СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепішілік "Мағжан оқулары" байқауының бағдарламасы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепішілік "Мағжан оқуларының" бағдарламасы. Жыл сайын республикалық Мағжан оқулары өтеді. Соған орай мектебмізде жылда махамбет оқулары өткізіліп тұрады.

Просмотр содержимого документа
«Мектепішілік "Мағжан оқулары" байқауының бағдарламасы»

Аудандық «Мағжан оқуларының» бағдарламасы


Байқаудың мақсаты:

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында жалынды ақын мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету.

Міндеттері:

-мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;

-жаңа буынның интелектуалдық пайым-парасатын арттыру;-дарынды оқушыларға қолдау жасау.

Жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін осы кішкене залда қазақ сахарасының өзендей алып,өзендей ұлы ғажайып таланттың иесі, жауһар жырымен танымал қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев туралы сыр шертпекпіз. Қай елдің болса да ерекше құрметтейтін асқақ ақындарй болады ғой. Мағжанның сөзі - халқымыздың,ұлтымыздың ұраны.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!- деп кейінгі толқын-жастардан көп үміт еткен Мағжан ақынға арналған аудандық Мағжан оқуларын бастаймыз. Шарамызды бастау үшін сөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Шынар Ескендірқызына беріледі.

(Сөз сөйленеді)

Жүргізуші: Аудандық «Мағжан оқулары» 3 кезеңнен тұрады.Сахна төріндегі экранға қарап,байқаудың кезеңдерімен таныс болайық.

  1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы.

  2. «Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс. (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары)

  3. «Ақын да бір бала ғой Айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы. (Сайыскер өз шығармасын орындайды). Қосымша берілген тақырыпқа санаулы уақыттың ішінде өлең шығарады.

Сайыскерлердің Мағжан шығармаларын қаншалықты сезіне алатындығын талқыға салатын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

1.

2.

3.

Жүргізуші: Бүгінгі «Мағжан оқулары» байқауында

«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бөлімі бойынша ____ талапкеріміз;

«Толқынмен толқын сырласып...» бөлімі бойынша ____ талапкеріміз

«Ақын да бір бала ғой Айға ұмтылған» бөлімі бойынша ____ талапкеріміз бағын сынамақ. Талапкерлерге сәттілік тілейміз.

Байқауға қатынасушы сайыскерлерді қазылар алқасына қарай жақындап, жеребе суыруларын сұраймыз.

(Жеребе суырады)

Жүргізуші: Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,

Түріктен басқа от боп жан туып па!

Көп түрік енші алысып тарасқанда,

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? – деп, әдебиетімізде түрік тақырыбын тұңғыш көтерген Мағжан Жұмабаевтың әлем әдебиетіндегі алар маңызы зор. Артына осыншама мол мұра қалдырған ақынымызға қандай құрмет те лайық!

Байқауды «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Мағжан шығармаларын жатқа оқушы сайыскерлерден бастаймыз.

Сайысымыздың беташарын «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша ______________________________________________________________ ашады.

(1-сайыскер Мағжан өлеңдерін жатқа оқиды)

Жас қырандар – балапан,Жайып қанат, ұмтылған.

Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер, Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер- мен жастарға сенемін!-деп мағжанша толғай отырып, ортаға І номинация бойынша өнер көрсететін ___________________________________________________________________шақырамыз.

(Осылай кезек-кезек шығып, сайыскерлер жаттаған өлеңдерін оқиды).


Жүргізуші: Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде

Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер,- кіндік қаны тамған туған жерін жырға қосқан Мағжан ақынға арналған бүгінгі байқаудың келесі бөлімі - «Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс. (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары). Ортаға 1-сайыскерімізді шақырамыз.

«Сайыскерлер кезек-кезек шығып, жоба жұмыстарын қорғайды)

Жүргізуші: Тау суындай гүрілдер, айбынды алаш елім дер,

Алтын Арқа жерім дер, Мен жастарға сенемін!

Мағжанды танып білу,оның шығармаларымен сусындап өскен өрендер өмір атты асау ағысты дұрыс бағытта сүре алатыны шындық.. Ал біздің жас өрендер Мағжанды оқып қана қоймай,ұлы тұлғаға өз шығармаларын арнап та үлгерген. Осындай жас таланттар Байқаудың келесі номинациясы -«Ақын да бір бала ғой Айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсында сынға түсіп, өз шығармаларын орындайды.

(Кезек-кезек шығармаларын орындайды)

Жүргізуші: Мағжанның шығармашылығын шәкірт санасына құйып жатқан қадірлі де сүйікті ұстаздарымыз, өнер сүйер жас ұрпақ! Мағжан Жұмабаев шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Елінің жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылім-былым үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді.

Мағжан мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын асыл мұра. Кеудесіндегі жүрегі «Мен қазақпын» деп соғатын еліміздің әр азаматы Мағжан шығармаларын оқып,біліп, сезінуге міндетті.

Аудандық «Мағжан оқулары» байқауы мәресіне жетті. Сөз қазылар алқасына беріледі.





Дайындаған: Баделова Шолпан