Просмотр содержимого документа
«Менің өмірдегі орным»
Менің өмірдегі орным
Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау; қоғамдағы жарнамаларға қалай қарайтынын білу; өмірдегі қиындық неден шығатынын, еліктеушілік, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.
« Мен және өмір» жаттығуы
Шарты: оқушылар шеңберге тұрып мысалы « Мен Мирас өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.
«Балалығым бақытым» жаттығуы.
Шарты: балалық бақыт пен ересектік бақыттың ерекшеліктерін қалай түсінетіндерін тақтаға сурет салу арқылы талқылап айтады.
«Жан дүниемдегі сырымды таба біл» жаттығуы.
Шарты: қатысушылар бір - біріне, сол бала жайында өзіне жауап ала алмай жүрген сұрақтарын қою арқылы жауап алып оның сырын аша бастайды. Ойын бәрі толық сұраққа жауап бергенше жүреді.
« Менің таңдауым» жаттығуы.
Шарты: оқушылардың бірі ортаға шығып қоғамдағы зиянды әдеттің бірін жарнамалайды. Ал екінші оқушы сол зиянды әдетке қалай қарайтнын айтады.
« Өмір» жаттығуы.
Шарты: тақтаға « өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып әр әріпті жеке- жеке талдап беру. Мысалы : өмір – өзен, өмір – мейірім, өмір – ірге тас, өмір- рахат.
«Өмірге эксперимент» жаттығуы.
Шарты: банкаға тас, құм, бұршақ, су сыйғызу арқылы әр затты өмірдегі жағдайға қарай талдау. Мысалы: банка – өмір, құм- ұсақ – түйек, бұршақ – кедергілер, су- өмірдің ағысы.
«Релаксация» жаттығу.
Шарты: психолог оқушыларға жаттығу мазмұнын оқиды, оқушылар көздерін жұмып отырып оны елестетеді.
Терең демал, дем шығар, сендер сыныптарыңмен орман ішінде демалып жүрсіңдер, алдарыңда жасыл шөп, қызылды жасылды гүлдер, гүлдердің иісі нәзік, жұпар, ащы сол гүлдерді иіскеп, шөпке аунап, бірің доп ойнап, бірін гүлге қонған көбелектей ұшып аспанда қалқып, күннің сәулесінен жылу алып, жүректеріңе мейірім ұяланып, ал самал жел арқылы өзіңе сенімділік, күш жігер еніп, өмірдегі сенімсіздік пен қорқынышты ұмытып, өзіңді өмірдегі бақытты жандай сезініп, бәрің « біз бақытты баламыз» деп қуанып, бір- біріңе қолдарыңды созып, қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге қондыңдар. Көздеріңді ашып, бір- біріңе күлімдеңдер.
«Жылы тілек» жаттығуы.
Шарты : бір – біріне жылы тілек айту.