СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің сүйікті обасым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларда отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

- отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту;

- отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«"Менің сүйікті обасым"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Топ : ортаңғы

Білім беру салалары:«Таным», «Шығармашылық»

Бөлімдер : «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы : «Менің сүйікті отбасым»

Мақсаты :- отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

- отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту;

- отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Отбасы суреті, үй, дидактикалық материалдар.

Сөздік жұмыс: Отбасы мүшелері, менің жақындарым, туыстарым, менің үйім.

Билингвалдық компонент: Менің сүйікті үйім - мой любимый дом, отбасы – семья

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Бақыт - біздің сиқырлы шеңберіміз!
Бақыт - біздің достарға сенгеніміз!
Бақыт - біздің жарқын болашағымыз!
Бақыт біздің тату - тәті отбасымыз!
Бақыт біздің бала бақшаға келгеніміз!
- Балалар тыңдаңдаршы бұл не қылған дыбыс?

- Жақындап қарайықшы.

- Қараңдаршы тауық пен әтештің нелері пайда болды?

- Балапандар қайдан шығып жатыр?

- Енді оларды қалай айтуға болады?

Балалар өлең жолдарын айтып, сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындайды






Балалар тыңдайды.


-Бұл тауық пен әтештің дыбыстары.

- Олардың балапандары пайда болды.



- Балапандар жұмыртқаны жарып шығып жатыр.

- Оларды бір отбасы деп айтуға болады.

Іздену-

Ұйымдастырушы

-Отбасы дегеніміз не?

- Отбасы орысша қалай айтады?

- Дұрыс айтасыңдар, әр кімнің өзінің отбасы болады.

- Отбасында кімдер тұрады?

- Отбасы мүшелерін орысша атап айтайықшы.

- Ағылшынша айтайық.

- Отбасы мүшелері туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы.

- Балалар, сендер ата-аналарыңмен біргефотокөрме ұйымдастырған болатынсыңдар.

- Біздің қонақтар сендердің отбасыларың туралы білгісі келеді, сондықтан таныстырып кетейік.












- Рахмет балалар, сендердің отбасыларыңмен де таныстық.

Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы)
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз:
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - апам, 
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек - мен, 
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз!


- Балалар сендер отбасымды жақсы көреміз деп айттыңдар, ал сендер оларға көмектесесіңдер ме?

- Ендеше қазір тексеріп көреміз. Мен сендерді «Мейірімді істер» атты ойынға шақырамын.

- Балалар менің қолымда әдемі себет бар осы себетке мейірімді істерді жинаймыз.

Ол үшін мынатүрлі-түсті гүлдерді алып үйде ата - аналарыңа қандай көмек көрсететіндеріңді айта отырып гүлді себетке салу керек.

- Жақсы балалар, қараңдаршы біздің себетіміз мейірімді істерге толды.

- Балалар бізге Камиланың анасы мен Айшаның анасы келіп отыр тыңдайық.

- Құрметті аналар, біздің балалар жаңа ғана өздерінің отбасы және отбасына қандай көмек көрсететіні жайлы айтып берді. Енді сіздер өз балаларыңыз жайлы айтып берсеңіздер.

(Ата- аналар өз балалары жайында айтып береді)

-Балалар ағылшын тілінде өлеңді есімізге түсірейік.

-With my foot I tap, tap, tap.

With my hands I clap, clap, clap.

Right foot first, left foot than. Round, around and back again.




- Балалар ал осы тұрған бәрімізді бір отбасы деп айтуға болады ма? Неге?




- Бір үйде, бір пәтерде тұратын адамдар.

- Отбасы дегеніміз жақын адамдар, үйдегілер.

- Отбасы – семья.

- Отбасында ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас тұрады

- Мама, папа, бабушка, дедушка, сестра, брат.

- mother, father, grandfather, grandmother, sister, brother.


Балалар отбасы, отбасы мүшелері туралы тақпақтар айтады.

- Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан, 
Бөбегі де кетпейді.

- Әр күн сайын,
Маған дәйім.
Қамқор болдың,
Әкетайым!
(Балалар фотосуретте кім бейнеленгенін айтып түсіндіреді.)

- Мынау менің әкем, мынау анам және мен, біз бұл суретке отбасымызбен саябақта түскен едік.

- Мына суреттегі менің отбасым, атам, әжем, әкем, анам, ағам және мен. Менің отбасым үлкен.

- Мынау- менің отбасым.

Танысыңдар, достарым.

Мынау- әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен.

- Мен отбасымды жақсы көремін. т.б

( балалар саусақтарын, жұдырықтарын ашып сөздерді айта отырып көрсетеді)







- Ия, көмектесеміз.


Балалар ойынға тұра қалады.

Балалар әдемі гүлдерді бір-бірден алып:

- Мен ыдыс жуамын.

- Мен үй жинаймын.

- Ойыншықтарымды жинаймын.

-Ұйқыдан тұрған соң төсегімді жинаймын.

- Үйдегі гүлдерді суарамын.

- Щаңсорғышпен шаң сорамын. т.б айтып салады.













Балалар аналарын тыңдайды.

Балалар ағылшын тілінде өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.


- Ия бір отбасы деп айтуға болады.

-Өйткені біз бір балабақшаға келеміз.

- Бір топқа келеміз.

- Бірге ойнаймыз.

- Бірге тамақ ішеміз.

- Бірге өлең айтып билейміз.



Рефлексивті коррекциялаушы

- Ендеше мен сендерді бір отбасы ретінде коллаж жасауды ұсынамын.

- Балалар қараңдаршы істеген коллажымыз қалай болды?

- Несімен ұнады?

- Енді осы коллажды қабырғаға іліп қояйық.

- Балалар, «Менің отбасым» деген өлеңін айтайықшы.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін еремін.

-Жарайсыңдар балалар, келген қонақтармен қоштасайық.


Балалар коллаж жасайды. Өздерінің фотосуреттерін жапсырады.

Коллаждың қалай шыққандығын әңгімелейді.

- Коллаж өте әдемі шықты.

- Маған ойыншықтар ұнады.

Коллажды қабырғаға іліп қояды.



Балалар өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.







Балалар келген қонақтармен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:.

Жасай біледі: Өз отбасылары туралы әңгімелеп айтуды;

Түсінеді : Отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болу керектігін;

Қолданады : Отбасы мүшелері туралы тақпақ, өлең айтуды;




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!