СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепалды даярлық тобына арналған технологиялық карталар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепке дейінгі жастағы даярлық топ тәрбиешісінің тех карталары. 1 аптаға арналған.

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобына арналған технологиялық карталар жинағы»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 29.01.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Табиғат әлемі

Апталық тақырып: Ағаштар әлемі

Бөлімі: ІІ.Еңбек гигиенасын құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Бөлімше: 2.2 Материалдармен, құралдармен жұмыс

Оқу мақсаты: 0.2.2.1.Жапсырға арналған мате риалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі,текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

Білім беру саласы:Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырып: Қысқы орман

Мақсаты: Бейнелерді жырту әдісі арқылы жасауға үйрету.Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік- Суретке қарап шағын әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – .Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Тәрбиелік- Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: орман-лес- forest ,қыс-зима- winter , қар-снег- snow .

Тіл дағдылары: қыс, орман, қар

Технологиялық қамтамасыз ету: түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы,тұрғылар мен сүлгілер, үлгі суреттер т.б

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Шаттық шеңберін құру. Педагог Е.Өтетілеуұлының қыс

туралы бір өлеңін оқиды.

-Жақсы. Енді бәріміз орнымызға отырайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыстың неше айы бар? Олардыы атайықшы.

- Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Жыл мезгілінің бәрі де жақсы.

Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Балалар шаттық шеңберінде, қыс мезгіліндегі еске

түсіріп, түрлі қимылдар жасайды. –Қыс мезгілі

-Шанамен, шаңғымен сырғанаймыз.

 



Негізгі бөлім

-Балалар суретте не көріп отырсыңдар?

-Дұрыс, айтасыңдар бұл қыс мезгілі.

-Айнала қандай балалар?

-Ағаштар қандай балалар?

-Неге жапырақтары жоқ деп ойлайсыңдар?

- Қысы – жазы түсін өзгертпейтін ағаштар болады ма екен?

Ол қандай ағаш?



Полилингвальды компонент:

орман-лес- forest ,қыс-зима- winter , қар-снег- snow


-Бүгін осы қысқы ормандағы ағаштарды қиып жапсырамыз.

Үлгі бойынша қысқы орманды жапсырады. Ақ қағазды ұсақтап қар жасайды.


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Бетіме жел соғады

Кіп-кішкентай балалар

Ержетеді, өседі


Д/ойын: «Жыл мезгілдері» Ойыннның шарты: Балалар алдарындағы суретте не бейнеленгенін айтады. Жыл мезгілін атайды.





Балалардың жауаптары

 

 

Қағаздан үлгіге қарап қысқы орманды жасайды.

Қимылмен көрсетеді және қайталайды.




Менде суретте жаз бейнеленген. Балалар суда жүзіп жүр. Ауа райы ыстық.





Қорытынды

бөлім


« 5 саусақ» рефлексиясы. Балалар ҰОҚ алған әсерлері мен білімдерін қорытындылайды. Дайын үлгілерден көрме ұйымдастырылады.


Балалар қз ойларын білдіреді.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: Бейнелерді жырту әдісі арқылы жасауға үйренеді.

Түсінеді:. Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейтеді. .

Қабылдайды : жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретпен қолдана білді.

























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 29.01.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Табиғат әлемі»

Апталық тақырып: «Ағаштар әлемі»

Бөлімі: 4.Табиғатты қорғау

Бөлімше: 4.1. Табиғатқа қамқорлық

Оқу мақсаты: 0.4.3.3. Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу.

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырып: «Қамқорлық жасау» дегенді қалай түсінесің?

Мақсаты: «Қамқорлық жасау» деген ұғымды түсіндіру. Өсімдіктер мен жануарлар түрлері туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік - Табиғатты сүйе білуге,оны қорғауға үйрету.

Дамытушылық – Балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамыту.

Тәрбиелік - Еңбексүйгіштікке, табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: гүл-цветок- flower , жануар-животное- animal .

