СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Қазақстан Республикасының 1999 ж. 2 желтоқсанда қабылданған (2010.19.03 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 1-бабының 7-тармақшасында: «Дене тәрбиесі – дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жетінкіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабылетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» -делінген.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің маңызы»

ПәнМектепке дейінгі педагогика

Топ 216 кж

Мерзімі: 08.11.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: 

Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің маңызы

Құндылықтар: Ақиқат

Қасиеттер: шыншылдық, адалдық, белсенділік,ізгілік

Сабақтың мақсаты: Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің маңызын түсіндіру, өздігімен жаңа тақырып бойынша ойын бекітуге дағдыландыру; танымдық белсенділіктерін жоғарлату, педагогикалық технология элементтерін тиімді қолдануды үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Дене тәрбиесінің маңызын түсіндіру, өздігімен жаңа тақырып бойынша ойын бекіту, шыншыл, адал болуды үйрету

  • Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Өз білімдерін жетілдіруге, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: таңдаған мамандығын мақтан тұтуға, отансүйгіштікке, шыншылдыққа, адалдыққа, ұқыптылыққа, белсенділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәріс сабақ

Сабақтың түрі: Ойын технологиясы элементтері

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясының элементтері, сөздік әдістер

Пәнаралық байланыстар: этнопедагогика, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Сабақтың жабдықталуы: карточкалар, асық түрлері, мультимедиялық тақта.

Қолданылатың әдебиеттер: М.Ә.Идирисова. Мектепке дейінгі педагогика. Я.И.Ядешко. Ф.А.Сохин. Мектеп жасына дейінгі педагогика.

Сабақтың барысы және уақыттың өлшемі

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру,Тыныштық сәті. Музыка әуені.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңыздышайып, жүрегіңіздің қауызын аштыНұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрдыуақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:«Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз?


5 мин

2

Білімдерін тексеру (астын сызу)











«Білім беру стратегиясы» әдісі:

-





Білім бағалау өлшемі


Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын.

Қайырлы күн, студенттер! Біздің халықта таңертең ең бірінші бір-бірінің көңіл-күйін сұрайды, аталарымыз салған сара жолмен мен де сіздіердің көңіл-күйлеріңіздің қандай екенін білгім келеді. Қалайсыздар?Ендеше кезекті сабағымызды бастайық.

Үйде мектепке дейінгі педагогика пәні бойынша не істедіңіздер?

-Қандай дайындықпен келдіңіздер?

-Қандай оймен келдіңіздер?

Бәрекелді! Тамаша!





Бүгінгі сабақты жұмбақ-сабақ түрінде өткіземіз. Өйткені сабақ басынан аяғына дейін жұмбақтар, сұрақтардан құралған. Ал әр жауаптарыңызға бонус жинайсыздар. 1 бонус - 1 асық. Алтын асық –толық жауап, күміс асық – толық емес, сүйек асық – кредит асық (келесі сұраққа жауапты толық бруге уәде беремін). Ал жаңа сабақтың тақырыбы сіздерге әзірге жұмбақ, оны сабақ барысында анықтаймыз.

(Парталар алдын –ала үшке бөлінген)

Ал енді міне үш топқа бөлініп отырдыңыздар, енді топқа ат қоямыз.

1-топтың аты « Толағай»

2-топтың аты «Тау соғар»

3-топтың аты «Ептілер»

Бәрекелді! -Студенттер біз біраз уақыт балалық шағымызда ойнаған ойындарымызды еске алайық. Ұлдардың көп ойнайтын ұлттық ойыны қандай? (асық)

-Дұрыс айтасыздар. Ендеше біз үйге берілген тапсырманы асық ату арқылы орындайық.

Алдарыңызда үш түрлі сақа тұр, қандай сақаны атсаңыз соның бағасына қарай тапсырманы орындайсыз. Егер асықты ата алмасаңыз мақал-мәтел, өлең жолдарын орындайсыз. Жұмбақ шешесіз. Іске сәт!

