«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ

Тәрбие сағаты: «Мейірімділік – асыл қасиет»
Тәрбиеші: Орумбаева А.Н.
2019 ОҚУ ЖЫЛЫ
Тақырып: «Мейірімділік – асыл қасиет»
Мақсаттары:
Білімділік: Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі мейірімділік туралы түсінік беру.
Тәрбиелік:Адамгершілік, қайырымдылық арқылы мейірімділікке тәрбиелеу
Дамытушылық:Табиғатқа, адамға, жан – жануарларға құрметпен қарау.
Оқыту: өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру.
Педогогикалық технологиялар: сұрақ-жауап,әңгімелесу,
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыпқа байланысты мазмұнды суреттер, үлестірмелі материалдар.
Билингвалдық компонент: мейірімділік- мелосердие
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Арайланып таң атты !
Күн шуағын таратты!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Сәлеметсіздер ме балалар!
Іздену- ұйымдастырушы
кіріспе:
Балалар денелерімізді түзу ұстап, еркін отырып, көзді жәй жұмып мына тамаша музыканы құлақ түріп тыңдайық
Тыныштық сәт.
-Балалар музыкадан қандай әсер алдыңдар?
-Кәзір жылдың қай мезгілі? - қыс мезгілінде неше ай бар?
- ай аттарын үш тілде айта аламызба?
Жаңа оқу қызметі: Балалар адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі адамгершілік қасиеті. Адам бойындағы адамгершілік қасиеті бірнеше бөліктерге бөлінеді. Сүйіспеншілік, мейірімділік, дұрыс іс-әрекет, қиянат жасамау,қамқорлық қасиеттері.Бүгінгі өзін-өзі тану оқу қызметінде мейірімділік қасиеті туралы әңгімелейміз.
-Балалар міне байқадындар ма, бүгін біз мейірімділік туралы сөз
қозғаймыз.
Бүгін оқу іс –әрекетінің тақырыбы: «Мейірімділік –асыл
қасиет» - деп аталада.
-Мейірімділік дегеніміз не?
-Мейірімділікті қайдан алуға болады?
-Егер саған біреу мейірімділік көрсетсе сен қандай сезімде болар едің?
-жақсы көретін жан-жануарларың барма?
және оларға мейірімділікті қалай көрсетеміз?
Б/ж: -жақсы көру, көмектесу, қамқорлық жасау т.б.
Б/ж: Анама ыдыс жуып көмектесем, әкеме төсек саламын.
Б/ж: ит, мысық, тауық т.б
Б/ж: тамақ береміз,аялап,қамқорлық көрсетеміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, адамдар бір біріне, туған-туыстарына,табиғатқа деген жанашырлық жылы сезімін, қамқорлығын білдіріп , отбасы мүшелеріне, жан жануарларды жақсы көріп, сыйласып, оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет.Ендеше мен сендерге ертегі оқып берейін.
Ертегі: «Сары тауық пен балапандары»
Сұрақ/ жауап -Балалар ертегі не туралы?
- Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Б/ж:- Сары тауық пен балапандары туралы.
Бір біріне қамқор болуды, кішіге құрмет көрсетуді, бауырларына мейірімді болуды, адал болуды үйретеді.
-Өзі жаурасада балапандарын қанатының астына алып, жаңбырдан қорғай білді.
- Күнді ананың жүрегіне теңеп қойған, онда ана жүрегі қашанда күн сияқты жадырап,жайнап тұрады дегенді білдіреді.
Тәрбиеші: - Балалар жаңа өздерің тыңдағандай сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?
- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды балабақшада апайларың, үйде ата-аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам?
Б/ж:- АНА- кішіпейіл,бауырмал,
кешірімді,жақсы, мейірімді,
сыпайы, әдепті, жанашыр
Дұрыс айтасыңдар балалар. Ана- халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі, адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ол барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы әр адамның өз қолында.
Ойын: «Кім және не мейірімді?» тақтада жазылған сөздерді тәрбиеші оқуы арқылы не мейірімді деген сұрақтар қойылады.
-Күлімдеген не мейірімді?
- Кіршіксіз ақ не мейірімді?
- Таза мөлдір не мейірімді?
- Бәрімізді көтеріп тұрған не мейірімді?
- Аяулы кім мейірімді?
- Қадірлі кім мейірімді?
- Әлпештеген кім мейірімді?
- Еркелеткен кім мейірімді?
- Жылы жүзді кім мейірімді?
- Тату-тәтті кім мейірімді?
Балалар берілген сұрақтарға байланысты жауаптарды сөздердің арасындағы бос орындарға суреттерді орналастырады.
б/ж:
1.күн
2.қар
3.су
4.жер
5.ана
6.әкем
7.әжем
8.атам
9.тәрбиеші
10.достарым
Ендеше бідің шағын сахналық көрінісімізді тамашалаңыздар.
Сахналық көрніс: Топ бүлдіршіндерін ролдерге бөліп сахналық көрніс көрсетеді.
Жеміс-жидек салынған себет ауыр екен, балабақшаға қалай жеткіземін?- Апай Аружанға қол көмегі керекқо біз барып көмектесейік. ( Жантуар,Санжар )
Мына жаңбыр қашан басылар екен, үйіме қалай жетемін?- Сезімге қол шатыр керек, қол шатыр апарайын. ( )
Тәрбиеші балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі. Бүгін, біз дос адам дардың бір-біріне деген қарым-қатынасы және «Достық» ұғымымен танысамыз.
«Дос» және «достық» деген сөзді қалай түсінуге болады?
Жақсы дос деп кімді айта аламыз?
Дос деген сөз орысша «Друг», ағылшынша «Friend» деп айтылады екен.
Әңгімелеу.
«Арыстанмен тышқанның достасуы» ертегі.
Педагог ертегі үнтаспа арқылы тыңдатып, балаларға сұрақтар қояды:
Ертегіде қандай қарым-қатынас бейнеленген?
Ертегіде қандай аңдар суреттелген?
Аңдар қалай достасты?
Біреуге жасаған жақсылық, өзіңе жақсылық болып оралама?
Д/О: «Досыңның көңіл-күйі қандай?»
Тәрбиеші: Балаларға суреттегі бет бейнелерді көрсетіп, досыңның көңіл-күйі қандай? Досыңа қалай көмектесуге болады деген сұрақтар қояды.
б/ж: қуанышты, көңілсіз, ашулы,таңқалыуда,жылап тұр.
ойыншығымен бөлісемін, көңілін көтеруге тырысамын.
Күтілетін нәтиже: Балалар өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
Білу керек: Балалар «Достық» құндылығы туралы түсініктерін білуі тиіс.
Болуы керек: Балалар дос үшін әрқашанда бір-біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен
реніштерін бірге бөлісуге дайын болуы тиіс
Қорытындылау:
- Балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық қалай қалыптасатынын білдік. Достар әрқашанда бір-біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетіндерін түсіндік. «Дос» және «Достық» ұғымымен таныстық. Адамдар үшін достықтың қандай қымбат екенін білдік.
«Сары тауық пен балапандары»
М.Төрежанов
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Сараптама
МДС «А»
Тәрбиеші: Орумбаева А.Н
Тақырып: «Мейірімділік – асыл қасиет»
Мақсаттары:
Білімділік: Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі мейірімділік туралы түсінік беру.
Тәрбиелік:Адамгершілік, қайырымдылық арқылы мейірімділікке тәрбиелеу
Дамытушылық:Табиғатқа, адамға, жан – жануарларға құрметпен қарау.
Оқыту: өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу
Көрнекі құралдар: жануарлар суреті,түрлі түсті шар,қарындаш, қайшы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері: Шеңбер құрырып амандасу,бір –біріне жақсы тілектер тілеу.
1)Мейірімділік деген не ?
2) Мейірімділікті қайдан алуға болады?
3)Егер саған біреу мейірімділік көрсетсе қандай сезімде боласын?
4)жақсы көретін жан – жануарларын бар ма?және оларға мейірімділікті қалай
көрсетеміз?деген сұрақ жауап бередік
2. Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс жасадық.
3. Мейірімділік туралы ертегі көріп, оны талдадық
4.Тақырыпқа сай ойын ойнадық, және сергіту сәтін жасадық
5. Ана туралы тақпақтар мен өлен айтылды
6. Тыныштық сәтінде музыка тыңдалды (балалардың көңілін экранға аударып сурет арқылы өлең жодары оқылды)
7. Балалар тыныштық сәтін тыңдап алған әсерлерін айтты.
.
.