Тіл дағдылары: қамқор болу, азық, қоректенеді.

Технологиялық қамтамасыз ету: әліппе дәптер, ойыншық көгөністер, жиынтық полотно.

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Шаттық шеңбері:

(балалар бір-біріне қарап тұрып айтады)

Мен қамқоршымын, сен қамқоршысың

Мен қамқоршымын, сен қамқоршысың.

Қайырымды жүрекпен

Мейрімді тілекпен,

Ізгілікті ниетпен

Қамқор болып өсемін.


- Балалар, біз бүгінгі сабаққа қамқорлық, адамға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесейік:

- Балалар, қамқорлық дегеніміз не?

- Сендер өз туыстарыңа, жақыңдарыңа қамқорлық жасайсындар ма? Қалай жасайсыңдар?

- Өздеріңе қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

- Тағы да кімге қамқор болуға болады?


Д/ойын: «Топтастыр». Балалар әліппе дәптердегі тапсырманы орындайды. Суреттегі жануарлар мен өсімдіктерді атайды. Бір сөзбен атап, артық затты табады.


Тәжірибе №1

Балалар екі тошаға бөлінеді. Бірінші топша аквариумдағы балықтарға жем береді, тастарды жуады.


Тәжірибе №2

Екінші топгадағы балалар бөлме гүлдерін атайды, топырақтарын қопсытып, суарады.

Балалар шеңберге тұрып бәрі қосылып айтады.







Қамқорлық деген......


Жануарларға, табиғатқа қамқор болу керек. (балалардың ой-пікірлер).



Бәйшешек, раушан мен түймедағы – ол өсімдіктер, гүлдер. Кітап артық. Себебі ол гүл есем, ол - оқу құралы.



Негізгі бөлім

Сергіту сәті «Көлеңке»

Тыңдайық-ойланайық (кідіріспен оқу)

Қамқорлық әңгімесін оқу.

Демалыс еді. Әділді анасы дүкенге жіберді. Жолда балалар күшікті ұрып жатыр екен.

Әділ:

- Бұл байғұс күшікті неге сонша ұрасыңдар? – деді.

- Бұл күшік менің қарындасыма үрді, - деді бір бала.

- Енді сол ушін бұл күшікті сонша ұру керек пе? –деді Әділ.

Балалар Әділдің сөзін тыңдамай күшікті суға лақтырып жібереді. Әділ күшікті құтқару үшін суға секіреді. Күшікті әрең құтқарып үйіне әкеледі. Анасы шошып кетті.

Әділ:

- Мама, Әйтеуір, сіз маған ренжімедіңіз бе?

Жоқ, құлыным, түсінемін ғой, - деді де маңдайынан иіскеді.

- Мамасы неге Әділге ұрыспады?

- Әділ не жасады?

- Әділ болмаса күшікке не болар еді?

- Қамқор болу деген не?

(балалардың ой-пікірі)


Ойын «Жақсы-жаман»

- Үлкенге көмектесу

- Кішіні жәбірлеу

- Амандасу

- Үлкеннің тілін алмау

- Ағашты кесу

- Ағаш отырғызу

- Жылау

- Күлу және т.б.





Балалар педагогтың оқыған әңгімесін мұқият тыңдайды.









Балалардың жауаптары.



Балалар «жақсы» нәрсе туралы айтылғанда қолдарын жоғары көтереді, «жаман» нәрсеге қолдарын көтермейді мысалы:





Қорытынды бөлім


Рефлексиялық бағалау.

Қортындылайық:

- Қамқоршы, болу дегеніміз не?

- Жауапкершілікті адам деп кімді айтады?

Балалардың ойлары тыңдалады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: «Қамқорлық жасау» деген ұғымды түсіндіру.

Түсінеді: Өсімдіктер мен жануарлар түрлері туралы білімдерін кеңейту.

