СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен шыншыл баламын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Әлеумет.                                                                                                                                  Пән: Өзін-өзі тану                                                                                                                                  Өтпелі тақырып: «Қызықты қыс  мезгілі!»                                                                                                               Тақырыбы: Мен шыншыл баламын                                                                                                                                             Тәрбиелеу: «Шыншылдық»  ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

 Дамыту: Балалардың  бойындағы  жақсы  қасиеттерін дамыту.

Оқыту: Шыншыл, адал, бір бірін  құрметтеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.                                                   Ресурстармен қамтамасыз ету:                                                                                        Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, қане бәріміз мына өлең жолдарын бірге қайталайық:                                                                                                                                   

ІІ. Негізгі бөлім. - «Шыншылдық» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Шыншыл бала қандай болады?

- Шыншылдық – ол адалдықты, әділдікті білдіретін адамның бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Осы қасиеттер жүрегіміз арқылы беріледі. Шыншыл адманың жүрегі жылы, мейірімді болады. Біз бір-бірімізге өтірік айтпауға, ешкімді алдамауға, тек шын сөйлеуге, шыншыл, әділ болуға үйренеміз.

«Түлкі мен ешкі» ертегісі (мәнерлеп оқылады)

/ Сурет бойынша мазмұндалады/

- Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп- тұнық суы бар екен, – депті түлкі. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

-Түлкінің әрекеті дұрыс па?

 

«Өтірік өрге баспайды»

- Адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қояма деп қиналады. Шындық ашылып қала ма, деп сезіктенеді. Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады да, өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын, адамдар арасында сыйлы болады. Сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды», -деп өсиет қалдырған.

 

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

 

Жағдаят талдау

Нұрсауле анасының жақсы көретін моншағын үзіп алды.

- Нұрсауленің орнында болсаң, не істер едің?

Шыншыл бала - батыл бала

Балалар жауаптары

 

 ІІІ. Қорытынды.                                                                                                                                             

Жүректен - жүрекке

 

- Біз бүгінгі оқу іс-әрекетте өтірік пен шындық жайлы білдік. Өтіріктің жаман қасиет екенін, одан аулақ болуды, өтірікші баланы ешкім де жақсы көрмейтінін білдік. Шындықтың ең жақсы қасиет екенін түсіндік.

 

-«Шындық шыңында» от лаулап мәңгі жанып тұрады, өйткені ол - шындық. Шындық оты біздің де жүрегімізде лаулап тұр. Қанекей, шеңбер құрып тұрып, қолдарымызды көтерейік те, бір-бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық «Жалынын» сезінейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі – көңіл ажары!

Күліп өмір сүрейік!

Просмотр содержимого документа
«Мен шыншыл баламын»

Білім беру саласы: Әлеумет. Пән: Өзін-өзі тану Өтпелі тақырып: «Қызықты қыс мезгілі!» Тақырыбы: Мен шыншыл баламын Тәрбиелеу: «Шыншылдық» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Дамыту: Балалардың бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту.

Оқыту: Шыншыл, адал, бір бірін құрметтеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету: Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, қане бәріміз мына өлең жолдарын бірге қайталайық:

ІІ. Негізгі бөлім.
- «Шыншылдық» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Шыншыл бала қандай болады?

- Шыншылдық – ол адалдықты, әділдікті білдіретін адамның бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Осы қасиеттер жүрегіміз арқылы беріледі. Шыншыл адманың жүрегі жылы, мейірімді болады. Біз бір-бірімізге өтірік айтпауға, ешкімді алдамауға, тек шын сөйлеуге, шыншыл, әділ болуға үйренеміз.

«Түлкі мен ешкі» ертегісі (мәнерлеп оқылады)

/ Сурет бойынша мазмұндалады/

- Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп- тұнық суы бар екен, – депті түлкі. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

-Түлкінің әрекеті дұрыс па?



«Өтірік өрге баспайды»

- Адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қояма деп қиналады. Шындық ашылып қала ма, деп сезіктенеді. Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады да, өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын, адамдар арасында сыйлы болады. Сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды», -деп өсиет қалдырған.



- Балалар, денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдарда болады.



Жағдаят талдау

Нұрсауле анасының жақсы көретін моншағын үзіп алды.

- Нұрсауленің орнында болсаң, не істер едің?

Шыншыл бала - батыл бала

Балалар жауаптары


ІІІ. Қорытынды.

Жүректен - жүрекке



- Біз бүгінгі оқу іс-әрекетте өтірік пен шындық жайлы білдік. Өтіріктің жаман қасиет екенін, одан аулақ болуды, өтірікші баланы ешкім де жақсы көрмейтінін білдік. Шындықтың ең жақсы қасиет екенін түсіндік.



-«Шындық шыңында» от лаулап мәңгі жанып тұрады, өйткені ол - шындық. Шындық оты біздің де жүрегімізде лаулап тұр. Қанекей, шеңбер құрып тұрып, қолдарымызды көтерейік те, бір-бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық «Жалынын» сезінейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі – көңіл ажары!

Күліп өмір сүрейік!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!