СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мейірім әуендері

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Батыс Қазақстан ғана емес республикаға танымал тұлға білім беру мен денсаулық  сақтау ісінің үздігі «Мақсат» медициналық  колледжінің бірінші басшысы Мақсот Бергеннің «Мейірім әуендері» атты студенттермен кездесу кешінің   сценариі.

Просмотр содержимого документа
«Мейірім әуендері»

Батыс Қазақстан ғана емес республикаға

танымал тұлға білім беру мен денсаулық

сақтау ісінің үздігі «Мақсат» медициналық

колледжінің бірінші басшысы

Мақсот Бергеннің «Мейірім әуендері»

атты студенттермен кездесу кешінің

сценариі.

30.11. 2018 ж.

(ортада журнал үстелі, 2 орындық, микрофон).

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер қауымы. Біздің медициналық колледжде бүгін бір ерекше кездесу өткелі тұр.

Ғұмыры өнеге мен ғибратқа толы, қазақы дәстүрді сақтап білген, еңбектің қазанында қайнаған, еліне елеулі есімдер тобындағы зиялы ағамыз Мақсот Қабыш Бергеновтің есімі республика көлеміне таныс.

Бүгінгі «Мейірім әуендері» кешімізде еңбекқор жанның өмірдегі қолтаңбасымен бірге жан-жағына шуағын шашқан иейірбан жүрегіне де үңіле білеміз деп ойлаймын. Ендеше, әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Ортаға сіздердің қошемет көрсетулеріңізбен Мақсот Қабышұлын шақырамыз.

(кеш иесіне гүл ұсынып, орындыққа отырғызу).

Жүргізуші: Құрметті Мақсот Қабышұлы! Сіз туралы күллі Батыс өлкесі жақсы біледі десем қателеспеспін. Жуырда колледж кітапханасында осы тақырыппен студенттер мен оқырмандар конференциясы өтті және сіз туралы ұстаздар, қызметкерлер қауымы «Ақжайық» телеарнасы түсірген фильмді тамашаладық.

Сіз аяулы әке, отбасы ұйтқысы, елін сүйген азамат, жоғары білімді фармацевт ұстаз, іскер басшы, бірнеше атақтардың иегері, қоғам қайраткері ретінде танимыз.

Сұрақ: Кітабыңыздың атын «Мейірім әуендері» деп қоюыңыздың сырын, өміріңіз жайлы білуге бола ма?


Андирова Гүлжанат МС – 11. Ән « Самға »


Жүргізуші: Жуырда өткен студенттер мен оқырмандар конференциясында

ф-13 І курс студенті Боранбаев Жомарт деген оқырман «осы кітапты оқып, мен бекер фармацевт мамандығын таңдамаған екенмін, ағайдың өмірімен танысып, анаға деген құрметтің шексіз қасиетіне таңғалдым», - деді.

Сұрақ: Студенттің бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыз?


Залдан сұрақ: Сіз достықты ерекше бағалайды екенсіз, оны кітабыңызда анық жазыпсыз. Қазіргі жастар арасында сіздің достығыңыздай достық болады деп ойлайсыз ба? Жалпы жастарға көңіліңіз тола ма?


Жүргізуші: Сіз өміріме азық болған «Әліппе» дейсіз, оны ерекше бағалаған екенсіз. Қазір мектептерде әліппені алып тастады. Бұл туралы пікіріңіз қандай?

Залдан сұрақ: «Қазақтың дәстүр – салтын, шиеленісті оқиғаларды кітабыңызда шебер суреттегенсіз, ұмытпай, бір-бірімен шатастырып алмау үшін күнделік ұстайсыз ба, әлде, жадыңызда сақтайсыз ба?».


Күй «Ерке сылқым » орындайтын ІІ курс студенті Мирас


Жүргізуші: Күнделікті көзі үйренген адамға сіз Мақсот Қабышұлысыз, ал зиялы қауым үшін сіз «Мақсатына жеткен Мақсот Бергеновсіз». Жетістіктерге жету үшін адамға қандай қасиет керек деп ойлайсыз? Зиялы қауым өкілдерінен кімдерді ерекше айтар едіңіз?


Залдан сұрақ: Сіз спорт пен өнерге жақын жансыз. Осының себебі не? Дәрігер қандай болу керек?


Қатимолла Бердіғалиев « Құрметті Мәке » оқитын І курс студенті

Бахтыгулова Жансая.


Жүргізуші: Сырым елі сіздің туып өскен еліңіз. Сіздің елжандылығыңызды ел тегіс біледі. «Рухани жаңғыру» аясында еліңізге, жекелеген жандарға қандай көмек бердіңіз? «Сырым ауданының Құрметті азаматы» болдыңыз. Осы атақты кейбір өлең айтып жүрген жап-жас қыз-жігіттер алып жүр. Осының аражігі қандай?


Залдан сұрақ: Кітап жазу осымен шектеле ме? Сіздің істің адамы екеніңіз белгілі, әлі де жалғасын табу үшін уақыт табасыз ба?


Жүргізуші: Отбасы, мекеме, қоғам, ел арасындағы байланысты берік ұстап тұру үшін ер азаматқа қандай мінез керек?


Коллективтен сөйлеу.


Ән « Әке ана » орындайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Серикова Нұржауған.


Сөз «Мақсат» медициналық колледжі директорының кеңесшісі Ахметов Бақтығали Ахметовичке беріледі.


Сөз Жұбантанушы, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, ақын, қоғам қайраткері Үзілдік Елеубайқызына беріледі.


Жүргізуші: Құрметті тыңдарман жұртшылық студенттер! Санаулы сағаттардағы кездесуде Мақсот Қабышұлының өмірдеректерінен өз ауызынан естіп, ағаның бірнеше қырларын таныдық. Осындай туған топырағында аянбай, талмай еңбек еткен асыл жанның адал бейнесін танудың өзі ғажайып. Ғибратты әңгімелер айтып, рухани сусындатқаныңыз үшін сізге зор алғыс. Отбасыңызбен ұжымыңызбен бірлікте еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сөз соңын Жанғали Набиуллин ағамыздың сөзімен аяқтағым келеді:


Биік ұстап ел атын, қазақ атын,

Ел тарихын еркіндеп жаза алатын.

Сендей жігіт Оралда көп емес-ау,

Аман жүрші ақ көңіл Азаматым! – деген екен арнау өлеңінде. Коллективіңізге тағы қандай тілек айтар едіңіз, кездесуді қорытындыласаңыз.


Жүргізуші: Құрметті оқырман! Мақсот Қабышұлына сіздердің атыңыздан зор ризашылық білдіре отырып, отбасына амандық, алдына қойған мақсаттары орындалу жолында талмай еңбектеніп, еңбек бақытын көруіне тілегімізді білдіреміз. Мау-саламат болайық! Жеңісті күндеріміз көп болсын!


Баяу музыка. Суретке түсу.