СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Менің сүйікті мысығым» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Менің сүйікті мысығым» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

Просмотр содержимого документа
««Менің сүйікті мысығым» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 22.02.2017ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Менің сүйікті мысығым» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жал­ғас­тыру.Тілде сын есімдерді (кішкентай, тентек, жұмсақ, ойынпаз т.б.) белсенді қолдана білуге және «м» дыбысын айтуға жаттықтыру. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту.

Көрнекіліктер:№26 демонстрациялық материал.

Сөздік жұмыс:мысық, жұмсақ, тентек, ойынпаз.

Қостілділік компонент:мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, тентек-хулиган, ойынпаз-весельчак.

Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

– Балалар, біздің топта көп ойыншықтар бар. Кәне, қандай ойыншықтар бар екен, көрейік.

– Ал енді мен сендерге бір өлең оқимын, сендер жақсылап тыңдаңдар.

Мышым, мышым, мысығым,

Екі көзді қысығым.

Ол – ақылды, ол – батыр,

Көрдім талай қызығын.

Ә. Баубеков.




– Мысық.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

– Мынау қандай ойыншық?

– Дұрыс айтасыңдар, бұл – мысық.

– Мысық қалай дыбыстайды ?

Демонстрациялық материалдағы суретпен жұмыс.

– Суреттен не көріп тұрсыңдар?

– Мынау не?

– Мысық қандай екен?

– Бәріміз қайталайық. Үлкен мысық.

–Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр? (Суретте мысық доппен ойнап жүр).

– Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.

–Екінші мысық не істеп жатыр?

– Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.

– Ал үшінші мысығымыз не істеп тұр?

– Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз.

Енді балалар, ойыншық мысығымызды ұстап, жүнін сипап көрейікші.

– Ол қандай? (Педагог «м» дыбысының анық айтылуына мән беру).

-Ал,енді балалар,жаңа сөздерді қайталайық:

-Мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, тентек-хулиган, ойынпаз-весельчак.

Сергіту сәті:

Әне, отыр мысық,

Өзі сондай қызық.

Қарайды ол маған

Бір көзін қысып.

26 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Менің сүйікті мысығым» дидактикалық ойыны. Мысықтын қимылына қарай заттарын тауып, сызықпен қос.

– Мысық.


– «Мияу-мияу» дейді.



Педагогтің сұрақтарына толық жауап беруге тырысады.

– Мысықтың балалары ойнап жүр.

– Тентек мысық.

– Ұйықтап жатыр.


– Ұйқышыл мысық.


– Ол – ойынпаз мысық.



– Мысықтың жүні жұмсақ, үлпілдек.

Балалар қайталайды:

-Мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, тентек-хулиган, ойынпаз-весельчак.

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.


Мысықтың қимылына қарай заттарын тауып, сызықпен қосады.


Рефлексиялық-

түзетушілік

– Балалар, біз қандай мысықтарды көрдік?

– Олар қандай екен?

– Кішкентай мысықтар қандай болады екен?

Мысық туралы тақпақты қайталап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Балалардың жауаптары тыңдалады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет бойынша әңгімелеп, дыбыстарды анық айтуды;

Игереді: сын есімдерді қолдануды;

Меңгереді:сызба бойынша әңгімелеуді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!