СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Менделеев әлеміне саяхат» атты танымдық сайыстық әдістемелік жасалымы

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химия – қиында қызықты пән. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.

Просмотр содержимого документа
««Менделеев әлеміне саяхат» атты танымдық сайыстық әдістемелік жасалымы»



Орал «Мақсат» медициналық колледжі





Бекітілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

________ Трушкова М. И.

«____» « ________» 2018 ж





Танымдық сайыстың әдістемелік жасалымы

Химия __________ пәнінен

І ___ курста білім алушыларға арналған

0301000 «Емдеу ісі» , «Фармация»_ мамандықтары бойынша

«Менделеев әлеміне саяхат» сайысы







ҚАРАЛДЫ

№2 циклдік әдістемелік комиссия отырысында

Хаттама № «___» « ________» 2018ж



ҚҰРАСТЫРДЫ

Химия пәні оқытушысы

Манашова Л.Ж.

МАҚҰЛДАНДЫ

Колледж әдіскері

________ Коцелл С.О.

«____» « ________» 2018ж








2018 жыл

Тақырыбы: «Менделеев әлеміне саяхат» сайысы

Мақсаты:  Студенттердің алған білімдерін көрсете білуге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту.  Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу.

  • Білімділік - студенттердің химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу.

  • Тәрбиелілік – студенттердің бір - біріне құрметпен қарауға, ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.


  • Дамытушылық – ситуациялық есептер арқылы олардың зейінін, қабілеттірін толықтырып, дамыту.



Өткізу орны: Акт залы

Пәндермен сабақтастығы: «Физика», «Физиология және Анатомия», «Молекулярлы биология, медициналық генетика»,

Сабақтың әдістемелік-техникалық жасақталуы: видеопроектор (тапсырмалар көрсетілген слайдтар), периодтық жүйе, химиялық тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер және қымбатты сайысқа қатысушылар!
Бүгінгі біздің химия пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылып отырған «Менделеев әлеміне саяхат» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Химия – қиында қызықты пән. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.

1-жүргізуші: Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз, -дей келе  сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

2-жүргізуші:1 –топ «Электрондар» Фт-11 тобы

1-жүргізуші: 2 –топ «Протондар» Ф-11 тобы

2-жүргізуші: 3 –топ «Нейтрондар» Ф-13 тобы

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз  мынадай кезеңдер арқылы өтеді.

Сайыс жоспары:

1 кезең  «Таныстыру»-әр топ өздерін таныстырады

2 кезең  «Ойлы болсаң,озып көр» - әр топқа сұрақтар беру.

3 кезең  «Мықты болсаң,тауып көр» - химиялық формуланы айту және молярлық массасын табу.

4 кезең «Химик -сараман» - тәжірибелер көрсету

5 кезең «Сен білесің бе?» қызықты мәлімет

 

2-жүргізуші: Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс  болыңыздар

 1. Колледж әдіскері, орыс тілі пәнінің оқытушысы Коцелл С.О

 2. Химия пәнінің оқытушысы Исмагулова А.Е

 3. Клиникалық пәндер оқытушысы Рыскалиева А.С

 Олай болса, сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілейміз.

Химия ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарыста тар өресі.
Біліміңді көрсетер кезің келді
Басталмақшы кезеңіміз келесі –дей отырып

1-жүргізуші: 1 кезең  «Таныстыру»-әр топ өздерін таныстырады

(әр топ өз командасын және эмблемасын таныстырады)

2-жүргізуші: 2-кезең. «Ойлы болсаң,озып көр»- әр топқа сұрақтар беру. Әр жауап -1 ұпай.

1-конверт

1. Сілтілік металл (натрий)
2. Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
3. Калий перманганатының басқаша атауы (марганцовка)
4. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
5. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады (фтор, F)
6. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар (тұз қышқылы, HCl)
7. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат (ас тұзы, NaCl)
8. Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (нитраттар)
9. Сұйық металл (Сынап, Hg)
10. Найзағайлы жаңбыр кезінде электр разрядтары тотыққанда түзілетін газ (озон)
11. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су)
12. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім? (Г. Кавендиш)
13. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
14 .Ауаның құрамындағы ең көп элементтер (азот, оттек)
15. Қышқыл, сілті ертінділерінде түсін өзгертетін заттар (индикатор)

2-конверт


  1. Ас содасының формуласы (NaHCO3 натрий гидрокарбонаты)
    2. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
    3. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл (сүт қышқылы)
    4. Суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі (электролит, диссоциациялану)
    5. Қандай элементтер космоста көбірек таралған (сутек пен гелий)
    6. Қандай металл адам қолында балқиды (цезий)
    7. Консерві қалбыры жасалатын металл (қалайы)
    8. Металдар патшасы қай металл? (алтын)
    9. Кернеу қатарын ұсынған кім? (Бекетов)
    10. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Э.Резерфорд)
    11. Бір заттан екі немесе бірнеше заттар алу (айырылу реакциясы)
    12. Ортофосфор қышқылының формуласы (Н3РО4)
    13. Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды (гелий)
    14. Сіріңкесіз қалай от жағуға болады (ақ фосфор арқылы)
    15. Қандай метал болашақтың металы деп аталады (алюминий)

