СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Менің отбасым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Жұлдызша» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 15.11.2019 ж.

Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.

 Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән: Экология негіздері.

Өтпелі тақырып:  «Менің отбасым»

Тақырыбы: «Менің отбасым.»                  

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, оны тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Отбасындағы сүйспеншілік пен сыйластықты қалыптастыру.

Оқыту: Балаларды туыстарына көмектесуге баулы, отбасындағы туысқандық ұғымдарын бекіту.

Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу,сұрақ – жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Отбасы туралы суреттер. балалардың отбасы мүшелерімен фотосуреттері.

Билингвальдік компонент: Отбасы-Семья,әже-бабушка

Просмотр содержимого документа
««Менің отбасым»»


Ортаңғы «Жұлдызша» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 15.11.2019 ж.

Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән: Экология негіздері.

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырыбы: «Менің отбасым.»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, оны тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Отбасындағы сүйспеншілік пен сыйластықты қалыптастыру.

Оқыту: Балаларды туыстарына көмектесуге баулы, отбасындағы туысқандық ұғымдарын бекіту.

Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу,сұрақ – жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Отбасы туралы суреттер. балалардың отбасы мүшелерімен фотосуреттері.

Билингвальдік компонент: Отбасы-Семья,әже-бабушка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң, балалар.

Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындайды.

Негізгі бөлім:

-Балалар сендер отбасы дегенді білесіңдер ме?

-Иә. Ол біздің ата – анамыз, ата – апамыз.

-Әр баланы тұрғызып, отбасылары туралы айтқызу.

Әрбірі тұрып, өз отбасы жайлы айтады.

-Балалардың әрқайсысына, отбасымен қандай мерекелер тойлататыны туралы сұрақтар қоямын. Отбасымен тойлайтын мерекелер туралы айтады.

- Балалар, сендер шаршадыңдар ма?Ия.

Сергіту сәті:

Мынау- менің отбасым.

Танысыңдар, достарым.

Мынау- әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен.

Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша!

Тәрбиешімен бірге қимыл – қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.

-Серігіп алдық, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық.

-Балалар, тақтаға қараңдаршы.

-Тақтадан не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар. Отбасылық мерекелер кезіндегі суреттер.

Суретпен жұмыс:

-Ал енді бір – бірден сендерді тақтаға шақырамын, ал сендер шағын әңгіме құрап бересіңдер.

-Өте тамаша, балалар.

Ойын: «Ойлан тап»

Ойынның шарты: Балаларға мерекелік суреттер көрсетіледі, ал балалар қандай мереке екендігін тез айтады.

Қорытынды:

-Біз бүгін не жайлы айттық?

-Не істедік?

-Қандай ойын ойнадық?

Балаларды мадақтау.