Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 03.02.20
Тәрбиеші:Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қыстың керемет шағы»
Тақырыбы: «Тиін бізде қонақта»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:Балаларды табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Орманда негізгі буын-өсімдіктер екенін көрсету, олармен жануарлар қөректенетінін айту,ойларын дамыту.
3.Оқыту: Ормандағы өсімдіктер мен жануарлар мекені ретінде түсінік беру
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: тиін,түлкі,аю,қасқыр,қоянның суреттері
Сөздік жұмыс: тиін,түлкі- аю-,қасқыр,қоян.
Үш тілділік компонент: Түлкі-лисица-Fox,аю-медведь-bear.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
Музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне жинаймын.
Кел,балалар,күлейік! Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
ІІ. Негізгі бөлімі.
-Балалар хайуанаттар бағына кім барды? Ол жерден қандай аңдар көргендерінді еске түсіріндерші?
-Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар. Шешуін дұрыс тапқан бала сол аңнын суретін тақтаға іледі. 1.Өзі бір қу. Жүрген жері айқай мен шу. Ол қай аң? 2.Қорбан, қорбан етеді,Орман оның мекені.Тәтті балға тойып ап,Қыста балға кетеді. Бұл не? 3.Сұр түсті Ақсиған көп тісті. 4. Секең, секең етеді,
-Жарайсыңдар, балалар, енді осы аңдар туралы кім айтып береді?
-Ал тиінді көргендерің бар ма?Сендердің көпшілігің тиінді байқамай қалуларың да мүмкін, себебі: ол кішкентай әрі көбінесе ағаштардың басында жүреді. Біз бүгін тиін жайлы әңгімелесеміз. Міне, мынау-тиін (суретін көрсетеді). тиін қарағайлы ормандарды мекендейді екен. Тиін туралы білгілерің келсе, алдыларыңда тұрған суретке назар аударыңдар.
-Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы қандай?
, қалай ойлайсыңдар тырнақтары қандай қызмет атқарады?
Сөздік жұмыс: тиін,түлкі- аю-,қасқыр,қоян.
Үш тілділік компонент: Түлкі-лисица-Fox,аю-медведь-bear.
-Ал мықты тістері мен әдемі әрі ұзын құйрығы қандай қызмет атқарады? Дұрыс айтасыңдар, Олар қатты суық болған кезде домаланып жатып, құйрықтарын жамылғы ретінде пайдаланып ұйықтайды.Қыстыгүні тиіндердің жүндері үлпілдек, жұмсақ, қалын, ұзын, ал жазға қарай керісінше жұқа, сирек, қысқа әрі қатайған болып келеді. Тиіндер жылына екі рет күзде және көктемде түлейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеудесіне не жартас жарығына салады.
Сергіту сәті: «Қорбандаған аю»
-Тиіндер қысқа қандай дайындық жасайды? -Оларды қай жерге жинайды? Уақыт өте келе олар жемін қай жерге көмгендерін ұмытып қалады. Қыс түскенде олар жинаған қорларының кейбіреуіне ғана кездейсоқ тауып алады. Тиіндердің бұндай аңқаулығын басқа жануарлар мен құстар жақсы пайдаланады. Миға шабуыл -Балалар, тиіндердің де табиғаттың көркеюіне, өсіп-өнуіне көмегі тиеді екен. Олар да адамдар сияқты өсімдіктерді отырғызады. Кәне, ойланайықшы, олар өсімдіктерді қалай отырғызуы мүмкін? Олар құйрықтарын ағаштан-ағашқа секіру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін және аязды күні суықтан қорғау үшін қолданады.. -ағаштардың қуыстары мен ойық жерлеріне тасып қор жинайды Ағаштың діндерін ойып, қуыс етіп жасайды
ІІІ. Қорытынды
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұраймын. Жақсы қатысқан балаларды мақтап – мадақтау.