Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру
кезеңі
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
|
Тәрбиеші басына күннің күліп тұрған бетпердесін киеді немесе қолына күн суретін ұстап келеді.
-Балалар, мен Көктем күнімін.Өзіммен бірге күлкі, қуаныш ала келдім. Сендермен бөліскім келеді. Қане, бір-бірімізге қарап күлейікші.
Балалар, біз бүгін көктемгі күнмен саяхаттаймыз. Күнмен бірге саяхатқа шыққыларың келеді ме?
Ендеше, Күннің қайда тұратынын айтыңдаршы. Әрине ол аспанда, биікте тұрады. Сондықтан да ол әлемдегі барлық қызықты көріп тұрады. Бүгін бізді қызықты жерлерге апарады. Ал біз оған естелікке көңілді күннің суретін салып берейік(балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады)
Ал, енді біз «Паравозға» отырайық.Оған отыру үшін Мен тәртіпті баламын өлеңін айтайық.
Мен тәртіпті баламын
Өтебай Тұрманжанов
Моншадан келгенде
Суық суды ішпеймін.
Шалшық суды көргенде
Бәтеңкемен кешпеймін.
Тұрысымен төсектен
Сұрамаймын нанды да.
Үйге қонақ келгенде
Көп мазаламаймын да.
Мен тілалғыш баламын,
Мен тәртіпті боламын.
Балаларға суреттерді таратады.
-Бұл орман -жыңғыл орман. Мұнда неше түрлі ағаштар өседі. Қараңдаршы, олар қазір қандай болып тұр? Қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар?
«Ал сенде не бар?» дидактикалық ойыны.
-Менде қайың бар, ал сенде не бар?(ойынды жалғастырады)
-Балалар, мен аспанға көтеріліп кетпей, сендердің жандарыңда жүру үшін сендер мені өздеріңе шақырып отырыңдар. «Күнді шақыру» (шапалақтау арқылы)
Жарық күнім, киінші (қолдарын кеуде тұсында айқастырып екі иыққа соғады)
Алтын күнім, көрінші (алақандарын соғады)
Алқызыл көйлек жарасар,(тізелерін соғады)
Бізге шаттық күн сыйлар!(бастарынан жоғары ұстап соғады)
-Міне, енді мен сендермен бірге ұзағырақ боламын.
Мен қыдырып жүргенде көптеген оқиғаларды көремін. Тіпті көп жануарлар мен өсімдіктерге көмектесемін.Сендер де менімен бүгін мына өсімдіктер мен жануарларға көмектесіңдер.
|
Бір-біріне қарап жымияды, күледі.
Кляксография тәсілімен күн көзін салады.
Күнге қатыстырып сөздер айтады.
дауыстап айтады.
Орман суретін қарайды.Ағаштардың атауын атайды, олардың көктемдегі бейнесін суреттейді.
Мұғалімнің сұрағына жауап береді, ағаштардың атауын көпше түрде айтады.
Алақандарымен шапалақтап соғады, сөздерді қайталайды.
|