СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Көңілді шарлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                         Тақырыбы: Көңілді шарлар

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Көңілді шарлар»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 03.02.20

Тәрбиеші: Жұмабай С.С

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Қыстың керемет шағы»

Тақырыбы: «Көңілді шарлар»

Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Балаларға қарапайым математикалық ұғымды Дьенеш блоктары арқылы қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Пішіндер туралы түсініктерін кеңейту, түстерді ажырату, сандарды қайталау, ой-қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту

3.Оқыту: Балардың қызушылықтарын оятып, оқуға баулу.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: пішіндер,слайд.

Сөздік жұмыс: Тіктөртбұрыш

Үштілділік: шеңбер-круг-a circle, шаршы – квадрат-square, үшбұрыш-треугольник-triangle

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезеңі

Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Барлығына ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсіздер ме!

Балалар, бүгінгі біздің ашық оқу іс-әректімізге бір ерекше қонақ келіпті. Ол кісіні қарсы алу үшін бәріміз назарымызды экранға аударайықшы.

ІІ. Негізгі бөлімі.

Сәлем достар!

Мен математика әлемінен келген сиқырлы пойызбын. Менің вагондарымда сендерге арналған көңілді пішіндер бар. Кәне соларды тамашалап өткен оқу іс-әректіміздегі танысқан пішіндерді есімізге түсірейікші .

Мынау :

- Шаршы - қызыл шаршы;

- шеңбер - сары шеңбер;

- үшбұрыш – көк үшбұрыш;

- тіктөртбұрыш – жасыл тіктөртбұрыш;

- жұлдыз – күлгін жұлдызша.

Сөздік жұмыс: Тіктөртбұрыш

Үштілділік: шеңбер-круг-a circle, шаршы – квадрат-square, үшбұрыш-треугольник-triangle

Балалар осы пішіндерді мен сендерге сыйға тартамын. Ол пішіндермен бірге сендерге арналған тапсырмалар мен ойындарым бар. Сендерге шығармашылық табыс тілеймін!

Тәрбиеші:Балалар сиқырлы пойыздың берген сыйлығын ашып көреміз ба?

- Ой, қандай керемет сыйлықтар. Мынау тапсырмалары мен ойындары екен.

1. Ойын: «Кандай пішін жетіспейді?». Шарты: берілген пішіндерді мұқият қарап алған соң балалар көзін жұмып, жүргізуші бір пішінді жасырады. Сәлден соң балалар көзін ашып қай пішін жетіспейтінін анықтауы керек.

2. Фребель таяқшаларымен зымыран бейнесін құрастыру.

3. «Пішіндерді санмен сәйкестендір»

ойыны. Шарты: жүргізушінің тапсырмасы

бойынша аталған түсті пішінге сәйкес

санды тауып көрсетулері керек.

Сергіту сәті. Видео арқылы қимыл – қозғалыстар жасалады.

3. Үлгі бойынша Фребель материалдарынан бейнелерді құарстыр.

ІІІ. Қорытындыоқу іс-әрекеті «Зейінді бол» ойнымен қорытындалады. Шарты: слайдтан түрлі пішіндермен бейнеленген суреттер көрсетіледі. Сол суретте қандай таныс пішіндер бар екенін анықтап атау.

Түрлі-түсті қағаздардан қиылған пішіндерден өз қиялындағы бейнелерді құрастырып келген қонақтарға сыйлау.

Балалардың жұмысын бағалау. Мадақтау.