І деңгейдегі тапсырма:

  1. Өмірінің алғашқы жылындағы бала дамуы мен тәрбиесі дегенміз не?

  2. Тәрбиенің міндеттері мен даму жолдары...

  3. Ерте жастағы баланың даму ерекшелігіне сәйкес бала тәрбиесіне қандай талаптар қойылады?

  4. Баланың дене және психикалық дамуы дегеніміз не?

  5. Тәрбие дегеніміз не?

  6. Өмірінің алғашқы жылындағы бала дамуы мен тәрбиесі дегенміз не?

  7. Даму дегеніміз не?

ІІ деңгейдегі тапсырма:

  1. Еңбекке тәрбиелеу туралы мақал

  2. Эстетикалық тәрбие туралы мақал

  3. Адамгершілік тәрбиесі туралы мақал-мәтел, нақыл сөз

  4. Экономикалық тәрбиеге арналған мақал-мәтел

  5. Ақыл-ой туралы мақал-мәтел

  6. Білімге тәрбиелеу туралы мақал-мәтел

ІІІ деңгейдегі тапсырма:

1. Кроссворд шешу

  1. Адамгершілік қасиет (парасаттылық)

  2. Ұлы дидактиканы жазған кім? (Коменский)

  3. Эстетика құралының бірі (әдебиет)

  4. Экология сөзінің аудармасы (баспана)

  5. Өз-өзіне қызмет көрсету-бұл не? (еңбек)

  6. Саналы тәртіпке тәрбиелеу әдісінің түрі (әңгіме)

  7. Еңбек тәрбиесінің құралы (үлгі)

2. Ребус

3. Эстетикалық тәрбие бойынша өлең жолдары

4. Ақыл, сана туралы Абайдың өлеңдерінен үзінді

5. Экологиялық тәрбие турлы өлең жолдары

6. Еңбек тәрбиесі туралы Абайдың өлеңдерінен үзінді

7. Адамгершілік тәрбиесі туралы Абайдың өлеңдерінен үзінді

Осымен өткен сабақтарда алған білімдерімізді «Алтын сақа» ұлттық ойыны арқылы өзектілендіріп алдық.

Әр дұрыс жауапқа бонус-асық беріледі

20 мин

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)























Жаңа сабақ.

Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік

Дамыта оқыту технологиясы бойынша «Бұлақ» әдісімен студенттердің жаңа тақырып бойынша білетін білімдерінің көзін ашу жұмысы.

  1. Дене тәрбиесі деген ұғымды сіздер

қалай түсінесіздер?

2.Баланың дене тәрбиесіне қандай қатысы бар?

3. Мектепке дейінгі педагогика дегеніміз не?

Жақсы енді жаңа тақырып бойынша конспект түртіп алайық дәптерге.

Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің маңызы

Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде демекші,

Қазақстан Республикасының 1999 ж. 2 желтоқсанда қабылданған (2010.19.03 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 1-бабының 7-тармақшасында: «Дене тәрбиесі – дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жетінкіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабылетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» -делінген.

Дене тәрбиесі адам қалыптасуының негізі болып табылады.Дене тәрбиесі (6-сызба) адам дамуының сандық және сапалық өзгерістеріне бағытталады;



Дене тәрбиесі



Маңызы

Шыдамды лық, дербестік, белсенділік, бастамашылдық, жолдастық, өзара көмек сезімі

Қоршаған заттар мен құбылыстар, кеңістік, уақыт туралы білімқалыптасады







-Жүйкежүйесі,

сүйек-бұлшық ет жүйелері,тыныс аппараттары жақсарады;-дене бітімінің дұрыс дамуы жүзеге асады

Ұжымшылдық сезімі пайда болады.