Қабылдайды : Табиғат атаулыға қамқоршы болуды.










































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 29.01.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Табиғат әлемі»

Апталық тақырып: «Ағаштар әлемі»

Бөлімі: 3. Геометриялық фигуралар

Бөлімше: 3.1. Фигуралар мен денелер

Оқу мақсаты: 0.3.1.3. Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлу, бүтін мен бөлшектерді салыстыру.

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ

Тақырып: Ұшақпен ұшамыз. Бүтінді және бөлікті салыстырамын.

Мақсаты: Фигураларды тең бөлікке бөлуін білу. «Жарты», «ширек» деген ұғымдарды үйрету

Міндеттері:

Білімділік - Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешуге жаттықтыру.

Дамытушылық – Заттарды бірнеше бір дей бөлікке бөлу, бүтін мен бөліктерді салыстыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік - Сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: ұшақ-самолет- аircraft

Тіл дағдылары: -бүтіндегі жартылар, бүтіндегі ширек бөліктер саны туралы сөйлемдер құрайды.

Технологиялық қамтамасыз ету: Қағаздың беті шаршы пішімді. Əліппе-дəптер. Жиынтық полотно, Суреттер

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Ынталандыру.

Педагог балаларды əңгімеге тартады. Балалардан сұрайды:

– Саяхат несімен қызық?

Өзектендіру.

Біздің кейіпкерлеріміз ұшақпен саяхат жасайды. Балаларды топтарға бөліп, топтардың əрқайсысына 19.1-кестеден- қималы тарату материалынан ұшақ беруге болады.


Педагог ғимараттың суретін, мысалы, фигурасы бар суретті (шатыр – шаршы, тіктөртбұрыш; айналма жол – шеңбер немесе сопақ жəне т.с.с.) көрсетеді.


(Т) Топтардың əрқайсысы ұшақпен ұшу кезінде жерден көруге болатын үйлерді немесе гүлзарларды, көлдерді жəне т.б. елестете отырып, қағазда фигуралардың суретін (сопақша, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш) сала алады.


Көптеген жаңа əрі қызықты нəрсе білуге болады.




Жолға шығар алдында олар ғимараттардың шатырын, иллюминатордан жолдарды қандай пішімде көретінін елестетуге тырысады.




Негізгі бөлім

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ө) 1-тапсырма – тəжірибелік жұмыс.

Балалардың əрқайсысы қағаз парағын суретте көрсетілгендей етіп бүктейді. Педагог мұны балаларға көрсетеді.

Жаңалық ашу.

Жұмыс аяқталған соңбалаларалынған бөліктердің санын есептейді, педагог олардың атауларын айтады.

(Ж) Д/ойын: «Тәтті бәліштер»


Жаңаны қолдану.

2-тапсырманы орындауды ұсынады, онда торкөздер бойынша ұшақты қайталап салу.

Балалардан сұрайды:

– Ұшақпен қайда саяхат жасауға болады?

(Ж) Педагог 3-тапсырмаға берілген суретке қарауды ұсынады, онда аппликация жасалған бөліктерді атау қажет.

Бекіту үшін шығармашылық тапсырма ұсынылады. Электрондық жəне қарапайым жиынтық полотнода фигуралардың бөліктерінен өрнектер ойлап табу.

Қағазды жазған кезде жарты парақ, парақтың төрттен бір бөлігі шығады.



Саяхат барысында жолда балалар бəлішті (шаршы) немесе пиццаны (дөңгелек) екіге, төртке бөледі.




Балалар осындай шаршыны бөліктерге бөледі. Одан кейін үлгі бойынша аппликация жасайды.




Қорытынды бөлім


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Жетістік шыңы» арқылы бағалауды ұсынады.


Балалар өз ойларын айтып, адам силуетін шыңға орналастырады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: Фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек.

Түсінеді: Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуді, бүтін мен бөлшектерді салыстыруды.

