СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мектеепке дейінгі балалардың тілін дамытудың маңызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балалардың тілдерін көркем әдебиет арқылы дамыту. Жаңылтпаш , мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорларын молайту. Өлең-тақпақтар, ертегілер, әңгімелер оқу,жаттау барысында ойлау, естесақтау қабілеттерін молайту.

Просмотр содержимого документа
«"Мектеепке дейінгі балалардың тілін дамытудың маңызы"»

Мектеп жасына дейінгі балардың тілдерін дамытуда

ауыз әдебитінің маңызы.

Жұмыстың мақсаты:

Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары балабақшада балалардың ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулу.
Жұмыстың міндеттері:

  1. Балалардың санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялату.

  2. Қиялдарын қанаттандыру.

  3. Ұлттық рухты бойларына сіңіру.

Кіріспе:
Балабақшада ауыз әдебиетінің үлгілерін үйретудегі маңызы. Онда ертегілер оқып, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеуге үйрету, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білу, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қою, мәнерлі айта білуге үйретіледі.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылады.  
Халық ауыз әдебиетіндегі ұсақ жанрлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлеңдердің балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр – жаңылтпаш.Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.Жаңылпаштарды тіл дамыту құралы десек, тәрбиешінің міндеті – оларды балалардың жас ерекшеліктеріне, сауат ашу сабақтарының мазмұнына сәйкес лайықты, орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі қазақ халқында, өзге халықтарда көркем сөзді қандай жаңылтпаштар бар екенін жақсы білуі, әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де қуатты құралы – жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт.Сауат ашу сабақтарында жаңылтпаштарды қолданудың маңызы мынандай міндеттерді шешуге әкеледі:

* әр дыбысты өту барысында оның акустика-артикуляциялық ерекшеліктерін ескере отырып дыбыстау;

* тәрбиешінің түсіндірмесімен немесе сөздік жұмысын жүргізу нәтижесінде мағынасы айқындалған жаңа сөз, жаңа ұғымдармен баланың сөздік қорын молайту;

* кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қылықтарын баяндайтын қысқа да нұсқа, нақты бейнелі ұтымды ұйқасқан сөздер мен сөз тіркестерінен құралған мәтін мазмұнының тәрбиелік мәні;

* өлең, ұйқас, ырғақ, бунақ, буын жөнінде алғашқы түсініктер беру;

* шапшандыққа, аңғарымпаздыққа, жиналыққа баулу;

* есте сақтау қабілетін дамыту.

Жеке дыбыстарды таныстыру сабақтарында сол дыбыстарға сәйкес жазылған жаңылтпаштарды балаларға жаттатып, сабақты бекітерде, бой сергіту сәтінде қолданылады.

Халық ауыз әдебиеті-халық шежіресі. Қазақ ауыз әдебиеті талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымызды танимыз. Ауыз әдебиетіндегі қиял дүниесінен туған ғажайып ертегілер, батырлар жырлары, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар, санамақтар, ұлттық ойындар-бәрі халықтық мол байлық. Жазба әдебиетінің негізін салушы классик ақын А.Құнанбаев қазақ әдебиетінің асыл қазынасы мақал-мәтелдерді зерттеп, келешек ұрпаққа құнды пікір айтты. Ол отыз үшінші, отыз алтыншы қара сөздерінде мақалдардың тәрбиелік мәніне терең тоқталды. Ал ол отыз жетінші қарасөзінде: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болса, бала мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» – деп тәрбие басында яғни, ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану барысында үлгілі қасиеттер арқылы шәкірт бойындағы барлық жағымсыз әдеттерден айыртуға болатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Балалардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеуін, қиялын байқау үшін өздерінің білетін ертегілерін әңгімелету немесе сұрақ-жауап арқылы шәкірттің тіл байлығы қай дәрежеде екенін байқауға болады. Жұмбақ балалардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі. Мысалы: үй жануарлары тақырыбында:

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

Математикадан қолданған ауыз әдебиетінің бір бөлігі санамақтарда баланың кішкентайынан бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады. ойлау жүйесін жетілдіріп, оның желілі нұсқалары тапқырлықты танытуға құштар етеді. Мысалы:

Бір дегенің-білеу

Екі дегенің-егеу

Үш дегенің-үскі

Төрт дегенің-төсек

Бес дегенің-бесік

Бала – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы. Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолданылып келеді.

