“ Мендіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жангелді орта мектебі” ММ Шағын орталық “Ақбота” тобы
Тәрбиеші:Ергазина Айдана Жумагалиевна
Менің ұстанымым: Егер мұғалім өн бойына,өз ісіне шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ол нағыз ұстаз. (Ы.Жақаев)
Педагогикалық негізгі қағидаларым:
1.Тәрбиешінің білім қорының толық, нақты болуы және өз білімін үнемі толықтырып отыруы;
2.Өз іс- әрекетінің нәтижесі мен оқу-тәрбие процесін зертеп, анықтау;
3.Тәрбиеленушінің өз интузиазымын қызықтыра білу қабілетін ояту;
4. Оқытуда, тәрбиелеуде зияткерлік іс-әрекетін ұйымдастыру;
5. Балаға деген сүйіспеншілік, олардың ата-анасына деген жағымды көзқарас.
Тәрбиеші болсаң аянба, бүлдіршініңді аяла. Ұстазбын - тәрбиешімін - жетекшімін - бала жанын түсінуші - жаңа технологиялық ақпаратты енгізуші, ізденушімін .
Жобалық жоспар тақырыбым:
« Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру »
Мақсаты:
Балабақшада ұлттық ойындардың әр түрлі ойын элементтері арқылы бүлдіршіндердің ой-өрісін, шығармашылық және интелектуалдық қабілетін ұштау, білімдерін дамыту.
« Бұлақты көрсең, көзін аш»
Халық даналығы
Ж О С П А Р
Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын
іс- әрекет.
Балалабақшадағы балалардың жас ерекшелігіне сай ұлттық ойындарды ойнату.
Ұлттық ойындар арқылы ұлт мәдениетіне тәрбиелеу.
Қорытынды.
Ұсыныс - пікірлер
“ Балалықтың қанына ойын азық”
С.Торайғыров
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс –әрекеті.
Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Баланың өмірін қозғалыссыз елестете алмайсың. Сондықтан ұлттық ойындар балалардың қозғалу белсенділігінің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай жасайды, сондықтан, ойын – баланың өмірінің нәрі деп білеміз.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Халық арасында « Денсаулық – зор байлық » деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінде бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, таза ауада жүру жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі - Халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да мектепке дейінгі тәрбиеленушілерінің рухани өрісі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі
Ұлттық ойындар – ата-бабамыздың бізге жеткен, өткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны күнделікті оқу –тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы зор екендігі сөзсіз.
Фольклор танушы ғалым Ә. Диваев «қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамдардың жас ерекшеліктерін үш топқа бөледі және соның негізінде ұлттық ойындарды жас ерекшеліктеріне сай бөліп қарастырады
Ұлттық
ойындар
Туғаннан-3жас дейінгі балалар
4-5жас аралығындағы жастар
3 -4жас аралығындағы балалар
“ Қыз қуу”, “Теңге ілу”, “Орамал тастамақ”, “. т.б ойындар.
“ Қуырмаш”, “Ұшты-ұшты”,“Сақина салу”, “Бақа-бақа балпақ”.
“ Тақия тастамақ”, “Арқан тартыс”, “Асық ойыны”, “Соқыр теке”, , “Ақ серек-көк серек”,
Сақина жасыру
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізелерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақаның жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен “Сақина кімде” - сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.
Арқан тарту
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алып,кессе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса , құламаған бала жеңіске жетеді.
Бала өмірінің нәрі,яғни рухани және табиғи жетілуінің , өсуінің алғы шарты
Көңілді боп жақсы дем алады,денесі қимылдап,бойы сергиді.
Білім-білік дағдысын қалыптас-тыратын тәрбие құралы
Ақыл-ойын дамытатын,ойдан -ойға жетелейтін, қиял мен қанат бітіреді
Ұлттық
ойын
Соқыр теке
Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау,қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыр теке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыр теке баланың көзі байлаулы , балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке » рөлін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.
Теңге ілу
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден терендігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйынғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де , тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Тапқырлық
Ұжымшылдық
Ұйымдастыру-
шылық
Белсенділік
Шапшаңдық
Адамгершілік
Шыдамдылық
Ұлттық ойын
Ақсерек-көксерек
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам. 1- ші топ. Ойынды бастайды Ақсрек-ау ақ серек Бізден сізге кім керек. 2-ші Ақсерек –ау ақ серек Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
8
Орамал тастамақ
Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.
Ұлттық ойын түрлері
- Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас,сиқырлы таяқ, бақай пісті жылмаң
- Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар:соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ
3) Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, тоқтымақ,шертпек, жасырынбақ
4) Мүлікті бұйымдарды қолдана ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, тақия телпек, түйілген орамал, орамал тастау, белбеу тастау
Асық ойыны
Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту.
Күш сынаспақ
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Қыз-қуу
Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.
Шығармашы-лық ойлау қабілетін дамыту
Балаларда шапшандыққа,
Тіл байлығын дамыту
Ұлттық ойын арқылы
Менің жетістіктерім
Біздің жетістіктеріміз балалармен
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мына пікірін еске ала кетейік : «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған».
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үдерісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Қорытынды
Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы Қазіргі таңда біздің « Ер Төстік » шағын орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей, балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға орай жаңа технологиямен жұмыс істеп жатқандықтан, сабақтар ойын арқылы өтеді.
Әр бала зерттелмеген құпия, әр бала – болашақ данышпан дегендей болашақта бүлдіршіндеріміздің данышпан болуы үшін бойына ұлттық сананы, дәстүрді ойын арқылы сіңіртіп, тәрбиелеуім керек деген мақсатты алдыма қойып, мынадай ұсыныс-пікірімді білдіргім келеді: Қазіргі технологияның қарқынды дамыған заманында балабақша сабақтары яғни, тіл дамыту, көркем әдебиет,математика,дене шынықтыру оқу іс – әрекеттерінде ұлттық ойындардың элементтерін қосып сабақтар өткізу және Мектепке дейінгі ұйымдардың жылдық жоспарларына ұлттық ойындарды енгізу.
Назарларыңызға
рахмет !