Қабылдайды : сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.




























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 30.01.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Табиғат әлемі»

Апталық тақырып: «Ағаштар әлемі»

Бөлімі: 3. Геометриялық фигуралар

Бөлімше: 3.1. Фигуралар мен денелер

Оқу мақсаты: 0.3.1.3. Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлу, бүтін мен бөлшектерді салыстыру.

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ

Тақырып: Жол бойынан нені көруге болады? Бүтін жəне бөліктер

Мақсаты: Көзбен мөлшерлей бөлуін үйрету. Цилиндрмен таныстыруды жалғастыру.

Міндеттері:

Білімділік - Бүтін мен бөлікті салыстыруға, бүтіннің бөлігін атай білуге жаттықтыру.

Дамытушылық – Заттарды бірнеше бір дей бөлікке бөлу, бүтін мен бөліктерді салыстыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік - Сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: жол-дорога- road

Тіл дағдылары: -бүтіндегі жартылар, бүтіндегі ширек бөліктер саны туралы сөйлемдер құрайды.

Технологиялық қамтамасыз ету: Қағаздан жасалған шеңберлер. Əліппе-дəптер Жиынтық полотно, Суреттер

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Ынталандыру.

Педагог балаларды ойын жағдайына тартады.

Кез келген көлікпен жүру үшін бағытты таңдау керек. Балалардан «бағыт» сөзінің мағынасын сұрайды.

Өзектендіру.

Кейіпкерлеріміз саяхат жасап келді.

Олар сапарды еске түсіру бойынша аппликациялар жасау жарысына қатысуды ұйғарды. Жарыстың талаптары бойынша қолдан бұйым жасау үшін тек бір пішімді – геометриялық фигураны пайдалануға рұқсат берілді. Əлия шеңберді таңдады.

Педагог жиынтық полотноны пайдаланады.



Бағыт деген не?



Жиынтық полотносына назар аударады.



Негізгі бөлім

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырмада берілген дөңгелектерді қандай бөліктерге бөлуге болатынына қарауды ұсынады.

– Əлия шеңберлердің көмегімен қалай қолдан бұйым жасады?


Жаңалық ашу.

(Т) Тəжірибелік жұмыс.

Шеңберді бөліктерге бөлуге болады.

Əрі қарай дөңгелектерді бүктеп тəжірибелік жұмыстар жасап көруге болады (жартысын, ширек бөлігін алу).

2-тапсырманы орындауды ұсынады, онда балалар шеңбердің бөліктерін атайды жəне суретті таңдауы бойынша бояйды.

Бүтін фигураларды бір түспен, ал бөліктерін басқа түспен боя.


Жаңаны қолдану.

(Ө) 3-тапсырманы орындауды ұсынады, онда өрнектер құрастырылған бөліктерді атау қажет.

(Т) Педагог балаларға дөңгелектерді ұсынады. Өткен сабақтағыдай, оларды бөліктерге бөлуді сұрайды жəне сұрақтар қояды:

- Өмірде дөңгелек заттарды бөліктерге бөліп көрдіңдер ме?

- Аппликация үшін дөңгелектердің қандай бөліктерін пайдаландыңдар?

- Бүтін дөңгелекте неше жарты бөлік бар?


Сегіту сәті.

1,2,3, бойға жинап күш,

Биік болып өсеміз,

Өскенде айға жетеміз!


(Т) 4-тапсырма – логикалық. Фишкаларды, геометриялық фигураларды шешу үшін пайдалануға болады. Балалар тəжірибе арқылы ықтимал нұсқаларды анықтайды.

Сосын педагог шатаспау үшін тапсырманы орындау тəртібін табуға көмектеседі. Мысалы, алдымен бірінші креслоға əже отырады – барлық нұсқалары қаралады, сосын – анасы, немересі.Əрі қарай осылай жалғаса береді. Өз нұсқанның суретін сал.