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы: ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына.

Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балаларды балабақшада ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі маңызы.

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы: ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атауларда осыған жақын мағынада қолданылады.Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын ертегілер айту арқылы да кеңейткен. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Мысалға мына сабақты алып қарасақ.

Тақырыбы:«Денсаулық – байлықтың негізі»

Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, балаларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан- жақты азамат етіп тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Достарымды көргенде.

Қуана қарсы аламыз,

Сәлем,сәлем, сәлем!

Біздің топта ұл- қыздар,

Тату – тәтті ойнаймыз.

Ортамызға қоршаған,

Тек мейірім сыйлаймыз!

/Үнтаспадан бір дыбыс естіледі/.

Жүргізуші:Балалар, тыңдаңдаршы, бұл не шу? Көмекке шақырған дыбыс сиақты.

Кенеттен есік ашылып, әтеш жылап келеді.

Жүргізуші: Балалар, бұл әтеш қой! Неге жылайсың? Не болып қалды?

Әтеш:/ менің тамағым қатты ауырады. Енді ешқандай ән айта алмаймын. Сендерді кім оятады?/

Жүргізуші: Әтеш қиналма! Мүмкін біз саған көмек бере алармыз. Не қалайсың?

/Маған сиқырлы дәрумен ғана, көмектеседі, сол дәрумендерді тапсаңдар, мен жазыламын./

Балалар әтешке көмектесеміз бе?

Ол дәруменді қайдан табамыз?

/Ол дәрумен тек қана тотықұста бар, тотықұсқа жету үшін көптеген кедергілерден өтулерің керек./

Жүргізуші:Балалар, біз кедергілерден қорықпаймыз ғой!

...Бейнетаспа арқылы жемістер мен көкөністерді ретімен көрсету, сұрақ- жауап .

Жемістер мен көкөністерде болады.

Ұйымдастыру кезеңі: балалар мынау ненің суреті?

/пияздың/

Пияз қандай?

/Пияз ащы, көзді ашытады, жылатады. /

Пияз көкөніс пе, жеміс пе?

/Пияз – көкөніс/

Мынау ненің суреті? /алма/

Алманың дәмі қандай? /дәмі тәтті/

Алма қайда өсді?

/ Алма ағашта өседі, ол жеміске жатады./

Батырбаек: Мынау сәбіз: бұнда а дәрумені бар. Көздің жақсы көруін. Сүйектер мен теріні жақсартады.

Аяжан: Лимон, апельсинде С дәрумені бар. Суық тиіп қалғаннан сақтайды.

Қызылша: Ақ түсім бар қанта алар,

Амирхан Қызыл түсім – қанға нәр.

Зияным жоқ, біліп қой,

Қызылшамын, пайдам бар.

Пияз: Асханадан шықпаймын,

Тамирис Атым – пия, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан біраз сақтаймыз.

Жүргізуші:Балалар сендер дәрумендер неде көп болатынын

Біліп алдыңдар. Енді сапарға шығар алдында кішкен күш жинап, жаттығу жасап алайық.

Бір, екі, үш,

Жинаймыз біз күш! /2рет/

Иілеміз- оңға, иілеміз – солға,

Бір отырып, бір тұрып,

Жинаймыз біз күш! /2рет/

Сапарға аттанамыз /судың сыңғырлаған дыбыс естіледі./

Жүргізуші: балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?/Судың дыбысы/

Алдымызда өзен жатыр, өзеннен ары қарай немен өтеміз?

Балалар: Көпір арқылы өтеміз.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Көпір арқылы өтеміз. Ендеше, суға түсіп кетпес үшін қолымызды екі жақа созып, тепе - теңдікті сақтап, бір- бірлеп көпірден өтейік.

/балалар бірінің артынан бірі жүреді/

/ Алдарынан секіріп қоян шығады./

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер кімсіңдер? Қайда бара жатырсыңдар?

/ қоянжан біз балабақшадан келе жатырмыз. Тотықұсты іздеп жүрміз./

Қоян: Сендерге тотықұс не үшін керек?

/Біздің әтешіміз ауырп қалды, тотықұстан сиқырлы дәрумен сұрайық деп едік./

Қоян: балалар маған менің көкөністерімді жинауға көмектесіңдер, сосын жолды көрсетемін.

Ойын: "Кім жылдам "?

