Просмотр содержимого документа
«Менің отбасым слайд»
Менің отбасым.
М м дыбысы мен әрпі
Сынып ережесі:
- Тыңдай білу
- Сөзді бөлмеу
- Белсенділік
- Сыйластық
- Бірігіп жұмыс істеу
- Көмектесу және көмек сұрау
Оқу мақсаттары:
- 1.7. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
- 1.8. Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
- 1.9. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақ мақсаттары:
- Барлық оқушылар : Жаңа білімді меңгереді.
- Көптеген оқушылар : Алған білімді өмірде қолдана алады.
- Кейбір оқушылар : Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Ынтымақтастық атмосферасы: (шаттық шеңбері)
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
/Б.Бөрiбаев/
Жұмбақ шешу:
1. Айранда бар, нанда жоқ, Аюанда бар, малда жоқ. (а) 2. Базарда бар, қалада жоқ, Бауларда бар, далада жоқ. (р) 3. Барда жоқ, жоқта бар, Қарда жоқ, отта бар (т)
Жұмбақ шешу: (жалғасы)
4. Түйе өркешін қарайық, Ұқсайды оған қай әріп. (м) 5. «Майда» бар да, «шайда» жоқ, «Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)
Сергіту сәті:
Қызықты тапсырма:
- а) Алдына әріп қосып айтыңдар. ... аға, ...ауа, ...апа, ...ақта, ...ана.
- б) Артына әріп қосып айтыңдар. Қол..., алаш..., шаш..., шар..., монша...
- в) Сөзге буын жалға. Ой-..., мал-..., ай-..., қар-..., ақ-..., ара-..., ал...
Рефлексия: