СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мен өнерлі ұланмын" көркем өнер сайысы 5-11 сыныптар арасында

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп оқушыларын Қазақстандық патриотизм рухында және өзіндік реттелуге бағытталған шараға кең көлемде қатыстыру; рухани жаңғыру жалпы ұлттық патриоттық бағдарлама идеяларын насихаттау.

Просмотр содержимого документа
«"Мен өнерлі ұланмын" көркем өнер сайысы 5-11 сыныптар арасында»

«Мен өнерлі ұланмын» көркем өнер сайысы


Мақсаты: Мектеп оқушыларын қазақстандық патриотизм рухында және өзіндік реттелуге бағытталған шараға кең көлемде қатыстыру; рухани жаңғыру жалпы ұлттық патриоттық бағдарлама идеяларын насихаттау.


Өту барысы


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар

«Мен өнерлі ұланмын» атты жобалар сайысына қош келдіңіздер!

Мен өнерлі ұланмын,

Жалындап от боп жанамын.

Бойымда қуат бар кезде,

Әлемге даңқты боламын– дей келе өнерлі ұландар сайысын бастаймыз.


Өткізу формасы бойынша қатысушылар 35 минут ішінде анықталған тақырыпқа байланысты көркем өнер туындысын жасауы қажет ( сурет салу, аппликация жапсыру, ермексаз немесе т.с.с.) Тақырып таңдау жеребе тастау арқылы анықталады.

Қорғауға берілетін уақыт: 3мин

Бүгінгі сайысымызды бағалаушы әділ-қазыларымызбен таныс болсақ,

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.


Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі-Қоблашева Ақшат Құттыбекқызы

Алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі-Сарбаев Ғ.Р

Дене шынықтыру пән мұғалімі-Ембергенова С.Ж


Бағалау критерийлерімен таныстыру.

  • Берілген тақырыптың ашылуы.

  • Жұмыстың орындалу сапасы.

  • Жұмыс мазмұнының креативтілігі.

  • Қорғау деңгейі.

Ең жоғары балл 12.

Орташа балл 8

Төменгі балл 4


Қортындылау:

Талаптымен таласпа,

Өнер ердің қанаты.

Ақыл көпке жеткізер

Өнер көкке жеткізер-дей келе, бүгінгі « Мен өнерлі ұланмын!» атты көркем өнер сайысын аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет. Қош сау болыңыздар.



Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебі







Тақырыбы:


«Мен өнерлі ұланмын»

көркем өнер сайысы.

/5-11 сыныптар арасында/







Өткізген: Кадрушева А.С.

Өту уақыты: 22.11.2017жыл

Сағаты: 15.30