Ойыннын шарты: балалар көкөністерді бөлек-бөлек жинайды.

Қоян: Рахмет, балалар мына жолмен жүріңдер, алдарыңнан кірпінің үйі шығады. Сол кірпіге жолығыңдар.

/Сапары әрі қарай жалғасады. Алдарынан кірпі шығады/

Кірпі: Кім мені оятты ?

Балалар:/Кешіріңіз, біз тотықұсты іздеп жүрміз, жол көрстесіз бе?/

Кірпі: Ең алдымен « Салауатты өмір сүру» туралы не білетіндеріңді көрейін.

Данис: Ерте, ерте, ертемен, Али: Жабырқауды білмйміз.

Мен де өзімше тер төгем. Жалқаулықты сүймейміз,

Айтып жүріп өлеңді, Біз талапты жас ұлан.

Сергітемін денемді. Үлгі аламыз жақсыдан.

Сұлтан: Өмір тәтті бал екен, Амира: Тойып ішсең қаншама,

Ұрпағы балғын тал екен. Ауырасың соншама.

Денсаулық бұл пәниде, Асқазанды бүлдірсең,

Алтыннан қымбат – ақ екен. Жазылмас қанша күн жүрсең.

Кірпі: Менің қолымда мынадай қағаздар бар, осы қағазда тағыда бір тапсырма бар.

Жүргізуші қағазды оқиды; Құрметті балалар! Мына мақал- мәтелдің жалғасын табыңдар.

  1. Денің сау болса, жаралымын деме,

Жолдсың көп болса, жалғызбын деме.

  1. Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

  1. Дәрі шөптен шығды,

Дана көптен шығады.

  1. Тазалық- денсаулықтың негізі,

Денсаулық байлықтың негізі.

Кірпі: Рахмет, балалар тотықұс анау бақтың ішінде тұрады, бірақ абайлаңдар. Ол жолды жарқанат бақылайды, оған ұсталып қалмаңдар.

Жүргізуші: кірпі саған көп рахмет! Балалар сапқа тұрып мына жолмен жүрейік. Жарғанат түнде ұшып, күндіз ұйықтайды. Сондықтан біз күндіз ұйықтап, түнде жол жүреміз.

Балалар: Жазықты біз жүреміз,

Тауларға да шығамыз.

Таза ауа алайда,

Қандай жақсы адамға.

Жүргізуші: Балалар жарқанаттың жолынан да жеттік.

Жарқанат; Маған мына жұмбақтың шешуін тап.

  1. Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан. /Сәбіз/

  1. Қалың киім ұнатады,

Шещіндірсең жылатады. /Пияз/

  1. Сырты тәтті, іші тәтті,

Ортасы – сүйек, қатты. /өрік/

/ Тотықұстың қақпасы жабулы тұрады, қақпа ашылу үшін денемізді сергітіп бір би билеп тастайық.

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші:Жарайсыңдар бұл кедергіден де сүрінбей өттік.

/Керіліп , созылып тотықұс шығады/

Кімдер мынау секіріп, билеп жүрген.

Балалар: Сәлемтсіз бе, тотықұс! Біздің әтешіміз ауырып, дауысы шықпай қалды. Біз сізден сиқырлы дәрумендер сұрауға келдік.

Тотықұс: Сәлемтсіңдер ме, балалар! Жарайсыңдар. Сендер достықтың, ұйымшылдықтың арқасында көп кдергілерден сүрінбей өттіңдер. Мына дәрумендерді алып тезірек әтеш достарыңа апарыңдар. Үнемі осылай көмек беруге дайын болыңдар.

Жүргізуші: Әтеш, міне, біз келдік балалар саған сиқырлы дәрумен алып келді.

/Әтеш дәруменді жеп ауруынан жазылады./

Әтеш: Рахмет, балалар! Енді мен,

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлаймын таң атпай.

Ку- ка- ре- ку

Мен енді ешқашан ауырмаймын. Сендер де мына сиқырлы дәрумендерден алыңдар.

Жүргізуші: Балалар, бүгін сендер әтешке көмек көрсттіңдер. Әрдайым осындай мейірімді болып, қиын сәттрде бір-біріңе жәрдем бере біліңдер.

Жангелді: Балдай тәтті баламыз,

Ақылдымыз данамыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстассақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы.

Сау болыңыз бәріңіз.

Сау болыңыздар.

Ересектер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйретудің кезеңдері: