СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің атым Қожа. Ағаттық азабы

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің "Ағаттық азабы" бөліміне арналған сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Менің атым Қожа. Ағаттық азабы»

Сабақтың тақырыбы: Ағаттықтың азабы

Мұғалімнің аты-жөні:Байбосынова А

Күні: 06.02

СЫНЫП: 6


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Қимыл иесі, етістік

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Құндылықтарға баулу

Алтыншы- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Сыныпты Түстер арқылы топтастырады.Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

-Салем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(құшақтайды)









Тренинг жазылған парақшалар

Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.




Оқулық. Кеспе мәтіндер.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.

Ортасы

10 минут













Қолдану


Екі жақты күнделік стратегиясы

Кейіпкерлер

Мінездеме

Қожа

 

 

Жантас

 

 

1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”

1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.
3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З.Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

Бұл сурет туралы не білесің?
Кейіпкерлер туралы әңгімеле
Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз?
Қашан, кіммен кездесті?
Бұл сәтте қандай жағдай болып еді?

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Жанр: комедия, отбасылық

Мемлекет : Қазақстан

Шыққан жылы : 1963 
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев

Әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев

Сценарий: Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский

Сазгер : Нұрғиса Тілендиев 
Кейіпкерлерді сомдаған

Қожа - Н. Сегізбаев

Сұлтан - М. Көкенов

Жанар - Г. Қурабаева

Жантас - Е. Құрмашев

Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова

Рахманов - Қ. Қожабеков

Майқанова - Р. Мухамедьярова

Қожаның әжесі - З. Құрманбаева


“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар



Оқулықтағы мәтінді оқып алады.


Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

«Қай сәт бейнеленген»

Бұл қай сәт?  “Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”

Бұл қай сәт?  “Маңдайдан буым бұрқырап,есік 
алдына шықтым.  Сәйбек    көрінбейді.
Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”

Бұл кім? “ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп,қаздиып тұр.”

Бұл кім? “Шыбыным,әйтеуір ешкімге  тимей,ұрынбай,жайыңа жүр.  Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма.”

Бұл кім?  “ Жаңа оқытушы  бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:...”

 Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ  жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”






Бағалау


5 минут


















Кері байланыс

3 минут


Қожаның портреті

“Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай “тампыш неме” дейді. Оның айтқаны рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағырдың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың”-дейді.



Бағалау парақшасы




Қағаз қиындылары.

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс


Қызықты тапсырмаларды көздеймін

Бағалау парақшасы арқылы

Өзін-өзі тану

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?