Жағымды мінез – құлық қалыпстасады













  • Дене дамуы адамның адамның

толыққанды ақыл-ой әрекетіне мүмкіндік жасайды, сондықтан да мәдениет және ғылым қайраткерлері ақыл-ой әрекетін дене жаттығуларымен, еңбекпен және спортпен ұштастыруға тырысқан;

  • Дені сау адам өзін өндірістік еңбекте

жақсы көрсете алады, неғұрлым жоғары ақыл –ой салмағын көтере алады, аз шаршайды, ширақ көңіл күйде болады.

-дене тәрбиесі, спорттық бұқаралық іс-шаралар адамгершілік мәдениетін, жолдастықты өзіне талап қоюшылықты ерік-жігердің мқтылығын қалыптастырады.

Дене тәрбиесі туралы ғылым педагогиканың құрамдас бөлігі. Педагогика ғылымының бұл саласына мынадай негізгі түсініктер жатады: «Дене мәдениеті», «дене жетілуі», «дене тәрбиесі», «дене дамуы»

Дене мәдениетінің мазмұнына мыналар жатады:

    1. Жеке гигиена (ұқыптылық,

киім тазалығы, үй-жай тазалығы) және гигиеналық тәртіпке дағдылану (іс-әрекет пен демалыс тәртібі, ұйқы гигиенасы, тамақ және т.б.).

    1. Табиғи жағдайдағы ағзаның

шынығуы (ауа, күн және су)

    1. Дене жаттығулары.

Дене жетілуі – дене дамуының денсаулықтың, адамның дене дайындығының, қоғамдық талапқа сәйкестігінің тарихи үйлесімді деңгейі.

Дене дамуы – бұл адам денесінің қалыптасуы мен өзгеруін сипаттайтын биологиялық үдеріс және адам ағзасының қызметі (бойдың салмақтың, кеуде ауқымының, өкпе сыйымдылығының , тұлғаның көрсеткіштері).

Дене тәрбиесі – қоғам талабына сай ағза қызметі жетілуіне бағытталған педагогикалық үдеріс.

25 мин

4

Оқушылардың өздік жұмысы

Рефераттар жазу, ғылыми мақалаларды конспектілеу, топпен жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау,кітаппен жұмыс.

Жаңа тақырып бойынша теориялық материалды жеткілікті алып түсінген сияқтымыз. Сіздер тәрбиеші мамандығын таңдағандықтан, «Дене тәрбиесі – дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жетінкіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабылетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» -делінген.

Сондықтан сіздердің шапшаңдықтарыңызбен тез ойлау қабілеттеріңізді дамыту мақсатында орталарыңызға доп тастаймын. Допты бір-бірлеріңізге лақтыра отырып дамыта оқыту технологиясының «Сен білесің бе...» тағы бір әдісімен жаңа меңгерген сабақ материалы бойынша жеткіншік жас ұрпақты, яғни балабақша балаларын тәрбиелеу барысында сандық және сапалық өзгерісі туралы не айтар едіңіздер алдарыңызда әр топтарға берілген тапсырманы оқып достарыңызға сұрақ қоюларыңызды сұраймын. Мысалы: Сен білесің бе Дене тәрбиесінің маңызын?

І- тапсырма:

  1. Қоршаған заттар мен құбылыстар,

кеңістік, уақыт туралы білімқалыптасады.

  1. Жағымды мінез – құлық

қалыпстасады

2-тапсырма:

  1. Жүйке жүйесі, сүйек-бұлшық ет

жүйелері,тыныс аппараттары жақсарады; -дене бітімінің дұрыс дамуы жүзеге асады.

  1. Ұжымшылдық сезімі пайда болады

3-деңгейдегі тапсырма:

  1. Шыдамдылық, дербестік,белсенділік,

бастамашылдық, жолдастық, өзара көмек сезімі.

  1. Дене тәрбиесінің маңызын

(Оқытушы қорытындылайды.)

10 мин

5

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау, тестілеу, үлестірмелі жазбаша тапсырмалар, графикалық диктант,дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету.

Оқытушы үш топтың жеке-жеке жаңа тақырып бойынша берген жауаптарына қарай сақалар арқылы бонус беру.

10мин

6

Сабақ қорытындысы

Дамыта оқыту технологиясының «Білім беру стратегиясы» әдісі бойынша:







ҮІІ. Бағалау 3 мин



Тақырыпқа түсінік бере отырып, бағалау.

  • Бүгінгі сабаққа келген ойларыңыз іске асты ма?

  • Сабаққа көңілдеріңіз толды ма?

  • Білім қоржынын толтыра алдыңыздар ма?

  • Сабаққа тілектеріңіз?

  • Бүгінгі жұмбақ-сабақтың шешімін таптық па? Ол қандай екен? (Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің маңызы)

Сабақта кім қандай асықтан және қанша жинағанына байланысты баға қойылады.

Алтын асық- «5»

Күміс асық – «4»

Сүйек асық –«3»

7 мин

7

Үй тапсырмасы























ІІІ деңгейде беріледі. І деңгейлі топ - М.Ә.Идирисова «Мектепке дейінгі педагогика», Я.И.Ядышко, Ф.А.Сохин. Мектепжасына дейінгі педагогика. оқулықтарынан конспектіні толықтыру

ІІ деңгейлі топ –дене жаттуларына – ұлттық ойындарын талдап жазу

ІІІ деңгейі топ – шығармашылық тапсырма ребус, кроссворд дайындау «Дене тәрбиесі» тақырыбына.

Дені саудың, жаны сау!- демекші

Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, оның дүниесінде ішкі тыныштық, хош иісті гүлі шешек атады.

Сабағымыздың соңында, бәріміз жақсы көңіл күйде ән айтайық. (Сөзі тақтада көрсетіледі.)

Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!

3 мин

Оқытушының қолы _______________

Дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы

Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.

Дене шынықтыру тәрбиесінін мақсаты — салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.

– денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;

– табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;

– дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;

– табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)

– ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;

– гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процесінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын,психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.

Дене тәрбиесі — валеология ғылымдарының бір саласы. ДенетәрбиесікөнезамандаГрецияда, Римдежәнебасқа елдердедамыған. Олтуралығылымитұрғыданжиналғандеректер бар.

Денетәрбиесініңмаңызы — адамныңденсаулығынның ғажайып, күш-жігерін, ақыл-ойларын арттырады. ОсығанбайланыстыФранциядаФ.Рабле, М.Мантель, денетәрбиесінақыл-ой, білімменбіргеқараукерекекеніннасихаттаған.Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнскийденетәрбиесінеңбекпенбайланыстыразерттеді. Оладамныңақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерініңқалыптасыпдамуынаеңбектіңмаңызын жан-жақты көрсетті. Орыстыңатақты анатом-педагогыП.Ф.Лесгафтденетәрбиесініңғылымижүйесінқұрды. Олбалалардыңтүсінігі мен ойлауқабілетіндамытудаденетәрбиесініңмаңызы бар депкөрсетті.ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Денетәрбиесініңғылыминегіздебірнешеғылымиәдістемесіжасалынды. Олвалеологиялықтәрбиеніңеңнегізгібағыттарыныңбірінеайналды.

Гигиеналық-жаттығулар мен ұдайышұғылдану, жугіру, шаңғытебу, жүзу, қайықесусияқты спорт ойындары мен арнаулыжаттығуларадамныңтынысалуүрдісінкүшейтеді. Қан айналыиын, заталмасуынжақсартады.

