СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен - өз елімнің патриотымын!

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Патриоттық сезімді оятуға және Отанды құрметтеуге бағытталған тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Мен - өз елімнің патриотымын!»

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«№ 49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ










Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мен – өз елімнің патриотымын!»









Өткізген: Мырзағазы Қ.С

Сынып: 5 «г»









Семей

2018-2019 оқу жылы


«Мен-өз елімнің патриотымын!»

Тәрбие сағаты

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды өз елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,

Дамытушылық: оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілік: Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакаттар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін біздің Республикамыздың әр мектебінде «Мен - өз елімнің патриотымын!» атты тәрбие сағаттары өтуде. Мен, сіздерді 5 «Г» сыныбының оқушыларын өз еліңіздің жанашыры, патриоты, топ жаратын көшбасшылары болатындарыңызға толықтай сенемін.

  • Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан)

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  • Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

  • Қазақстанның бұрынғы астаналары қалай аталады? (Орынбор, Ақмешіт, Верный, Алматы)

  • Қазақстан қандай мемлекет? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, көпұлтты, әлеуметтік)

  • Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбына сұрақ-жауап. (оқушылардың пікірін тыңдау)

  • Қазақстан елі қандай қасиеттерімен айбатты және айбынды? (Гимнімен, Туымен, Елтаңбасымен)

Постер қорғау. «Қазақстан қандай мемлекет?»

Мұғалім: Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу, солай ғой, балалар! Ендеше, назарымызды келесі слайдқа аударайық.

1-слайд. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

2-слайд. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

3-слайд. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

4-слайд. Шаңырақ – Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр

5—слайд. Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

6- слайд. 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

7-слайд. 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

8-слайд.Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

9-слайд. 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.


Біз кімбіз?” ой-толғанысы

  • Біз бақытты, интернет жүйесіне әр салада қол жеткізген ертеңгі күні ел үшін еңбек ететін еңбекқор жастармыз, білімге құштар оқушылармыз.

  • Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін болашақ өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз балалармыз.

  • Біз Тәуелсіздік тірегіміз.Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен, жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.

Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі.Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.

«Кім боламын?» ойыны.

Оқушылар, мен сендерге кішігірім ұшақтар таратамын, ал сендер сол ұшаққа өз арман-тілектеріңізді, қандай мамандық иесі болғыңыз келетін туралы өз ойларыңды жазыңыз. Жыл соңында осы ұшақтарыңыз өздеріңізге қайта ұшып оралады, сол кезде армандарыңыз өзгергенін немесе өзгеріссіз қалғанын салыстырамыз.

Жүргізуші: Қазақстан – менің туған анамсың,

Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.

Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,

Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.

Хор: “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні”

ҚР Мемлекеттік Гимнінің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Қорытынды:

Міне, балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты екен. Ата Заңымызбен де елдігіміз көрінеді. Осындай ержүрек, бауырмал, қонақжай халықтың ұрпағы екендеріңді мақтанышпен айтуға болады. Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.