СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 02.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Методика "Үстел үсті ойнатылатын ойындар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды балабақшадағы тәрбиешілер арасында

Просмотр содержимого документа
«Методика "Үстел үсті ойнатылатын ойындар"»



Үстел үстінде ойнайтын ойындар





  1. Суреттер құрастыру

  2. Жұбын тап

  3. Оқиғалар

  4. Кесте бойынша ойын

  5. Әліппе-лотосы

  6. Көкөністер-жемістер лотосы

  7. Спорт-лото

  8. Төрт жақты лото

  9. Заттарды салыстыру

  10. Ойна да үйрен

  11. Мозаика
























Үстел үстінде ойнайтын ойындар





1 «Суреттер құрастыру»



Максаты:


Балаларға ұсақ суреттерден бір мазмұнды сурет құрастыруды үйрету, әңгіме құрастыра білу, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, әр түрлі мазмұнды суреттер құрастыруға деген балалардың қызығушылығын арттыру.



Ойын атрибуттары:

көлік түрлеріне, әр түрлі ертегілерге байланысты суреттер.



Ойынның барысы:

Балалар үстел үстіндегі әр түрлі суреттердің қиықтарынан (текшелерінен) бір мазмұнды сурет құрасытырады. Сурет не жайында екенін әңгімелеп айтады.























Үстел үстінде ойнайтын ойындар




2 «Жұбын тап»



Мақсаты:

Балалардың ақыл-ойын, тілін дамыту, зейінді болуға тәрбиелеу.



Ойын атрибуттары:

жеміс-көкөніске байланысты текшелер.



Ойынның барысы:

Ойынға 3-4 бала қатысуға болады. Балалар суреті бар текшелерді (доминоны) бөліп алады да, ойын бастайды. Аталған бала бірінші болып текшені қояды, қалған балалар қойылған суретке байланысты өздерінде бар текшелерді ретімен қояды.Кімнің қолындағы текше бұрын бітсе, сол жеңеді.



























Үстел үстінде ойнайтын ойындар




3 «Оқиғалар»


Мақсаты:

Тиісті сөздерді тауып құрастыру, буынға бөлу. Баланың ой-өрісін, зейінін дамыту


Ойын атрибуттары:

Оқиғаларды бейнелейтін суреттер, оқиғалар жайында айтылған сөздер.



Ойынның барысы:

Балалар өздеріне ұнаған сюжетті суреттерді алады. Сол суретте айтылған тиісті сөздерді тауып астына құрастырады. Солай бірнеше оқиғалар суреттерге байланысты қойылады.





























Үстел үстінде ойнайтын ойындар






4 «Кесте бойынша ойын»


Мақсаты:


Балалар білетін ертегілерін еске түсіру аркылы тіл байлығын дамыту. Аталған ертегілердің мазмұнын, атын және 10-ға дейін санай білу. Балаларды тапқырлыққа, зейінді болуға тәрбиелейді.


Ойын атрибуттары:


ертегілер сандар мен белгіленген үлкен кесте (фишкалар) белгілер.


Ойынның барысы:


Үстел-үстіне ертегілер бейнеленген және оны сандармен белгілеген кестені жайып қояды. Ойынға 2 немесе 3 бала қатысады. Кесте бойынша белгіні қоя отырып, санды және ертегінің атын айтады. Осылай келесі бала ойнайды.

























Үстел үстінде ойнайтын ойындар






5 «Әліппе-лотосы»




Мақсаты:


Өткен дыбыстарды қайталата отырып, есте сақтау қабілетін арттыру. Сөз, сөйлем құрауға дағдыландыру.


Ойын атрибуттары:


әріп текшелері, қапшық, әріптер белгіленген карточкалар.


