Тәрбиеші Смагулова Г.С
«Курчатов қаласының №3 орта мектебі» КММ шағын – орталық
ШҚО Курчатов қаласы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл білімдерін жетілдіру және оны шешу жолдары.
Мақсаты:Балалардың тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету. Баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Балалардың ой-өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып,өмірге қажетті дағдыларға үйрету.
Тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.Тіл ақауы бар балалар өз тіл кемістіктерін сезініп, ұялшақ, момын болып келеді және құрбыларымен тез қарым-қатынасқа түсе алмайды. Қазіргі кезде балабақшаға сөйлемей келген үш жастағы бала тәрбиешіні таң қалдырмайды. Баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Менің тобымда екінші кіші Еркетай тобында да балалардың тіл білімдерін жетілдіруде көптеген қиындықтарға тап болдым, мысалы
-Сөздік қорының кемдігі;
-Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы
-Дыбыстау кемшілігі;
-Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
-Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Топта мүлде сөйлей алмайтын, тіл білімі мүлде дамымаған бала жоқ. Тек ана тіліміздің ұяң дауыссыздарын дұрыс айта алмайтын, айта алмағандықтан басқа дыбыстармен алмастыру, бұрмаланып сөйлейтін, байланыстырып сөйлеу тілі нашар дамыған балалар баршылық. Ата-аналарға берілген кеңестердің арқасында, атқарылған жеке жұмыстардың арқасында балалар сөйлей бастады,бірақ түсініксіз.
Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Мен де өз жұмысымда осы қиындықтарды шешу жолында , балалардың тілін дамытуда осы заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданамын. Мысалы:
1.Ойын технологиясы
2.Денсаулық сақтау технологиясы
3.ТТШТ технологиясы
4.Қатынастық-ақпараттық технологиясы
Сын тұрғыдан ойлау технологиясы
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік,әңгімелесу, бақылау, мнемокесте,модельдеу,сөздік т.б
Н. К Крупская: Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылғанң сюжеттік - рольдік ойындардың маңызы зор.
1. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын технологиясын қолданудың орны ерекше екендігіне көз жеткіздім. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен тілдік қарым-қатынас жасайды.
2.Балалардың тіл білімдерін жетілдіруде денсаулық сақтау технологиясының маңызы өте зор.Мысалы балалармен бірге танымдық сағаттарда артикуляциялық жаттығулар кешенін, тіл ұстарту жаттығуларын, тілдік, сөздік ойын түрлерін, саусақ ойындарын жүйелі түрде өткіземіз.Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады.
3.Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеуде ТТШТ технологиясын алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыруда, тілдерін дамытуда тиімді екенін байқадым. ТТШТ — тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе.
4.Қатынастық-ақпараттық
Бала күнімізде көріп өскен мультфильм желісінен Успенскидің «Разноцветная семья» шығармасын аударып ұйымдастырылған оқу іс – әректіне қолданып жатырмын. Бұл шығарманың түрлі – түсті отбасының мүшелерін қағазға бес саусақ арқылы бастырып, қиып, түрлі – түстерге бояп қуыршақтарын балалар өздері қызыға жасайды. Қуыршақтарды жасау кезінде балалардың саусақ моторикасының дамуына үлкен үлесін қосады. Рольдерге бөліп сахналау барысында тілдерінің байланыстырып сөйлеулері дамыйды.
5.Жаңа технологиялардың бірі – «сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» СТО-ды дамыту әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі ,
оның тиімділігі,нәтижелігі, жаңашылдығы.Балаларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, оқу қызметінің үш кезең арқылы жүзеге асыру.
6.Өз жұмысымда баланың сөздік қорын, тілін дамытуда мнемотехника әдісін қолданудың да маңызы өте зор. Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника — тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр.
Мнемотехника — оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту.
Қортындылай келе өз жұмысымда осы заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануды жалғастырамын. Көрсеткіштері төмен балалармен жеке жұмыстар атқарып ,ата-аналарына жеке кеңестер беруді жалғастырамын.
Халық байлығының асыл қазынасы –рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен , ана әлдиінен бастап, балабақшада әрі қарай жүзеге аспақ. Қазақта «сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001
2.Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж
3.Бала мен балабақша журналы
4.Интернет ресурстары
Мектеп жасына дейінгі балалардың
тіл білімдерін жетілдіру және оны шешу жолдары