СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Менің сүйікті анам» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру)

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Менің сүйікті анам» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру)

Просмотр содержимого документа
««Менің сүйікті анам» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру)»

«Жұлдыз» ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 01.03.2017ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті анам» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру, алгоритмдік ойлау машықтарын дамыту. Сөз тіркестерін (анам мейірімді, қамқоршы, әдемі, балаларды жақсы көреді, оларға қамқоршы), сөздерді және дыбыстарды анық, дауыстап айтуға жаттықтыру. Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: №25 демонстрациялық материал.

Сөздік жұмыс: сүйікті, мейірімді, қамқор.

Қостілділік компонент: сүйікті-любимый, мейірімді-добрый, қамқор-заботливый.

Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

Сәлемдесу.

Балалар шеңбер құрып дөңгелене тұрады.

– Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

Балалар сәлемдеседі.




Ұйымдастырушылық –

ізденістік

Ғажайып сәт.

Тәрбиеші сиқырлы қорапшадан қуыршақты шығарады.

– Балалар, қуыршағымыздың көңіл күйі жоқ. Оған не болды екен? Тәрбиеші қуыршаққа құлағын тосады.

– Қуыршақ бізге бір жұмбақ жасырғысы келіп тұр.

– Кәне, тыңдайықшы:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

-Ол кім?

– Қуыршағымыздың көңіл күйі неге жоқ екен?

– Ол анасын жоғалтып алыпты.

– Балалар, онда біз қуыршаққа көмектесейік, анасын іздеп табайық.

– Көмектесеміз бе?

– Ол үшін біз әрқайсымыз өз анамызды сипаттайық, сонда қуыршағымыз өз анасын тауып алады.

25 демонстрациялық материал. (Суреттегі киімінің, шашының түсіне қарай сәйкестендіріп, қуыршақтың анасын табу).

– Алақай! Қуыршақтың анасы табылды!

– Қараңдаршы, қуыршағымыз қуанып қалды.

– Қуыршаққа анасын табуға көмектестік пе?

– Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?





Жаңа сөздермен жұмыс:

Сүйікті-любимый, мейірімді-добрый, қамқор-заботливый.




Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.


25 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Сыңарын тап!» дидактикалық ойыны.

Тапсырманың шарты: киімдерінің түстеріне сәйкес аналарын тауып, сызықпен қосу.

Сұрақтарға жауап береді.




Балалардың

жауабы.








– Ана.





– Иә.

Әр бала, өз аналарын сипаттайды.



Балалар өз аналарының суретін табады.



-Ия.

– Аналар мерекесі, әжелер мерекесі, бұл күні біз аналарымыз бен әжелерімізге тілек айтамыз.


Балалар қайталайды:

Сүйікті-любимый, мейірімді-добрый, қамқор-заботливый.




Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.





Ана мен балаларды бір-бірімен сәйкестендіреді.


Рефлексия-лық-түзетушілік

– Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?

– Біз оған қандай көмек көрсеттік?

– Қуыршақтың көңіл күйі көтерілді ме?

Балаларды мадақтау.



Балалардың

жауаптары тыңдалады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өз аналары туралы (мейірімді, қамқоршы) әңгімелей білуді;

Игереді: сөздерді және дыбыстарды анық айтуды;

Меңгереді: тәрбиешінің сұрақтары бойынша әнгіме құрастыруды.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!