Просмотр содержимого документа
«Мектеп кітапханасы.Зат есім»
Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы.Зат есім
Мақсаты:
оқушының өз ортасы мектеп кабинеттері туралы ауызекі сөйлеуге төселдіру;
жаңа сөздерді меңгерту арқылы ой-өрісін кеңейту;
зат есімдердің түрлерін ажырата білуге сауатты жазуға, сөйлем құрауға үйрету;
сөздік қорын байыту, ойлау, сөйлеу шеберлігін арттыру;
Күтілетін нәтиже:
мектебінің кабинеттері туралы өз сөзімен сауатты әңгімелей біледі;
зат есімнің түрлерін ажырыта біледі, лексикалық тақырыпқа байланыты сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолданады;
топта өз ойларын айта білуге және өскен ортасын сүйюге, үлкендерді құрметтеуге тәрбиеленеді.
Қолданылатын модульдер: сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Сілтеме: Оқулық Алматы «Атамұра» 2015.Т.М.Артыкова, Л.З.Бисенова, М,Б,Боранбай, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
І кезең: Кіріспе:
1. Оқушының жаңа сабаққа деген құлшынысын ұйымдастыру;
2. Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
3. Оқушыларды 3 топқа бөлу:
1.Қызыл кітап
2.Жасыл кітап
3.Сары кітап
Үй тапсырмасы:
Үйге 5-тапсырма. Қазақ тілі кабинетін сипаттап беру. Әр топтан бір оқушы оқып береді.
1.Қазақ тілі кабинеті нешінші қабатта?
2.Қазақ тілі кабинеті қандай?
3.Кабинетте қазақ тілін үйренуге қандай мүмкіндіктер бар?
4.Кабинеттің ішінде қандай оқу құралдары бар?
ІІ кезең: Мағынаны тану
1. «Ой шақыру» стратегиясы. Жаңа сабақты топтық, жұптық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау.
Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу. Суреттегі заттардың атын пайдаланып, ребусты шешеді. Ортада жасырылған сөз бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз.
Бұл сөздер тобын қалай атайды? Бұл сөздерге сұрақ қойып көрейік.

2. Грамматикалық тақырыпты сызба бойыншатүсіндіру.
Зат есім – заттың атауын білдіретін сөз табы зат есім деп аталады. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?

3.Сөздік жұмысы:
Сөзікпен танысу, оқыту, жаттату, жаңа сөздер туындату, сөз тіркестерін жаздыру.
| сөз | аударма | сөзжасам | сөз тіркесі |
| ұқып | бережность,аккурат ность | ұқып+ты,ұқыпты+лық | ұқыппен тыңдау |
| ынта | интерес | ынта+лы | ынталы бала |
| көңіл аудару | обращать внимание | | оқуға көңіл аудару |
| мұқаба | обложка | | кітаптың мұқабасы |
| жас | юный | жас+тық | жас бала |
| жалқау | ленивый, лентяй | жалқау+лық | жалқау мысық |
4. Жұптық жұмыс:
а) «Мектеп кітапханасында» диалогін толықтырады
Мектеп кіапханасы нешінші қабатта?
...
Кітапхана қандай?
...
Онда қандай кітаптар бар?
...
Кітапханашының аты-жөні кім?
...
Сен кітапханаға жиі барып тұрасың ба?
ә) Берілген сөздерді септеп жаз. Кітап, дәрігер.
Атау:
Ілік
Барыс
Табыс:
Жатыс:
Шығыс:
Көмектес
5. Сергіту сәті.
«Білім» өлеңін оқушыларды орындарынан тұрғызып, мәнерлеп оқытып жаттату.
6. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Шығармашылық тапсырмалар.
1-топ. (Қызыл кітап) Кітап туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздерді жазыңдар.
2-топ. (Жасыл кітап)
Бес жолды өлең
1. Зат есім: кітап
2. Сын есім: қызыл, қызық
3. Етістік: көремін, оқимын, үйренемін,
4. Сөйлем: Күнде досыммен кітапханаға барамын.
5. Синоним: оқымысты, білімді.
3-топ.(Сары кітап) Кітап, кітапты оқу туралы кеңестер жазыңдар.
7.Үйге тапсырма. 4-тапсырма «Менің мектебімнің кітапханасы» эссе жазып келу.(154 бет)
8. Бағалау. Смайликтер арқылы мадақтап отырамын.