(Т) Əлия саяхатқа өзімен бірге ойыншықтарын алды. Оларды жинап құрауға көмектесіңдер.



Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.







Дөңгелектерді бүктеу арқылы тәжірибе жасайды.











(торт, пицца, бəліш).







Балаларға шаршы бөліктерінен тұратын геометриялық құрастырмалар таратылады. Бөліктер мен фигураларды атай отырып, топ бір ойыншықты құрастыруы тиіс.



Қорытынды бөлім


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.




Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: -фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен

денелер (шар, текше, цилиндр) біледі.

Түсінеді: -фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек;

Қабылдайды : -үлгі бойынша шеңбердің бөліктерінен өрнектер құрастырады.









































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 30.01.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Табиғат әлемі»

Апталық тақырып: «Ағаштар әлемі»

Бөлімі: 3. Адамгершілік әліппесі

Бөлімше: 3.6 .Еңбекқор боламыз

Оқу мақсаты: Балаларға «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсінік беру.

Білім беру саласы: Әлеумет

Оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану

Тақырып: Мен еңбекқор баламын

Мақсаты: Балаларға «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсінік беру.

Білімділік: - Еңбек ету дағдыларын дамыту.«Еңбек», «еңбек сүйгіштік» туралы түсінік беру.

Дамытушылық: –.«Еңбек» ұғымы туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік: - Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: еңбек-труд- work

Тіл дағдылары:

Технологиялық қамтамасыз ету: иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер,түрлі түсті қарындаштар, суреттер,

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балалармен бірге А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым - ай.



Өлең жолдарын қайталау.



Негізгі бөлім

Әңгімелесу

  • Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?

  • Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?


  • Әр бала кішкентай болса да, ата - аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек.

Киімдерді реттеп қою, ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т. б. жұмыстар, жағымды іс - әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осының бәрін орындайтын баланы еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адами жас кезінен еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сылайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді. Еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал.

Сергіту сәті

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыстар жасалады.

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау - менің оң қолым,

Мынау - менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.


Әңгімелеу

Педагог балаларға «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында М. Т Өрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» атты әңгімесін оқып беру.

Д/ойын. «Мен еңбекқор баламын».

Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты балаға лақтырады.

Мен ойыншықтарымды жинаймын.

Мен гүлдерге су құямын.

Мен киімдерді реттеймін.

Мен есіктің алдын сыпырамын

Мен ыдыстарды жуамын.

Мен үйді реттеймін.

Мен еден жуамын, т. б.


Дәптермен жұмыс

Балалар дәптерде берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырып, бояды.


Педагогтың сұрақтарына жауап береді.

















Сергіту жаттығуын орындайды.













Әңгіменің мазмұнын ұғынуға тырады.





Педагогтың сұрақтарына жауап береді.






Дәптердегі тапсырманы орындайды.



Қорытынды бөлім


Оқу іс- әрекеті атқарылған жұмыстың нəтижесін қорытады. Балаларды мақтайды, білуге деген құштарлықтарын ынталандырады. Тәрбиеші балалардың өз жұмысына баға беруін сұрайды

Бала өзінің жұмысын

таяқша арқылы бағалайды.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: «Еңбек» ұғымы туралы түсініктерін.

Түсінеді: Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін.

Қабылдайды : Еңбек ету керектігін біледі.





































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 31.01.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Табиғат әлемі

Апталық тақырып: Ағаштар әлемі

Бөлімі: 3.Қауіпсіздік ережелері

Бөлімше: 3.3 Табиғаттағы қауіпсіздік

Оқу мақсаты: 0.3.3.2. Жәндіктер және жануарлармен қарым-қатынастағы қауіпсіздік ережесін білу және қолдану.

Білім беру саласы: Әлеумет

Оқу іс-әрекеті: Қауіпсіз мінез –құлық негіздері

Тақырып: Қауіпсіздік мектебі. Қауіпті жануарлар

Мақсаты: Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі,олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.

Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.

Міндеттері:

Білімділік - Жануарлармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Дамытушылық - Зейінділігін дамыту.

Тәрбиелік- Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: жануар-животное- animal, ит – собака – dog

Тіл дағдылары: Қауіпсіздік талаптарын орындайды. Баспанасыз жануарлармен байланыс барысында тазалық ережелерін сақтау қажеттігін түсінеді.

Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, әліппе дәптері, түсті қарындаштар.

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



ұ) Жағымды көңіл күй орнату. көңіл күй орнату «Жабайы және үй жануарлары»

0-2 минут

Мысалы: сиыр, қоян, жылқы, қасқыр, мысық, түлкі, қой, қозы, шошқа, маймыл, қаз және т.б.

Балалар шеңбер бойына жиналады, педагог аттарын атап, суреттен түрлі жануарларды көрсетеді. Жабайы жануарды көрсетсе, балалар қолдарын алға созып отырады, үй жануарын айтса, қолдарын жоғары көтереді.



Негізгі бөлім

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Ойын барысында жабайы және үй жануарын ажырата алатындарыңды көрсеттіңдер. Екеуінің қандай айырмашылығы бар екен?


Қорытынды: Қоршаған ортада көптеген жануарлар өздеріне тамақ тауып жейді, жауларынан қорғанады, өздеріне баспана табады, өз ұрпақтарына қамқор болады, олар – жабайы жануарлар.

Үй жануарлары тек адамдардың қамқорлығымен өмір сүреді. Адамдар оларды тамақпен, баспанамен қамтамасыз етіп, қамқор болады.


ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Жабайы аңдар несімен қауіпті болуы мүмкін?

педагог ақпараты: Жануарлар әлемі әртүрлілігімен ерекшеленеді. Табиғатта үлкен, кіші жануарлар кездеседі. Бір жануарлар жүгіреді, біреулері жүзеді, кейбіреулері ұшады, жорғалайды. Бірақ жабайы жануарлардың барлығы адам үшін қауіпті.

– Жабайы жануарлардан қауіп төнбес үшін қандай ережелерді есте ұстау керек?

Қауіпсіздік ережелері:

• Жабайы жануарларға жақындама.

• Жабайы жануарларды ұстама.

• Орманда ашық аяқкиіммен жүрме.

• Жыланды көрсең, оған тиіспе.

• Жылан немесе басқа жабайы жануар тістеп алса, дереу дәрігерге жүгіну.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.



Әліппе-дәптер

Балалардың жауаптары.











Балалардың жауаптары.















Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, жағдайды талқылайды.








Қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға тырысады.



Педагогпен бірге ереже құрастырады:

– Баспанасыз жануарды көру аянышты, бірақ жақындау да қауіпті. Баспанасыз иттер мен мысықта адамға жұғатын аурулар болады. Сол себепті оларды алыстан ғана тамақтандыр, бірақ сипап, қолға алуға болмайды.

– Баспанасыз иттің әрекетін болжау қиын. Ол сенің сипағың келгенін өзіне шабуыл деп түсініп қалуы мүмкін.

Қауіпсіздік ережелері:

• Жабайы жануарларға жақындама.

• Жабайы жануарларды ұстама.

• Орманда ашық аяқкиіммен жүрме.

• Жыланды көрсең, оған тиіспе.

• Жылан немесе басқа жабайы жануар тістеп алса, дереу дәрігерге жүгіну.





Қорытынды

бөлім


(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік

баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

Егер сендер жануарлармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.

– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен? Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды

Балалар смайлдар арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: Жануарлармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі.

Түсінеді:. Қауіпсіздік талаптарын орындайды. Баспанасыз жануарлармен байланыс барысында тазалық ережелерін сақтау қажеттігін түсінеді.

Қабылдайды : Жануарлардың әрекеті туралы қарапайым түсінігін.




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!