы; 5) материалдардың физикалық қасиеттері мықтылығын, төзімділігін, контаминациялығын жоғалтуы және қоршаған орта факторларының әсері себебінен оларды қолдану, тасымалдау, сақтау кезінде пациенттердің немесе тұтынушылардың денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмауы; 6) байланысқа түсетін материалдармен, заттармен және газ армен бірге қауіпсіз қолданылады. Егер медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дәрілік заттармен қолдануға арналса, олар көрсетілген дәрілік заттарды регламенттеуші сапа және қауіпсіздік бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес тиісті дәрілік заттармен үйлесімділігі ескеріле отырып әзірленуі және өндірілуі тиіс.
Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жұқпалы және микробтық ластану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйым және оларды қолдану үдерісі пациентке, пайдаланушыға немесе онымен жанасатын басқа тұлғаға ең төменгі жұқтуры қаупімен немесе мүлдем болдырмауды көздеп жобалануы тиіс. Пациент медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану кезінде оның оңайлығы және ластауды неғұрлым төмендету мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Электрониканы бірнеше топқа бөлуге болады (қолданылу облысы, пайданылатын қондырғылары бойынша не теориялық мәселелердің категориясы бойынша) :
1) физикалық электроника денелердің электрлік өтімділігін, контактілі және термоэлектронды құбылыстарды қарастырады ;
2) техникалық электроника құралдар мен аппаратурдың құрылысын, оларды қосу сызбаларын қарастырады;
3) жартылайөткізгішті электроника жартылай өткізгішті құралдардың т.б. қолданылуын қарастырады.
Ағзаға не мүшелерге электр тогы әсер етеді, яғни биологиялық объект арқылы бірлік уақытта өтетін заряд. Адамға екі жерден жанасқан заттардың арасындағы (электродтар) дененің кедергісі мүшелердің ішкі тіндері мен терінің кедергілерінің қосындысынан тұрады. Шындығында терінің кедергісі ішкі мүшелердің кедергісінен артық болады. Реал жағдайда 220В кернеу кезінде ток күші 220 мА- ден біршама кем болуы мүмкін. Ендеше электронды медициналық аппаратурамен жұмыс істегенде электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін барлық мүмкін болатын талаптар қарастырылу керек. Негізгі және басты талап жұмыс істеп тұрған аппаратураның бөліктерімен жанасуды болдырмау. Ол үшін ондай бөліктерді бір- бірінен, аппаратура қаңқасынан оқшау қою керек. Осындай оқшаулату негізгі не жұмыстық деп аталады. Қаңқадағы саңылауды, оның ішкі бөліктеріне саусақтың, т.б. металл заттардың енуін болдырмау керек.
Электромедициналық аппаратурамен жұмыс жасаған кездегі электрлік қауіпсіздіктің негізгі шарттары: 1) жалаңаштанған екі қолмен, дене бөліктерімен құралдарды бір мезгілде ұстамаңыз; 2) ылғал, дымқыл еденде, жерде жұмыс жасамаңыз; 3) электроаппаратурамен жұмыс істегенде металл бөліктермен, құбырлармен (су, газ, жилу құбыры) жанаспаңыз; 4) екі аппараттың металл бөліктерін бір мезгілде ұстамаңыз. Өнімнің (құралдың) эксплуатацияның берілген шарттары бойынша дұрыс жұмыс істеуге қабілеттілігі, уақыттың берілген интервалы бойы өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтау сенімділік деген терминмен сипатталады. Құралдар мен аппаратурдың істен шығуы тек экономикалық шығынға ғана емес, пациенттің ажалына да әкеліп соғуы мүмкін. Аппаратураның қайтарымсыз жұмыс істеуі әсерін искре алмайтын көптеген себептерге байланысты. Сол себепті сенімділіктің запалы бағалануы ықтималдық сипатта болады. Маңызды параметр мысалы, қайтарымсыз жұмыс жасау ықтималдығы.
Медициналық жабдықтар - емдеу, диагностикалау және қалпына келтiру ic-шараларында, сендай-ақ науқасты күту кезiнде пациентке және медициналық қызметкерге қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге арналған медициналық техника. Медициналық техника бұйымдарды пайдаланатын пациенттердiң, қызметкердiң және өзге де адамдардың денсаулығына зиян тигiзетiн ықтимал қауiп-қатер деңгейiне байланысты белгiлi бiр сыныпқа жатқызылған медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жиынтығы. Электромагниттік құбылыстарды зерттеулердің жетістіктері нәтижесінде электротехника, радиотехника, электроника және радиоэлектроника пайда болды. Электроника дегеніміз электровакуумді, ионды, жартылайөткізгішті қондырғылардың (құралдарды) жұмысын, қолданылуын қарастыратын ғылым мен техниканың бір салаты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Арызханов Б.,Биологиялық физика,1990 ж. б Самойлов В.О. Медицинская биофизика, С-П,2007 ж. б Тиманюк В.А., Животова Е.Н. Биофизика, Киев, 2004 ж.б Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика, М.,2004 ж.б Ливенцев Н.М. Курс физики, М.,1982 г. 6. Б.Көшенов Медициналық биофизика, 2008 ж б Антонов В.Ф Биофизика-М
Интернет сайттар: google.kz