Ойынның барысы:


Ойынға 6 бала қатысады. Әріп текшесі қапқа салынады. Ойынға қатысушыларға карточкалар үлестіріліп беріледі. Ойын бастаушы қапшықтан текшелерін алады, кезекпен әріпті ойынға қатысушьшарға береді. Карточкадағы әріпке сәйкес келсе, үстіне қояды. Карточканы кім бұрын жауып аяқтаса, сол жеңіске жетеді.























Үстел үстінде ойнайтын ойындар









6 «Көкөністер-жемістер лотосы»



Мақсаты:


Жемістер мен көкөністердің бақта және бақшада өсетіні туралы түсінктерін кеңейту. Олардың аталуын, бір-бірінен айырмашылығын, адам аулығына маңызын білу.

Ойын атрибуттары:


көкөністер, жемістер суреті.



Ойынның барысы:

Балалар айналаны танып біледі және ойын ойнау барысында жаңа көкөніс-жеміс түрлерін үйренеді. Көкеніс-жемісті танып біледі және оларды топтастыра алады. Карточканы соған сәйкес келетін суреттермен толтырады.





















Үстел үстінде ойнайтын ойындар





7 «Спорт-лото»



Мақсаты:


Балаларға спорт түрлерін үйрету, олардың бір-бірінен айырмашылығын танып білу; спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Ойын атрибуттары:


спорт түрлеріне байланысты суреттер.


Ойынның барысы:


Балаларға спорт түрлері салынған сурет карточкасы үлестіріліп беріледі. Оны балалар тиісті суреттермен жабады. Карточканы кім бұрын жауып таса, сол жеңіске жетеді.



























Үстел үстінде ойнайтын ойындар









8 «Төрт жақты лото»


Мақсаты:


1-ден 10-ға дейін санау, не бейнеленгенін, түсін, неше бірліктен тұратынын, саусақпен санап көрсету, балалардың ой-өрісін кеңейту, зейінді болуға тәрбиелеу.

Ойын атрибуттары:


суреттер, сандар.


Ойынның барысы:


Бала аталған санды сурет арқылы, саусақпен санау арқылы көрсетіп, санның неше бірліктен тұратынын айтады және бәрін бірге кұрастырады.























Үстел үстінде ойнайтын ойындар







9 «Заттарды салыстыру»

Мақсаты:

Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Ұғымдардың мағынасын түсіндіріп, бір-бірінен ажыратуға баулу. Ойын-тілін танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Ойын атрибуттары:


суреттер, ойыншықтар.


Ойынның барысы:


Балалар әр түрлі заттарды салыстырады, суретін салады, айырмашылығын белгілері бойынша айтады.


Жуан - жіңішке

Жалпақ - жіңішке

Биік - аласа

Үлкен -кіші

Ұзын -қысқа үғымдарын біліп үйренеді.

















Үстел үстінде ойнайтын ойындар







10 «Ойна да үйрен»



Мақсаты:

Балалардың түстер, геометриялық пішіндер туралы білімдерін жетілдіру, баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.


Ойын атрибуттары:


Суреттер


Ойынның барысы:


Балалар үстел үстінде өздеріне ұнаған суретерді алып, оның түсіне байланысты қарындашты және ол зат қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын тауып айтады, құрастырады. Осылайша ойын жалғастырылады.

























Үстел үстінде ойнайтын ойындар






11 «Мозаика»




Мақсаты:


Балаларға әр турлі заттар, геометриялық пішіндер құрастыруды үйрету, түстерімен таныстыру, балалардың ой-қиялын дамыту, еңбек-сүйгіштікке тәрбиелеу.


Ойын атрибуттары:


мозаика ойыншықтары.


Ойынның барысы:


Тәрбиеші мозаика бейнеленген көрнекіліктерді (ойыншықты) көрсетіп, бұл-мозаика деп аталатынын, одан геометриялық пішіндер, заттар құрасытруға болатынын айтады. Балаларға өрнектердің түсі үйлесімділігіне көңіл бөліп, заттардың пішініне сәйкес орналастыра білуге бағыт беріледі.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!