Денетәрбиесіадамныңжасерекшелігінеқарайжүргізіледі. 1—3 жастағыбалаларғаарналғандене тәрбиесініңміндеті — балалардыгигиеналықкүтімгеалу, олардыңдұрыс, уақытыментамақтануынқадағалау, жассәбилердітазалыққат.б. дағдыландыру. Мектепжасынадейінгі (3—7 жас) балалардыңденетәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығьн, ептілігінқалыптастыруғабағытталған. Балаларбақшасындааптасынабіррет 20—30 минут арнайыжаттығулар, күнсайынтаңертең 4—5 минут гимнастика өткізілгенідұрыс. Денетәрбиесініңнегізгісаласы — гимнастика, ол спорт жәнемектептентысжұмысретінде де жүргізіледі. Сондықтан денетәрбиесіміндетті әнретіндеоқубағдарламасынаенгізілген


Халықтық педагогиканың  түрлі қырларын сөз еткенімізде 

дене тәрбиесі туралы айрықша тоқталудың өзіндік себебі бар. Өйткені, адам баласы  ең алғаш дүниеге келген күннен бастап алдымен дене тәрбиесі қолға алынады.

         Сөз жоқ адамның жан-жақты жетілген, қоғам талабына сай жеке басының қалыптасып, саналы азамат болуы үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет.  Ата-бабамыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Мұнан біз жан  тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен бастау алатын процесс екендігін көре аламыз. Қай кезде де ұрпағының  аман-сау, дене күші мығым азамат болып өсуін армандаған халық нәресте жаңа дүние есігін ашқан сәттен алақанға салып, ең алдымен дене күтіміне көңіл бөлген. Сәби дүниеге келген күннен бастап халық өміріндегі атқарылатын дәстүрлер мен ырымдардан да аға ұрпақтың баланы қалай күтіп-баптағанын байқаймыз.

         Мәселен, жаңа туған нәрестені қалай күту аналардың  келіндеріне  ақыл-кеңестер беруі, нәрестені тұзды сумен шомылдыруы, денесін майлап, қол-аяғын созып, буындарын шынықтыруы, шала туған балаға айрықша қамқорлық жасауы, түлкі тымаққа салып асырауы, оған бие сүтін беруі т.т. көптеп айтуға болады.

         Дене тәрбиесі туралы айтқанда қазақ халқының әсіресе қыз баланың дене сымбаттылығына, оның көрікті болуына айрықша көңіл бөлгендігін көреміз. «Аттың көркі – жал, қыздың көркі – шаш» деп ұққан аналар қыз баланың шашының күтіміне, оның    әдемі де жақсы болып өсуі үшін айранмен,  ірімшіктің сары суымен жудырған.   ... «қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» екіншіден, халық ару-қыздарының  киім-киісіне де бақылау жасап отырған, айрықша мән берген. «Қыз өссе – елдің көркі», «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшәт бөрік, қос етекті көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сондай-ақ ең асыл заттары - әшекейлер де қыздарына тағылған, әсіресе күмістен, алтыннан жасалған сырға, шашбау, шолпы, жүзік, білезік сияқты бағалы бұйымдар қыздарға тағылған. «Қыздың көркі қызылда» деген халық мақалы қыздардың әшекей  заттарға үйірлігін айтады.

         Дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, материалдық игіліктерді өндіруде оның маңызын ерекше түсінген қазақ халқы «Денсаулық – зор байлық» деп ой топшылаған. Бірінші байлық денсаулық деп, денсаулықтың болуын баға жетпес  байлыққа теңеп, ұрпағына ескерткен. Қазақ халқы өмір сүру тарихында ауру-сырқаумен халықтық ем-дом арқылы  күрескен. Халықтық медицина тәжірибесіне сүйенген ата-ана бала ауырса халықтық емдерді қолданған. Тіс аурыса меңдуана басқан, іш ауырып, салқын тисе қойдың тұздалмаған құйрық майымен сылаған.

       Оқушылар дене-бітімінің  дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және  қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың  денсаулығына қамқорлық жасауға  біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері  жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді  қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін  дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін  байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында  ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру  мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты  күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының  дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.


Скачать

© 2017, 1937 4

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!