Просмотр содержимого документа
«Мектеп бітіруші түлектерге тілек»
Әрқашан да таудай биік талабы
Дагирдің инженер болу - қалауы!
Сенім оған білдіреміз болады деп
Басқару мен автоматтандыру маманы.
Болашаққа сенімменен қарайды
Дизайнер болуды олар қалайды
Айдана мен Нұрбағила екеуі
Жұмыстарымен таңқалдырар талайды.
Дильназ бенен Аселя - тіл маманы
Аудармашы болу-олардың арманы.
Болашақта бірнеше тіл меңгеріп
Халқына қызмет ету - мақсаттары.
Бар таланты бір бойына сыймайды
Бір өнері - тарихты терең қозғайды.
Ең көңілді, әзілкеш біздің Самат
Ұстаз болып, білім беруді ойлайды.
Бұл - мектептің мақтанышы, түлегі
Жақсылыққа толы әрқашан жүрегі.
Бағындырар белестері бар алда
Инженер болу – Ринаттың арман-тілегі.
Айгерім, арманың орындалсын көңілдегі
Ұстаз болу – қалауың өмірдегі.
Ұстаздан шәкірт озар деген сөз бар
Үлгілі ұстаз боларсың еліміздегі.
Ақ халатты абзал жан боп
Адамдарды емдейді
Олжас пенен Мухамедали
Дәрігер боламын дейді!
Олжас оқып Түркістанда
Терапевт болуды көздейді
Мухамедали болашақта
Балаларды емдейді!
Бейбарыс өзін келешекте
Тәртіп шеңберінде көреді.
Ішкі істер бөлімінде
Қызмет еткісі келеді.
Құтты болсын қадамдарың
Басқан жаңа өмірге!
Білім, ғылым жиыңдар
Ынтаменен көңілге!