СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектебінің (РО) қамқоршылық кеңестің хаттамасы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұхтар Ауезов атындағы тірек мектебінің Кеңес отырысының хаттамасы

 

Просмотр содержимого документа
«Мектебінің (РО) қамқоршылық кеңестің хаттамасы»

Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебінің (РО) қамқоршылық кеңестің №1 отырысының

ХАТТАМАСЫ


Қазақ ауылы 26.04.2019 жыл


Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Күн тәртібі:


1.Мектеп директорының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі.

М.Сарсенова-мектеп директоры

2.Әр түрлі мәсе


1.1.Тыңдалды. М.Сарсенова-мектеп директоры:

Еліміздегі ірі өзгерістер, қоғамдағы жаңалықтар білім ордаларында , мектептерде өз көрінісін тауып келеді. Тұғыры биік еліміздің ертеңінің бүгінгіден де жарқын болуы –рухы асқақ , еңсесі биік, білімді де білікті ұрпақ қолында . Осы талап үдерісінен шығып , адам бойындағы ізгілік атаулыны қалыптастыратын ұлтты тәрбиелеудің кепілі –мектеп .Осындай білім ошағының бірі –Қазақ ауылыда орналасқан Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі дей келе-

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылатын сыныптарда критериалды бағалау жүйесі енгізіліп,мектеп әкімшілігімен мұғалімдер тарапынан қарқынды жұмыстар жүргізілуде.Критериалды бағалауды енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру және мектеп бітірушілердің білімін халықаралық сәйкестендіру –бұл мектеп мұғалімінің әрбірінің басты міндеті.

Мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлері отбасы тірлігі, мектептегі қиын да қызықты еңбекті қосымша қоғамдық жұмыстармен де ұштастыра отырып, ауданымызда өтіп жатқан түрлі іс-шараларға да белсенділік танытып келеді дей келе-

Сондай –ақ атқарылған жұмыстарға толық талдау жасай отырып, мектепте қордаланған мәселелерге тоқталып өтті. Мектептің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында демеушілердің көмегімен 2 оқу кабинеттерінің едені мен оқу парталарының жөндеуден өткенін және жазғы демалыс кезінде спорт залды күрделі жөндеуден өткізетінін айтып өтті. Сонымен қатар оқу кабинеттеріне жаңа дидактикалық жабдықтармен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып, тозығы жеткен компьютерлердің орнына заман талабына сай жаңа компьютермен жабдықтау жолдарын қарастырып жатқандығын айтып өтті.

Мектеп әкімшілігі мектеп жұмысын дамытуда дұрыс болжам жасап, ұжымды ортақ мүддеге тоғыстыра білсе жетістікке жеткендігін, ұстаздардың өздерінің алдында үлкен міндеттер тұрғанын жауапкершілікпен сезініп, оқу-тәрбие процесінде қазіргі талапқа сай жоғары нәтижеге жету жолында ізденіспен еңбек етіп жатқандығын айтты.

Сондай –ақ атқарылған жұмыстарға толық талдау жасай отырып, мектепте қордаланған мәселелерге тоқталып өтті. Мектептің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында демеушілердің көмегімен оқу кабинеттерін жаңа дидактикалық жабдықтармен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып, тозығы жеткен компьютерлердің орнына заман талабына сай жаңа компьютермен жабдықтау жолдарын қарастырып жатқандығын айтып өтті.

2.Сөйледі Қ.Сағынбеков – қамқоршылық кеңес төрағасы.

Мектеп басшысының есебіне байланысты қандай сұрақтар бар екендігін сұрады.

3. Сөйледі Нязқұлов Ө- қамқоршылық кеңес мүшесі:

Мектеп директорының жылдық есебін тыңдай отырып, баяндама аталып өткен мектептің әлі де шешілмей отырған мәселелері бойынша жоғары орындарға хат жүзінде қайырылған, қайырылмағандығын сұрады.

  1. Сөйледі. М.Сарсенова-мектеп директоры


Мектепте мерекелік іс-шараларды өткізетін акт зал, спорттық іс-шараларды өткізетін спорт залдың жоқтығын айтып бірнеше рет жоғары орындарға хат жазғандығын сонымен қатар мектептің от қазандығының да тозығы жетіп, жаңа отқазандық соғу қажеттілігін көрсетіп хат жолдағандығын айтты. Сондай ақ мектепке қажетті басқа да

құрал жабдықтарға сұраныс беріп, олардың біразы қанағаттандырылғандығын айтып өтті.


  1. И.Омаров -Қамқоршылық кеңес мүшесі:


Мектептің материалдық базасы әлі де сын көтермейтіндігін айта отырып,мектеп директорының баяндамасында аталып өткендей ауыл азаматтарының демеушілігімен бірқатар жұмыстардың атқарылғандығын, әлі де атқарылатындығын айтты. Сонымен қатар, мектепке акт зал, спорт зал өте қажет екендігін, мектеп оқушыларының әр түрлі спорттық секцияларға, ұйірмелерге қатысу үшін аудан орталығына қатынасатындығын айтты. Ол оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де қиындық әкеліп отырғандығын ескертті.

Мұндай мәселені шешу бір адамның қолынан келмейтіндігін айта отырып, ауыл азаматтары тарапынан қолдау Қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан көмек керектігін ескертті.


6.Сөйледі. –Т.Ташенов Қамқоршылық кеңсе мүшесі

Ауыл балаларының болашағы үшін бұл мәселені жабулы күйінде қалдырмай, аяғына жету қажеттігін және шешімге осы мәселені енгізу қажеттігін айта отырып, кеңес мүшелерін жұмыла жұмыс жасауға шақырады.

7.Сөйледі – Қ.Сағынбеков қамқоршылық кеңес төрағасы


Қамқоршылық кеңес отырысының күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралғандығын айта оытырп, Қамқоршылық кеңес отырысының шешімімен таныстырды.


ШЕШІМІ:

1.Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебінің директоры М.Сарсенованың есебі қанағаттанарлық деп табылсын.

2. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Қамқоршылық кеңс мүшелері тарапынан нәтижелі жұмыстар жандандырылсын.


1. Сағынбеков Қонысбай Оразханұлы ................................қамқоршылық кеңес төраға

3. Омаров Исатай Файзуллаұлы........................................... қамқоршылық кеңес мүшесі

4. Искаков Шәмшіхан-...........................................................қамқоршылық кеңес мүшесі

5. Ташенов Тойлан Оңалұлы-................................................қамқоршылық кеңес мүшесі

6. Ниязқұлов Өмен ................................................................. қамқоршылық кеңес мүшесі

7. Рысжанова Гүлмайдан ........................................... қамқоршылық кеңес мүшесі

8. Баймұратова Нұрсұлу..........................................................қамқоршылық кеңес мүшесі

9. Амреева Шәрбану Чинтаевна............................................қамқоршылық кеңес мүшесі


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!