3-конверт


1. Сүйекті қаптайтын элемент (Кальций)
2. Қандай элементтер материктердің атымен аталады (европий, амерций)
3. HNO3 қандай заттың формуласы (азот қышқылы)
4. Химиялық таңбаның алдына қойлатын цифр? (коэффициент)
5. Мыстың латынша аты? (купрум)
6. Валенттілік қалай бөлінеді (тұрақты айнымалы)
7. Периодтық жүйе неше топтан тұрады (8)
8. Реакция кезінде сіңірілетін немесе бөлінетін жылу мөлшері (жылу эффектісі)
9. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы (16)
10. Ток желісінде қолданылатын металдар (Cu/Al)

11. Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі Г.Бранд, 1699ж)
12. Мұхит суында кездесетін элемент? (марганец)
13. Ең қаттты минерал? (Алмас)
14. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан ғалым (Ж.Л Пруст)
15. Қоршаған орта факторларының әсерінен металдардың бүлінуі  (жемірілу, коррозия)

1-жүргізуші:

Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында
Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,
Химия дәру болған болған сауығуға – келесі кезең

3 кезең «Мықты болсаң, тауып көр» - химиялық формуланы оқу.Химиялық формуланы оқылуы және атауы. Әр жауап 1 ұпай

Na2SO4, HCl, CaCO3,  СuSO4,  BaCI2,  HNO3, Р2О5,  NaNO3,  MgO, H2SO4

FeSO4,  ZnCl2, KNO3, NaCl, NaOH, BaSO3, H3PO4, Na3PO4, Al2O3, H2S



 1-жүргізуші: Көрермендерге сұрақ

Мақалдарды аяқта

1. Ескі мата сөз болмас, ескі ТЕМІР  біз болмас. (феррум)

2. Қойдың сүті-  ҚОРҒАСЫН ( плумбум)

3. От көмір жейді, тот ТЕМІР  жейді. (феррум)

4. Арпа бидай ас екен, АЛТЫН –КҮМІС  тас екен. (аурум, аргентиум)

5. Шебердің қолы АЛТЫН, шешеннің сөзі  АЛТЫН. (аурум)

6. Аз сөз алтын, көп сөз  КӨМІР. (Це)

7. ТЕМІР  тоттанып тозар. (феррум)

8. Ағаш кессең ұзын кес қысқартуың оңай, ТЕМІР кессең қысқа кес ұзартуың оңай. (феррум)

2-жүргізуші: Жұмбақты шеш

1. Өзім газбын, менімен демаласың, 

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.   

           ОТТЕК, ОКСИГЕНИУМ   -O2

2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.

         СУ,    -  H2O

3. Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктін торына ілігеді.   

      КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ -CO2

4.  Ең жеңіл элемент саналады,

   Периодтық жүйе осыдан басталады.

        СУТЕК, АШ – H

5. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.       

 Эс – S - күкірт

6. Ол болмаса астың дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес.

        АС ТҰЗЫ, - NaCL


1-жүргізуші: Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Молшылық көзі-химия
Тылсым ғылым бұл - химия!дей келе 4 кезең «Химик - сараман» - тәжірибелер көрсету.

(әр топ өздерінің дайындалып келген тәжірибелерін көрсетеді)


2-жүргізуші: кезең «Сен білесің бе?» - үй тапсырмасы. Қызықты мәліметтер жинақтау.


Жүргізуші:

Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,
Болғанымен әркімнің де көңілінде.
Дарындылық адамзатқа жарасқан,
Ұтып алған алқа тұрса өңірде


«Менделеев әлеміне саяхат» сайыс кешінің қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі. (Әділ қазылар құттықтап болғаннан кейін)

Жүргізуші:

Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.

- Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. 

- Сау болыңыздар!




БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

КЕЗЕҢДЕР

Электрондар тобы


Протондар

тобы

Нейтрондар

тобы

І  кезең. «Таныстыру» әр топ өздерін таныстырады

(жоғары ұпай 5)

 


 

ІІ кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» - сұрақ-жауап.

Әр дұрыс жауап 1 ұпай




ІІІ кезең. «Мықты болсаң, тауып көр» -химиялық формуланы айту және молярлық массасын табу

Әр дұрыс жауап 1 ұпай

 


 

ІV кезең «Химик -сараман» - тәжірибелер көрсету. 5,4,3 ұпай

 


 

V кезең. «Сен білесің бе?» қызықты мәліметтер айту.